Мұғалім беделі неге байланысты?
Қазақстандық педагогтер мұғалімнің беделі ең алдымен оның өзіне байланысты деп есептейді. Ұстаздардың пайымдауынша, мұғалімнің беделі оның кәсіби тұрғыдағы біліктілік қасиеттерімен және кәсібіне деген адалдығымен өлшенеді. Осы ретте назарларыңызға педагогтердің «Мұғалімнің беделі неге байланысты?» деген сауалға берген жауаптарын ұсынамыз.
