ӘСКЕРДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫ – ДӘРІГЕРДЕ

Әдеттегі дәрігер мен әскери дәрігердің бейбіт күндегі қызметі бір сарындас. Алайда, әскери медицина қызметкері – алдымен құрыш білекті, сом жүректі жауынгер. Яғни, кез келген ұрыс жағдайында жауынгерлік қызметтің жоғары шеберлігін танытуы тиіс.
