Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Алматы қаласы,  «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна

Сабақ тақырыбы:  Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Сабақ мақсаты:  білімділік:
құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету.
дамытушылық: ынта қойып тыңдау, жазу талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.
тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, еңбекті сүюге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу, тест жұмысы
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау

3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау

4. Сабаққа дайындықты тексеру

5. Лицеистер назарын ұйымдастыру

6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  6-тапсырма, өлеңді жаттау.

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу. 

    Слайд.

 

Сложным называется предложение, состоящее из двух или нескольких простых предложений, объединенных по смыслу и составляющих единое целое.

Сложносочиненные предложения образуются при помощи следующих союзов:

 

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – жай сөйлемдердегі бір-біріне мезгілдес, болған уақиғаны, істі білдіреді.

Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те (и, к, тому же).

 

Мысалы: Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный)

Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилась, и народ стал расходиться).

 

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Оқулықтың 29 бетіндегі 5 –тапсырмада берілген сөйлемдердің ішінен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.

 

 

Семантикалық карта

 

Мағыналық қарым-қатынасына

қарай түрлері

 

 

 

 

Мысалдар

Ыңғайлас салалас

Себеп-салдар салалас

Қарсылықты салалас

Түсіндірмелі салалас

Талғаулы салалас

Кезектес салалас

1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы жарияланды, халқы қызу қолдады.  

+

         
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.       +    
Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс… (А. Мак)    

+

       
Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.      

+

 

     
Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жфылы көңілді суытады.          

+

 
Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.            

+

 

 

Тест сұрақтары. Берілген сөйлемдер

1. Көктем келді, дегенмен күн жылына қоймады.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

2. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

3. 1993 жылы 18-қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды, алайда ол кейін бірнеше рет толықтырылды.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

4. Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан амалсыз қонуға тура келді.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

5. Әйелдің жалғыз жетістігі бар: – ол дақ түспеген ары. (Ж. Баласағұн).

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

7.  Жүргенше қара бет боп өлген артық;

Не өлтір, не кеш тағы қолымды шеш. (Шәкәрім)

 

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

8.  Ол біресе жылайды, біресе түк болмағандай күледі.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

9. Балалар ертеңгі тамақтарын ішіп болды да, далаға қарай жүгірді.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

10. Ананың сөйлеуге шамасы келмеді, өйткені қатты қорыққан болатын.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

 11. Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз тастатқалы жүр едік.

А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;

В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;

С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.

 

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Ыңғайлас салалас сөйлемге қатысты

5 сөйлем жазу.

 

V. Қорытындылау. 

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – жай сөйлемдердегі бір-біріне мезгілдес, болған уақиғаны, істі білдіреді.

Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те (и, к, тому же).

 

VI. Бағалау.  Өзін-өзі бағалау.

 

Оқытушы                        Тулегенова С.Б.

Әдіскер                           Серікбаева К.А.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше