Сақтардың мәдениеті мен өнері

Сабақ барысы:

                                                І Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Кезекші мәліметі

Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

 

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

    1.Сақ тайпаларының тәуелсіздігіне қауіп төндіргендер кімдер еді?

2. Парсы патшасы Кирдің шапқыншылығы жайында не білесің?

3. І Дарийдің шапқыншылығы жайында әңгімеле

4.Александр Македонский жорығы қалай аяқталды?

 

                                    ІІІ Оқушылар  білімін жан-жақты тексеру

 

1.Сақтар қандай топтарға бөлінді,оларды ата?

2.Сақтардың тұрмысы жайлы әңгімеле

3.Гректер сақтардың қандай қасиеттерін жоғары бағалаған?

4.Сақтарда егіншіліктің дамығаны туралы деректер қазақстанның қай өңірлерінен табылды?

 

ІҮ Жаңа сабақты меңгерту:

Сақ ескерткіштерінің бір бөлігі сақ көсемдерінің бейіттері. Олар:Талас,Шу,Іле өзендерінің жағаларында,Қ ырғыз , Іле және Жоңғар Алатауының баурайында, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында кездеседі.

Арал өңірінде Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды, т. б.  ескерткіштер табылған.   Шірік -Рабат қаласы  апасиактардың астанасы болған.

 

Бәбіш-Молда  қаласы да Арал өңірінде.Көлемі жағынан Шірік-Рабатқаласынан сәл кішірек.

Жетісудағы сақ қорғандарының ішіндегі ең көрнекілілерінің бірі – Есік қорымдары. Олар Алматының күншығыс жағында 50 километрдей жерде,Іле Алатауының баурайындағы жазықта орналасқан.Бұл жерде 40-тан астам оба бар.Бұл қорған 1969 -1970 жылдары қазылған.„Алтын киімді адам„ табылды.

 

 

Б.з. б. ҮІ ғасырдан бастап Сібір, Қазақстан,Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі ұшы-қиырсыз далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздағы қиал ғажайып бейнелерін суреттеу еді.

Отырықшы сақтар Жерді киелі деп білді.Олардың түсінуінше, Жер -Ана киелі күш иесі болып есептелді.Көшпелі сақтар күнге, отқа, соғыс құдайына табынды.Өлген адамның әруағына сиынды , ол қайта тіріледі деп есептеді.

Сақтар үш әлем-жер асты әлемі, орта жер әлемі, көк аспан әлемі бар деп есептеді.

Сөздікпен жұмыстар

 Апасиактар-су жағасын мекендеген сақтар.

 

Ү Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

1.Шірік- Рабат  қаласының орны қазіргі Қызылорда қаласынан оңтүстік батысқа қарай неше шақырым жерде?

…………………………………………………………………………………………………………………………………………

2.Қала орналасқан жазық төбенің ұзындығы мен  ені  қанша?

…………………………………………………………………………………………………………………………………………

3.Қанша гектар жерді алып жатыр?

…………………………………………………………………………………………………………………………………………4.Дуалдың сыртын айналдыра қазылған ордың тереңдігі мен ені қандай?

 

………………………………………………………………………………………………………………………………………..

 

 

ҮІ Жаңа сабақты бекіту:

1. «Алтын адам»   қай жерден табылды?

2.Есік қорғаны  Қай жылдары қазылған?

3.Сақ жауынгері неше жаста?

4.Қай қаланың орталық алаңында  сақ адамы бейнеленген ескерткіш бар?

ҮІІ Үйге тапсырма:

Сақтардың мәдениеті мен өнері

«Есік қорғанына саяхат» деген тақырыпта әңгіме құрастыру

 

ҮІІ Оқушы еңбегін бағалау:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше