Насириддинова Дилбар Махмудуллаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

№45«1 Май» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Насириддинова Дилбар Махмудуллаевна

Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бала өсіп өне келе, тәлім-тәрбие алуға мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнайды.

Биылғы жылдың 25-30-қаңтар аралығында «1 Май» мектебінде «Отбасы тәрбиесі – тұрақты қоғам дамуының факторы» атты ата-аналар апталығы аясында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Апта бойына ата-аналарға ашық есік күндері жарияланды. Бұл күндері әр сыныпқа оқушылардың аналары қатысып, балаларының оқу қабілетімен танысып, пән мұғалімдерімен пікір алмасты.

Әрбір отбасындағы басты құндылық – бала тәрбиесі. Сол бала тәрбиесінің ішіндегі ең маңыздысы да, жауаптысы да – қыз бала тәрбиесі. Өйткені бүгінгі қыз – ұлтымыздың ертеңгі болашағы. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, біздің де өрелі міндет биігінен көрінеріміз анық.

29 қаңтар күні «Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі» атты сынып ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, ата-аналарға «Қыз бала тәрбиесі» және «Мектептегі білімнің берілуі» жөнінде саулнама үлестірілді. Мақсаты – ата-аналардың мектеп біліміне деген көзқарасы өз балаларына деген сенімі және пән мұғалімдерімен байланысының қандай деңгейде екенін байқау. Сауалнамалар 10 сұрақтан тұрды. Барлық сұрақтарға ата-аналар ашық, өз ойларын бүкпесіз көрсетіп, жауап берген. Сауалнама қорытындысында ата-ананың 80%-ы оқушылардың сапалы білім алуы ата-ананың баланың сабағын үнемі қадағалауына байланысты екенін, баласының жақсы оқитынына сенім білдіре алатынын, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы жұмсақ, жайлы, достық қатынаста болса деп көрсеткен. Сынып жетекшімен баласы туралы жиі пікір алмасып отыратындықтарын, мектептегі білімге көңілдері толатындығын, сонымен қатар, ата-ана мектеппен тығыз байланыста болу керек екенін айқындап берді.

Ұйымдастырылған апталық оң нәтиже беріп, тақырып аясында оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер өзара тығыз байланыста болып, көкейде мазалаған сұрақтарына жауап алып, сұхбаттасып, пікірлескен болатын.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше