Жаңа сабақтар

Адам еңбегінің нәтижесі

Жамбыл облысы, Тараз қаласы № 2 «Айсұлу» бөбекжай

-бақшасының тәрбиешісі Кейкиева Зулпия Жұмабековна

Білім беру саласы; Таным Әлеуметтік орта Қатынас

Бөлімі; Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Адам еңбегінің нәтижесі.

Мақсаты; Балаларға киім, аяқкиім, жиһаздар, техникалар, ойыншықтардың барлығы адам еңбегінің нәтижесінде келетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Ересектердің еңбегін ойын әрекетінде қолдануға үйрету.Түрлі материалдармен ,олардың қасиетімен және сапасымен таныстыруды жалғастыра отырып, сұрақтарға ойланып жауап беру дағдыларын дамыту. Адам еңбегін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Продолжить чтение «Адам еңбегінің нәтижесі»

Жаңа сабақтар

Сапарова Ажар Алпысбайқызы

Жамбыл облысы.Тараз қаласы.№ 48 Т.Рыскулов атындағы орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі: Сапарова Ажар Алпысбайқызы

Пән: Әдебиеттік оқу

5- тарау: Өнер

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Өнер алды – қызыл тіл
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 – өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық

ерекшеліктерін анықтау;

3.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді

вербальды емес тілдік құралдарды қолдану. Продолжить чтение «Сапарова Ажар Алпысбайқызы»

Жаңалықтар

Атырау облысындағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізілді

«Халық» қайырымдылық қоры дәрі-дәрмек және азық-түлік өнімдерінің 1000 жиынтығын ұйымдастырып, Атырау өңіріне жеткізді.

Атырау облысының мұқтаж және көп балалы отбасыларына, сондай-ақ медициналық ұйымдарға материалдық көмек көрсету туралы шешімді «Халық» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева қабылдады.

Нәтижесінде отбасыларға дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері, жуғыш және антисептикалық құралдар салынған 1000 жиынтық таратылды, ал Атырау облысының медициналық ұйымдарына 1000 пульсоксиметр, 100 оттегі концентраторы және COVID-19 індетіне қарсы қолданылатын медициналық препараттар жеткізілді. Бұдан бөлек, жуық арада облыстың медициналық мекемелеріне аса қажет өкпені жасанды жолмен тыныстататын 30 аппарат әкелінеді.

Эпидемиологиялық күрделі ситуацияға байланысты қиын материалдық жағдайда қалған және дәрі-дәрмекке мұқтаж отбасылардың тізімі Атырау облысының әкімдігі тарапынан берілді.

Елде төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап «Халық» қайырымдылық қоры коронавирустық инфекцияның салдарымен күресуге және жоюға бағытталған үлкен жұмыс атқарды.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға 20000-нан астам азық-түлік жиынтығы, медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер, қажетті медициналық құрал-жабдықтар: өкпені жасанды жолмен тыныстату аппараттары, ПТР зертханасы және жедел жәрдем машинасы түрінде жалпы сомасы 5,5 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.

«Халық» қоры осы күндері COVID-19 індетімен күресте мемлекет, бизнес, қайырымды жандар және бүкіл Қазақстан халқының бірлесіп күш жұмсауы қауіпті инфекцияны толығымен еңсерумен аяқталатынына үміт білдіреді.

Жаңалықтар

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының басталғанын хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі.

Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ҚАНША ГРАНТ БӨЛДІ

Еліміз бойынша маусым айында ҰБТ тапсырған және шекті балл жинаған талапкерлерден мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданып жатыр. Биыл мемлекеттік білім грантына үміткерлердің саны 80 мыңнан асады, оның ішінде 61 039 талапкер құжаттарын eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тапсырған. Грантқа құжаттарды жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы да тапсыруға болады. Мамандар бейне байланыс арқылы талапкерлерге кеңес беріп, қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі. Жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы 9 472 талапкер құжат тапсырған. Құжаттарды осындай тәсілмен тапсыру электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) жоқ азаматтар үшін ыңғайлы. Құжаттарды 30 шілдеге дейін тапсыруға болады.

Продолжить чтение «МЕМЛЕКЕТ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ҚАНША ГРАНТ БӨЛДІ»
NIS

Учусь учить дистанционно

По поручению Министерства образования и науки Республики Казахстан 27 июля 2020 года Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» запускает массовый открытый онлайн-курс для педагогов страны «Учусь учить дистанционно» на казахском и русском языках.

Продолжить чтение «Учусь учить дистанционно»
NIS

Қашықтан оқытуды үйренемін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2020 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы педагогтеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты бұқаралық ашық онлайн-курсын бастайды.

Продолжить чтение «Қашықтан оқытуды үйренемін»
Жаңа сабақтар

ЖАНУЗАКОВА АЛТЫНГУЛ ЖАНУЗАКОВНА

Пәні Математика
Мектеп Атырау қаласы.Б.Момышұлы №25 орта мектебі.КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Мұғалім ЖАНУЗАКОВА АЛТЫНГУЛ ЖАНУЗАКОВНА
Күні
Сынып 1
Сабақ тақырыбы 20 – ға дейінгі сандарды қосу
Оқу мақсаты 1.5.2.4. Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
Сабақ мақсаттары Барлығы: Қосу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Көпшілік оқушы: Қосу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданып, 20 – ға дейінгі сандарды қоса алады.

Кейбір оқушы: Қосу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданып, 20 – ға дейінгі сандарды қосып, 20 – ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосады

Бағалау критерийлері Қосу амалдарының компоненттерін біліп, 20 – ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосa алады
Тілдік мақсаттар Қосудың компоненттері
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек
Бастапқы білім Қосу, азайту, салыстыру
Дағды Сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті
АКТ қолдану дағдылары Арнайы әкелінген презентация


Зайтуна Есмаганбетова

Жаңа сабақтар

КАЙЫРҒАЛИ АЙЖАН ЗИНЕТОЛЛАЕВНА

Сабақ: Мектеп: Атырау каласы.ЖББ .Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі
Күні: Мұғалімнің аты: КАЙЫРҒАЛИ АЙЖАН ЗИНЕТОЛЛАЕВНА
Сынып: 1 Пәні: жаратылыстану
Ортақ тақырып:

Мен және менің отбасым

Бөлім: Сабақтың тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Сабақ мақсаты Барлық оқушы: Дұрыс тамақтану ережесін айту

Көптеген оқушы: Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Кейбір оқушы: Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Бағалау критерийлері Адамның өсіп-дамуына қажетті жағдайларды атайды

Қоршаған ортаны зерттеудің маңыздылығын түсіндіреді

Қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі;

Тілдік мақсат -адамның өмірінің кезеңдерін сипаттайды

-адамның тіршілігі үшін қажет жағдайларды атай алады

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: саумал, гамбургер, фри, пайдалы тағам, тамақтану пирамидасы, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша
Талқылауға арналған сұрақтар:

Балалар сендер қандай тағам түрлерін сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына тағам дайындауда көмектеседі? Не үшін тамақтанамыз? Ал балалар қандай тағам түрлерін көріп тұрсыңдар? Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білесіңдер?Балалардың дені сау болып өсуі үшін қандай тағамдар қажет? Балалардың дені сау болып үшін қандай тағамдар қажет?

Не себепті……деп ойлайсыз?

Не себепті дұрыс тамақтан у керек?

Дұрыс тамақтану қаншалықты біздің ағзамызға пайдалы?

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша
Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық, зерттеу, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік.
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек (тамақ түрлерінің суретін салу)

Математика (есеп және сан) анықтайды

АКТ I.mektep.kz Тамақтану ережесін көрсету, слайд, бейнежазба
Бастапқы оқу: Оқушылар тамақ түрлерін атай біледі
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) ресурстар
Басы Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

«Ыстық жүрек» әдісі

Оқушылар бір-біріне жүрекшені ұсына отырып жылы лебіздерін айтады.

«Сиқырлы сандық» ішінен гүл күлтешелерін алуды ұсынамын. Гүл күлтешелерінде жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді

1 топ- «Таңғы ас»

2 топ – «Түскі ас»

3 топ – «Кешкі ас»

«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Суретпен жұмыс

Құпия зат

Суреттерді конвертке салып алдыларына тастаймын.Олардан оның не екенін сұрап,топтарға біріктірулерін сұраймын..

Алма, алмұрт, газдалған сусын, сәбіз, жұмыртқа, кәмпит,картоп, балық, йогурт пен балмұздақ, шоколад батончигі,сағыз .

Біріктіру арқылы қандай топтар шыққанын сұраймын.

Пайдалы және зиянды деген топ шықты.

-Ендеше,бүгін сабағымызда осы тағам түрлерінің зиянды және пайдасы туралы танып білеміз.

Ортасы «Кластер» әдісі Тұжырымды ойларымен бөлісіп, топтық жұмыс қорғайды (постер)

1-тапсырма

Пайдалы тағамдардың тұсына «таңбасын, зиянды тағамдардың тұсына «» таңбасын қой.

Кейбір оқушы: Адамның өсуі үшін тамақтанудың пайдасы туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы

— адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді;

— адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды;

— адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді.

Кері байланыс

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

2-тапсырма «Дастарқан» Ұ.ж

-Балалар сендер қандай тағам түрлерін сүйіп жейсіңдер? —Кім аналарына тағам дайындауда көмектеседі?

— Не үшін тамақтанамыз?

Әрдайым уақытында дұрыс тамақтану керек. Артық тамақ жеу – денсаулыққа зиян. Адамдар күніне үш рет тамақтанады. Олар «таңғы ас», «түскі ас», «кешкі ас» деп аталады.

-Қане, балалар суреттегі тағам түрлеріне назар аударып қарайықшы.

-Ал балалар қандай тағам түрлерін көріп тұрсыңдар? «Тамақтану ережесі»

— Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білесіңдер?

-Негізгі тағам түрлерін атату.

Дескриптор:

-Тағам түрлерін ажыратады;

-Қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі;

-Пайдалы тағамдарды бояйды;

Кері байланыс

Бағалау «От шашу» әдісі

Ширату жаттығулары «Бұзық телефон» ойыны

Оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандыру. Сергиді

3-тапсырма «Аспазшы» ойыны Т.ж

Қалай дұрыс тамақтану қажет?

І топ«Таңғы ас»

«Күніне неше рет тамақтану керек?» Тамақтың мөлшерін жаз

ІІ топ «Түскі ас»

Қай кезде тамақтанған дұрыс? Өз ойларыңды жаз

ІІІ топ «Кешкі ас»

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Дескриптор:

-Күніне неше рет тамақтану керегін түсінеді;

-Тамақтану уақытын біледі;

-Тамақтану тәртібін біледі;

Кері байланыс

Бағалау «Күлегештер» әдісі

4- тапсырма Шеңбердегі азық – түлік Т.ж

Шеңбер ішіндегі азық – түліктерді ата. Оларды неге көп мөлшерде жеуге болмайды? Неліктен?

І топ «Таңғы ас» — газдалған тәтті сусын

ІІ топ «Түскі ас» — фри

ІІІ топ «Кешкі ас» — жылдам әзірленетін тағамдар

Дескриптор:

-Шеңбердегі тағам түрлерін ажыратады;

-Олардың зиян екенін түсінеді;

-Жылдам әзірленетін тағам түрлерін біледі;

Кері байланыс

Бағалау «Бағдаршам» әдісі

Аңдатпа «Сен білесің бе?» қосымша мәлімет Ұ.ж

Кейбір оқушылар

Саумал дегеніміз не?

Саумал – биенің жаңа сауылған сүті. Оның көптеген пайдалы қасиеттері бар.

Қымыздың пайдалы қасиеттерін ата

Асқазан, ішек жолдарына пайдасы өте зор.

Дескриптор:

-Саумал туралы біледі;

-Қымыздың пайдалы қасиеттері туралы айтады

Ым ишара арқылы бағалау

i.mektep.kz сайтынан «Тамақтану ережесін» көрсету
Соңы 5– тапсырма «Зерттейік» (Ж. ж)

Толтырылмаған тамақтану пирамидасы бар парақшалар таратылады. Өздерінің тамақтану пирамидасын жасайды.

Таратпалы суреттер арқылы

Дескриптор:

-Жиі тұтынатын тағам түрлеріндегі суреттерді жапсырады;

-Пирамида арқылы дұрыс тамақтану ережесін түсінеді;

Кері байланыс

Бағалау «Қошемет көрсету» әдісі

«Аспан әлемі»

Қосымша мәліметтер

Жаңа сабақтар

БИЖАНОВА ЖАНАРГҮЛ САЙНҚЫЗЫ

Атырау каласы. ЖББ №32 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі: БИЖАНОВА ЖАНАРГҮЛ САЙНҚЫЗЫ

Сыныбы: 3 Пәні: қазақ тілі тіл Тақырыбы: «Эдыбысы». Мақсаты:1)Оқушыларға э дыбысы туралы түсінік беріп, оның жазуда қолданылуы, және ережесімен таныстыру;

2)Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін дамыту;

3) Сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгерту

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу,

Көрнекілігі: тақта, бор, оқулық, тақырыпқа байланысты суреттер Продолжить чтение «БИЖАНОВА ЖАНАРГҮЛ САЙНҚЫЗЫ»