ЧЕРНЯКОВА МАРИНА ВИТАЛЬЕВНА
АТЫГАЕВА МАККИ ЖАКСЫБАЕВНА
ХАДЖИМУРАТОВА БАҚЫТКУЛ
МАХАНОВА РАУАН ДҮИСЕНОВНА
СҮЙЕУОВА ЖАНАТ БИСЕМБАЕВНА
Сатбергенова Шынар Нұрмағамбетқызы
Атырау қалалық №24 орта мектебінің музыка жетекшісі
Сатбергенова Шынар Нұрмағамбетқызы
Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем-Қазақстан»
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен,бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
Оқушылар бойында отансүйгіштік,бірлік,достық адамгершілік. тәрбиені қалыптастыру Продолжить чтение «Сатбергенова Шынар Нұрмағамбетқызы»
PDF Журнал
Абуова Данагул Амантаевна
Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны
Абуова Данагул Амантаевна Атырау қаласы N31 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Өмір – бұл ағын су секілді, бір орында тұрмайды, яғни жылдар жылжып, уақыт өтеді. Уақыт өткен сайын қай салада болмасын дүниенің бір жаңалығы орын алып жатады. Сол жаңалықты тосырқамай, жақсы — жаманын саралап қабылдай білу керек. Өмірді ағын суға теңесек, білімді — теңіз, мектепті – кеме деп қарастырамыз, ал мұғалім – сол кеме капитаны деуге болады. Кеменің тереңге батпай, дұрыс бағдармен жүруі мұғалімге байланысты.
Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін, елдің айбынды болашағы үшін заман талабына сай сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылыми – техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Продолжить чтение «Абуова Данагул Амантаевна «
Умбеталиева Бибинур Срымовна
Умбеталиева Бибинур Срымовна Атырау қаласы N31 мектеп -гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан
ойлау технологиясын тиімді қолдану
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Қай заман болмасын адамзат алдында тұрған міндет- ұрпаққа саналы білім беру. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін заман ағымына орай оқу үрдісіне жаңа технологиялар қажетті. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеу үлкен кедергіге әкеледі. Сондай қолданыстағы жаңа технологиялардың бірі-сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Жалпы сыни ойлау деген не?Сыни ойлау сұрақ қою мен шешімін талап ететін проблемалардан тұрады. Мазмұнды сұрақ қою арқылы,мәселені шешуде өзі жолын іздеп тауып,шешімді,саналы дәлелдер айтады. -мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
-жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
-ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелеуге.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу.
3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
- Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
-
Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
-
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болап табылатын ең басты педагогикалық түсінік. Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Тек қабілетті кеңінен өрістетуге ықпал етуші орта оқушы үшін мектеп қана болып табылады. Сондықтан оқушылардың сыни тұрғыда ойлау мақсатында «қалай? қашан? қандай?»деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жүргізу жақсы нәтиже береді. Яғни оқушыларға тапсырманы қалай берем? Қашан берем? қандай тапсырма берем деген сұрақтар басты назарда болу керек деп ойлаймын. Сыни ойлау сабағының құрылымы үш кезеңді қамтиды.
Қызығушылықты ояту
Жаңа ақпаратқа қызығушылығын ояту,танымдық процеске жұмылдырады,актуалдау.Бұл бөлім –білімнің іргетасы.
Екінші кезең -мағынаны тану оқу процесін мазмұнды түсінудің негізгі кезеңі.Осы кезеңде мұғалім шеберлігінің шыңы десек қателеспеспіз деймін .Себебі мұғалім тиімді стратегиялар арқылы оқушы қабылдауын дамытады. Салыстырмалы кестелер,екі жақты күнделік әдісі,инсерт әдістері қолданылады. Ой толғау кезеңінде оқушы пікірлері маңызды болады. Оқушының сыни ойлауын дамыту мүмкіндік бар.Жаңа білімге өзінде бар білім негізінде өтіледі.
Оқушы шығармашылығын арттыруда әр кезеңге орай әдіс-тәсілдер таңдау, қолдану бір жүйеде дамытуға жетелейді.
- Сын тұрғысынан ойлау —ашық қоғам негізі.Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелерді қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.
Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
СТО жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. «Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.Бұл технологияның негізінде оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» арнайы пәндерді оқытуда қолданып жүрмін. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолдану» тақырыбын өзекті тақырып ретінде алдым. Осы технологиямен жұмыс жүргізу үшін белгілі міндеттер қойдым. Олар:
- Технологияны оқып меңгеру;
Тәжірибеде қолдану;
Нәтижесін анықтау.
1-ші сатыда 2012-2013 оқу жылында технологиямен таныстым, баяндама әзірленді ;
2-ші сатыда 2013- 2014 оқу жылында сабақтарымда қолдандым, пәндік отырысқа әдістемелік әзірлеме дайындалды ;
3-ші сатыда 2014 -2015 оқу жылына әдебиеттік оқу пәнінен «Шешендік сөз», «Достық» тақырыбында ашық сабақтар жоспарлап өткіздім.
2015-2016 жылы Өзін-өзі тану пәнінен «Сөз іспен көрікті» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:
- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;
Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;
Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.
Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы – оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт белгілеуі, сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет.
—
Зайтуна Есмаганбетова
Отправлено из Почты Mail.ru
Ідірісова Майра Мұхтауқызы
Ідірісова Майра Мұхтауқызы Атырау қаласы N31 мектеп -гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Заман көші – болашақ бағдары
Мектеп қабырғасын қайыспайтындай етіп тұрғызуға алғаш себеп болған ғұлама ұстаз Ыбырай Алтынсариннің білімінің түбірі сақталғанымен, ғылыми тұрғыда педагогикалық әдістер өркендеуде. Ғылыми жұмыс – білімді жетілдіру, дәлелдеу, оны жарыққа шығару үшін берілетін үлкен мүмкіндік.
Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын ойлы да іскер, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Ұстаздардың міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Продолжить чтение «Ідірісова Майра Мұхтауқызы «
Имангалиева Балзиба Камажаевна
Имангалиева Балзиба Камажаевна Атырау қаласы N31 мектеп -гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Педагог-зерттеуші
Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан ойлау
технологиясын тиімді қолдану
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру. Продолжить чтение «Имангалиева Балзиба Камажаевна «
Досекенова Гулнар Куанышовна
Досекенова Гулнар Куанышовна
Атырау қаласы N31 мектеп -гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі. Педагог-зерттеуші
Мен – жаңа ғасыр педагогімін
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мен үшін қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық жол.
Мамандықты таңдау – әр адам үшін ең маңызды шешім. Мен үнемі Ж.Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген сөзін өзіме жол сілтер Темірқазық қып алдым. Сөйттім де «Ұстаздық» деп аталатын қиын да қызық соқпаққа алып барар мамандықты таңдауға бел будым. Өйткені мектеп өмірі мен үшін ыстық, тым жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні, 45 минуттық білімнің тылсым құдіреті өзіне шықыратын да тұратын. Осы арман желкені салиқалы да салмақты ұстаздарымның жолын жалғастыруға себеп болды.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, мектеп ұжымындағы әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Тәжірбиелі ұстаздардан шәкірттермен жұмыс жасау әдістерін, оларды жақсы көруді, көңілін таба білуді үйрендім Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолымдағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, ақпарат ағымында заманауи алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Б.Момышұлы «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет»дейді. Ал ұстаздық – мен үшін биік шың іспетті. Өзіңнің аңсаған шыңыңа шығу үшін талай еңбектенесің. Ал сол шыңға жету жолындағы талай бұрмалаң да шатқал, қиын да қалтарыстарына төзе білетініме сенімім мол.
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі, – деп М.Шаханов ағамыз жырлағандай, адам баласының өміріндегі төрт ананның бірі болып табылатын – қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі болу – аса жауапкершілікті іс деп білемін. Осындай жаһандану заманына тұспа-тұс келген біздің шәкірттеріміздің бойына ұлттық рухымызды сіңіріп, тілі мен дінін, ділін берік ұстанған ұрпақ оқыту, тәрбиелеу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімінің мойынына жүктелетін міндет зор. Сондай-ақ қазіргі білім беру саласының алдында тұрған басты мәселе – жаңа форматты ұстаз қалыптастыру. Бүгінде ұстаздар қауымы үстелдің бір шетінде «мен ұстазбын» деп тұрып алмай, бақылаушы, жазалаушы, тексеруші қызметін әрі ысырып тастап, ізденуші, зерттеуші, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл болса деп ойлаймын.
Иә, мен қазіргі заман педагогімін. Осы жолда өз алдыма шәкірттерге терең білу барысында мақсаттар қойдым. Менің ойымша, қазіргі педагогикалық тәжірибеде тиімділікке қол жеткізу үшін Кембридж бағдарламасын жеті модульді сабақта тиімді пайдалану, яғни оқушыға өзіне дұрыс шешім табу және алға қойылған міндеттерді шешу үшін шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік беру керек. Мен өзімнің шәкірттеріме бағыт-бағдар беремін, ал алдымдағы шәкірт оны жүзеге асырады. Жан-жақты өз пікірлерін айтып, ойларымен бөліседі. Өз сабақтарымда қолданатын әдістер мен тәсілдер заман талаптарына сәйкес келеді және оқушыларыма ұнайды. Жаңа ғасыр педагогі, бұл – рефлексивті педагог. Әрбір мұғалім үнемі өзін-өзі жетілдіріп және де рефлексия тәжірибесінде ғана бұл өсуге ықпал етеді.
Мен жұмыс жасап жүрген шағын жинақты мектепте әр түрлі оқушылар бар және әр оқушының ойлауы мен қабылдауы да әр түрлі деңгейде. Кей кезде жаңартылған білім беру жүйесінде топқа, жұпқа бөліп жұмыстану кездерінде қиындықтар да кездесіп жатады. Осындай кездерде шетел ғалымы Генри Фордтың « Бұған дейін жасағандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады» деген сөзін есіме аламын да, өзімнің тәжірибемде жинақтаған әдіс-тәсілдерге сүйенемін.
Менің шәкірттерім менен әр күн сайын жаңалықтар күтеді және олардың сенімін ақтамауға болмайды. Менің мамандығым менен тұрақты жұмылдыруды талап етеді. Мен бәсекеге қабілетті жастарды дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жаңалықтарды білуге міндеттімін. Мен мұғаліммін, «Өз болашағымды» оқытамын, болашақ дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, әскери және барлық болашақ мамандарын даярлаймын.
Менің түсінігімде, жаңа ғасыр педагогы – өз ісінің кәсіби шебері, ол білім көзі болып қалу ғана емес, оқыту үрдісінің белсенді қатысушысы. Әрбір баланы оқу үрдісіне тарту оңай, бірақ кейде мұны жүзеге асыру қиын. Тек әдістемені жақсы меңгерген педагог сыныптағы жұмысты дұрыс ұйымдастыра алады.
Қазір XXI ғасыр. «Заманға сай қадам басып барамын ба?» деген сұрақ мені де толғандырады. Жаһандану дәуірінің талаптарына сәйкес келе ме? Менің ойымша, бұған жауап: «жоқ» болуы да мүмкін емес.
Мен – жаңа ғасыр педагогімін. Мен өзімнің білімім мен біліктіліктілігіме сенемін, әр түрлі оқыту құралдарын тиімді пайдаланамын, сабаққа дайындыққа шығармашылықпен келемін.
Ал ең бастысы, менің біліктілігім, мен «Өз болашағымды» оқытамын!
—
Зайтуна Есмаганбетова
Отправлено из Почты Mail.ru
Хажат Лиза
«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АРЫҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕМТІН МЕКТЕБІ»КММ
Қысқа мерзімді жоспар
№15-сабақ
Бөлім: | 5 Экономикалық география 5.1 Табиғи ресурстар | |
Педагогтің аты-жөні: | Хажат Лиза | |
Күні: | ||
Сыныбы: 9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстанның табиғи-ресурсты әлеуметі. | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.5.1.1 Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды | |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Қазақстанның табиғи – ресурсын анықтап танысады.
Көпшілік оқушылар үшін: Қазақстанның табиғи – ресурсын анықтайды, себеп-салдарын біледі Кейбір оқушылар үшін: Қазақстанның табиғи – ресурсын анықтап сипаттап бере алады. |
|
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. | |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. 7 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптері
атлас |
||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу. 31 мин. |
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. | Дескриптор: Жалпы — 3 балл
Қазақстанның табиғи-ресурстық потенциалы туралы сипаттап жазады |
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады. |
1 топ «Кластер» әдісі. Оқушылар тұжырымды ойларын қағазға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
2 топ «Өрмекші» әдісі.Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылышешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. |
Тапсырма
1.Қандай табиғат ресурстардың түрлері бар? 2.Табиғат ресурстарын қандай мақсатта пайдалануға болады,өз ойларыңмен дәлелдеңдер? Тапсырма 1.Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын қандай? 2. Қазақстанның табиғи-ресурстармен қамтамасыз етілуіне баға береді? |
дескриптор :
— Табиғи-ресурстардың түрлерін анықтайды — Табиғат ресурстарын пайдалану мақсатын айқындайды,өз ойларын дәлелдеп, баға береді. Дескриптор : — Ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын ұсынады; — Қазақстанның табиғи-ресурстармен қамтамасыз етілуіне баға береді , өз ойларымен бөлісед |
ДК экраны
9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
|
Бағалау; (топтар бір-бірін бағалау) «Төрт сөйлем» әдісі арқылы
тапсырма. «Екі жақты күнделік» әдісі Кестемен жұмыс табиғат ресурстардың артықшылақтары мен кемшіліктерін жазыңдар |
2-тапсырма
1. пікір 2.дәлел 3.мысалы 4.қортынды Кестемен жұмыс табиғат ресурстардың артықшылақтары мен кемшіліктерін жазыңды |
Дескриптор:
1. Берілген мәтінмен танысады 2. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану жолдарын ұсынады Дескриптор : — Табиғат ресурстардың артықшылақтары мен кемшіліктерін талдап, анықтайды. |
ДК экраны
9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
|
Сабақтың соңы
Блум таксаномиясы. Рефлексия 7 мин. |
«Блум
таксаномиясы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды
«Блум таксаномиясы» әдісі арқылы бағалайды. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
—
Зайтуна Есмаганбетова
Отправлено из Почты Mail.ru
PDF Журнал
PDF Журнал
ПШАНОВА АЙГЕРИМ ГАБИТОВНА
ОРЫНБЕКОВА МАДИНА ДОСЖАНОВНА
НАУРЫЗБАЕВА МОЛДИР КУРБАНАЛИКЫЗЫ
ЖУНУСОВА БИБИСАРА БУРХАНОВНА
АККУЛАНОВА БАГДАТ БУКЕНБАЕВНА
ТИЛЕПОВА АЙГУЛЬ УТЕГЕНОВНА
PDF Журнал
PDF Журнал
ГРИВКОВА НАТАЛЬЯ АЛЕКСАНДРОВНА
ЖЫЛКАЙДАРОВА ЖАНАР ОРАЛТАЕВНА
НАХОВА УЛДАНА МУРАТБЕКҚЫЗЫ
ДЕМЕУБАЕВА МАЛИКА ШЫМЫРАЛИЕВНА
КОНУСОВА АЛТЫНАЙ АБДЫДЖЕЛИЛОВНА
УТЕПОВА ЖУПАР АМИРХАНОВНА
ШКУТОВА ВИКТОРИЯ МИХАЙЛОВНА
ШЕВЧЕНКО ЕЛЕНА ВЛАДИМИРОВНА
БИСЕНАЛИН МУРАТБАЙ МУСАЕВИЧ
ЗЕЛЕНЮК ЕЛЕНА АЛЕКСАНДРОВНА
СЕРАЛИЕВА НУРЖАМАЛ УМИРЗАКОВНА
БЕГАЛИН МИРАС БУРТЕБАЕВИЧ