Кувашева Дилнора Шайловна

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы Жибек жолы ауылы

Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Кувашева Дилнора Шайловна

Ұстаз – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды

тәлім-тәрбие өнегенің бастаушысы,жарқын үлгісі бала қиялын

самғатып, арманын көкке ұмсындырушы тұлға.

М. Жұмабаев

Үлгілі―ұстаз

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаз — балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі,білімді,мәдениетті болуына ықпалын тигізеді.Тәлім-тәрбие бе-ріп,баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де,осы — ұстаз.Ұстаз деген сөзге лайық болу үшін,білімді,шығармашыл болу қажет.Ол үшін,әрқашан біліктілігін арттырып, үнемі тынбайеңбек етіп отыру қажет.Сол мақсатпен мен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі Бағдарламасының Үшінші деңгей курсына біліктілігімді арттыру үшін келдім. Бұл курсқа келген мақсатым: Кембридж бағдарламасындағы оқытудың сындарлы теориясын меңгеру. Міне,осы қағидаларды — мен Үшінші деңгей бағдарламасына үш айлық курсқа келгенімде оқып үйрендім. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқытатын пәнді терең түсіну, сол алған білімдерін кез-келген жерде тиімді,ұтымды пайдалана білу керек. Читать далее

Насириддинова Дилбар Махмудуллаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

45«1 Май» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Насириддинова Дилбар Махмудуллаевна

Отбасы тәрбиесі — қоғам негізінің бастауы

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бала өсіп өне келе, тәлім-тәрбие алуға мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнайды.

Биылғы жылдың 25-30-қаңтар аралығында «1 Май» мектебінде «Отбасы тәрбиесі – тұрақты қоғам дамуының факторы» атты ата-аналар апталығы аясында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Апта бойына ата-аналарға ашық есік күндері жарияланды. Бұл күндері әр сыныпқа оқушылардың аналары қатысып, балаларының оқу қабілетімен танысып, пән мұғалімдерімен пікір алмасты. Читать далее

Аташев Бахтияр Ташходжаевич

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

45«1 Май» жалпы орта мектебі

денешынықтыру пәні мұғалімі Аташев Бахтияр Ташходжаевич

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткелерді, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және бағытталған» делінген

«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» -дейді халқымыз . Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс -әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қыйын .

Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш -әскер қатарына шақырылған жастардың 50 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс куштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Читать далее

Миркадирова Арофат Адиловна

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

45«1 Май» жалпы орта мектебі

химия пәні мұғалімі Миркадирова Арофат Адиловна

Оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамыту.

Сабақ – мектепте оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. Мен сабақтарда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамытуда кез келген әдістемелердің элементтерін кіріктіруге тырысамын. Менің 8 сыныптағы «Судың құрамы, физикалық, химиялық қасиеттері» атты сабағымда СТО әдісі мен Блум таксономиясы кіріктірілген. Сабақтың барысында оқушыларды топтарға бөліп, ұйымдастыру кезеңі өткізілді.Үй тапсырмасын сұрау барысында да «Жұмбақ сурет» әдісін, «Кереметтер елі» сияқты ойын элементтерін қолдандым. Сабақ барысында тақырыпты ашу барысында сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасадым. Тақырыпты ашу үшін рөлдік ойын енгіздім. Осы кезде оқушылардың санасында өзгеріс пайда болды. Себебі мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Оқушыны сыни тұрғыдан ойлануы арқылы алған білімін өмірде мен қолдана алуына жағдай жасауы керек. 8 сыныптарда химия пәнінде алғашқы ұғымдары беріледі. Читать далее

Нурметова Халида Тухтаматовна

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы

«Султанрабат» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Нурметова Халида Тухтаматовна

Жаңартылған білім мазмұны — заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі — білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Читать далее

Алимбекова Нигара Хасантаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы

«Жыланбұзған» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Алимбекова Нигара Хасантаевна

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ .Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине , білім сапасын арттыру қажет.Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді , яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критеийі.

Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Читать далее

Рустемова Злайха Ирисматовна

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы
«Жыланбұзған» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Рустемова Злайха Ирисматовна

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып бағдарламасындағы ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуында білім беру саласы елеулі рөл атқарады. Бұ заман талабына сай қоғамды өзгерту. Яғни біздің алдымызда отырған жеткіншектерді алдағы өмірде өз орнын таба алатындай етіп саналы тәбие, сапалы білім беру. Осыған орай Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Ең басты ол мұғалімнің осы жаңартылған білім мазмұнын жан-жақты меңгеріп, дұрыс бағыт бағдармен оқушыларға, ата-аналарға, жалпы қоғамға жеткізе білуі. Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі идеясы оқушыны алдына қойған мақсатқа жетелеу және оның қажеттілігін қамтамасыз ететін мүмкіндіктер жасау. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру үшін жаңартылған білім беру мазмұнына енгізілген критериалды бағалау жүйесі. Читать далее

Ирисбекова Умида Тухтаматқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы

«Жыланбұзған» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Ирисбекова Умида Тухтаматқызы

Бала тәрбиесімен құқығы

Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар.

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы.

Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты.

Ата-ана өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті, тәрбиелеуге құқылы және өсіп-жетілуіне жауапты. Читать далее

Ибрагимова Ирисай Рихсибаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы

«Жыланбұзған» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Ибрагимова Ирисай Рихсибаевна

Ойын элементтерін пайдалану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру

Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді,іздендіреді.Ойынның басты мақсаты баланы қызықтыра отырып, тіл үйрету.Біз ойын элементтері сабақта екі түрлі мақсатты пайдаланамыз.Оның біріншісі-оқушының сабақққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.Ойын арқылы оқушылардың білім-білік дағдылары қалыптасады. Читать далее

Толаметова Гулчехра Ашуркуловна

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Толаметова Гулчехра Ашуркуловна

ЖАҢАРТЫРЫЛҒАН БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Читать далее