"45minut - Vox populi", Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Ұстаз шығармашылығы

Тұрсынова Нұржамал Алтынханқызы

Мен Тұрсынова Нұржамал Алтынханқызы 30.04.1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Байылдыр елді мекенінде дүниеге келгенмін. 2004 жылы С.Қожанов атындағы орта мектепті бітіріп, Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетке информатика мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы тәмәмдәдім.

2010 – 2014 жылдары Созақ ауданы, Бабата елді-мекеніндегі М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінде лаборант, 2014 жылдан бастап осы мектепте инженер қызметін атқарып келемін. Бабата ауылының келінімін. Үш ұл мен бір қыздың анасымын.

Менің елім – Қазақстан

Менің елім Қазақстан кең байтақ,
Жерім менің көк майсалы саябақ.
Сенен қуат алып өстік біз түгел,
Мақтан тұтып қадірлеймін аялап.

Көк байрағым желбіресін қашанда
Қыран құсым самғап жүрсін аспанда.
Аң мен құсқа толы болып ормандар,
Әрбір таңың шашшын нұрын адамға.

Қанша қырғын өтті елім басыңнан,
Қанша адам өліп кетті тосыннан.
Халық жауы атанғаны қаншама,
Зұлымдардың қолдарынан атылған.

Жас ұландар қанат қағып өсе бер,
Шөбі шүйгін қуаты мол далам кең.
Қазақстан елім менің берік бол,
Осы менің тілейтінім ежелден.

Елім менің Қазақстан көркейсін,
Елін қорғар азаматтар көбейсін.
Сені жырлар ақындардың жырлары мол төгілсін
Қазақстан әрқашанда биік шыңнан көрінсін. Продолжить чтение «Ұстаз шығармашылығы»

Реклама
"45minut - Vox populi", Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАСЫЛЫМ ЖАНАШЫРЫ ТӨСБЕЛГІСІ

Құрметті Ұстаздар! Республикалық 45minut.kz басылымына 2017 жылға «БАҚ өкілі — Тілші» қабылдау жүргізілуде. 

«БАҚ өкілі — Тілші» болу үшін hat@45minut.kz почтасына резюме жіберіңіздер.

Сұрақтар бойынша 87770876843 (Whatsapp) арқылы редакция нөміріне хабарласыңыздар. 

«БАҚ өкілі — Тілші» қатарына қабылданған ұстаздарға арнайы төсбелгі беріледі.

"45minut - Vox populi", Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Педагогикалық әдіс. «Шабуыл мен Қорғаныс»

Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр 1 санат

Мен бүгін мектепте қайталау сабағына арналған жаңа әдіс тәсіл ойлап таптым. Тәжірибеден өткізіп қолданып көріп едім,  керемет шықты. Қайталау сабағына қатыспаған бір оқушы қалмады.

Педагогикалық әдіс.  «Шабуыл мен Қорғаныс»

Оқушыларды бес топқа бөліп алдым. Әр топта бес оқушыдан менде негізі. Еденге бормен шеңбер сызамын да ортасына бір орындық қоямын. Сосын ортаға бір оқушыны шақырып отырғызамын сол орындыққа. Сосын барлық топқа сіздер үш парақ қағаз шығарып үшеуіне үш түрлі сұрақ жазып мыжып алдарыңызға қойыңыздар деп тапсырма бердім. Бірінші топқа шабуыл дегенде олар қолындағы үш ішіне сұрақ жазылып мыжылған қағазды шеңберге түсіру керек. Орындықта отырған оқушы шеңбердің ішіне түскен барлық сұраққа жауап беріп өз тобының беделін қорғайды, лақтырғанда шеңберге түспей қалған, түсіп тұрып шығып кеткен сұрақ жазылған қағаздарға жауап бермейді. Егер орындықта шеңбердің ортасында отырған оқушы жауап бере алмаса, сұрақтарды лақтырған топтың оқушылары қамалды жаулап алды деп еспетеліп орынын босатып береді. Егер шеңберге түскен барлық сұраққа жауап берсе ол жеңімпаз қорғаушы болып келесі шығатын топтан оқушының атын атап шақырады. Ойын осылай топтан топқа алмасып жалғасып кете береді.

Ескерту. Рабочий шум міндетті түрде болады. Сабақ қызық әрі тез біткенін білмей қалып оқушылар: «Уақыт бітіп қалды ма?» — деп ойын сабаққа деген қимастықпен шықты.

"45minut - Vox populi", Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Республикалық семинар туралы видео материал

03.12.2016 жылы Қостанай облысы, Таран ауданы, Новоильинов мектебінде Республикалық семинар өткізілді. Мектептің шығармашылық белсенділігі жоғары дәрежеде.
Мектеп ұжымы видео материал әзірлеп, Мектептің әлеуметтік желісінде жариялады.
Ұстаздар үшін үйренетін іс тәжірибе

Мектептің әлеуметтік желідегі адресі: https://vk.com/clubschool34456

"45minut - Vox populi", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ", Баяндамалар, Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

«Эстафеталық сұрақ»

Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

Құрметті әріптестер. Сабақ беру барысында жаңа әдіс ойлап таптым. Атын «Эстафеталық сұрақ» деп қойдым. Бұл әдіс тәсілім үй тапсырмасын еске түсіру мен талдауда, жинақтауда сәтті нәтижесін көрсетті, үш сабақта Блум бойынша және үш бөлімінде де сынап көрдім. Нәтижесі керемет болды. Бұрынғы үйренген әдіс тәсілдерден шаршаған оқушыларға жаңалық болды. Продолжить чтение ««Эстафеталық сұрақ»»

"45minut - Vox populi", "Интернет сұхбат", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ", Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

“Білім болашаққа бастар жол” тақырыбындағы республикалық семинардың қорытынды материалы

Гүлмира Мұратқызы Наурызбаева,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

“Газет – халықтың құлағы, көзі һәм тілі”деп, А.Байтұрсынов айтқандай, әлеуметтік желі бойынша Қазақстанда (әлемде) белді, белгілі, танымдық сайттар қарқынды дамуда. Соның ішінде ұстаздардың төл басылымына айналған Серпіліс газеті, 45minut.kz газеті мен сайттарының атқарған өрелі істерін ерекше айтып өтуге болады. 45minut.kz  сайтында ұйымдастырылатын байқаулардың, Акцияның ҚР бойынша қатысушы мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, танысып, достасып ара жіктері ажырамай қарым-қатынастары өз ара нығаюда. Осы жылдың қаңтар, ақпан айында өткізілген байқау мұғалімдердің еңбегін кең тұрғыда таратып, сабақтан бөлек оларды ғылыми мақала және баяндама жазуға баулып, БАҚ-та жариялауға үйретті.
Редакция тарапынан орасан зор еңбектің жемісін бағалап, нәтижесінде белсене қатысқан мұғалімдерді «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгісімен, диплом, Алғыс хаттармен марапаттады.

Продолжить чтение «“Білім болашаққа бастар жол” тақырыбындағы республикалық семинардың қорытынды материалы»

"45minut - Vox populi", "45minut.org - Конкурстар", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ", Жаңа сабақтар, Жаңалықтар, konkurs

Республикалық семинарға қашықтан қатысушы ұстаздар пікірлері

Түркістандағы семинарға қашықтан қатысушы ұстаздардың бірнеше пікірлерін жариялап отырмыз. Қазіргі уақытта қашықтан қатысушы ұстаздарға сертификаттары әзірленуде.

3 желтоқсанда өтетін Қостанай облысы, Таран ауданында өтетін Республикалық семинарға қатысуға шақырамыз.
Ал, 14 желтоқсанда Қостанай облысы, Рудный қаласында семинар өткізілу үшін әзірленуде. Продолжить чтение «Республикалық семинарға қашықтан қатысушы ұстаздар пікірлері»

"45minut - Vox populi", "Интернет сұхбат", Жаңалықтар

Түркістан сапары немесе Редактордың семинар туралы пікірі

baqҰстаздарға қызмет ететін БАҚ ұйымдастырған Республикалық семинардың маңызы ерекше. Негізі, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген семинарларымыздың ұйымдастыру, таралым, кәсібилік негізде сапасы артуда. Бұл ұстаздарымыздың БАҚ-пен байланысты игеріп, қызметінде кәсіби дәрежеде пайдалануда шеберліктерінің артқандығының және редакцияның жұмыс тәжірибесінің белгісі.

Ақпаратты сауатты игеру, ақпаратпен жұмыс істей білу және шәкірттеріне де ақпараттануды тиісті дәрежеде үйрету қазіргі заман талабы.

Ел болашағын тәрбиелеуші ұстаздарымыз ақпараттану саласында маманданған кезде ғана еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне сенімділік артады.  Продолжить чтение «Түркістан сапары немесе Редактордың семинар туралы пікірі»

"45minut - Vox populi", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ", Жаңа сабақтар

Республикалық семинарда өткізілген ашық сабақ. Төлен Әбдіков «Қонақтар»

ІІІ ші деңгейлі қаз тілі және әдебиет пәні мұғалімі Исмаилова Назира Аскаровна

Қаз.тілі каб 8-сынып. 16.04.2016 жыл. Шымкент қаласы. № 103 орта мектеп

Мектебімізде «Білім беру мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің тəжірибе алмасуын күшейтудің өзекті мəселелері» тақырыбында ақпараттық ғылыми практикалық республикалық семинар болып өтті. Семинардың жақсы өтуіне үлес қосқан Қалалық Білім Бөліміне, 45minut.kz сайтының ұжымына және редакторы Ізгілік Нағиев мырзаға, қонаққа келген əріптестерге алғыс білдіреміз.

"45minut - Vox populi"

Мен – “Президенттің ұлымын”

Түркістан қаласы,  Ататүрік атындағы
№17мектеп-гимназияның
ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі Санжар ҒҰЛАМОВ

“ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толеранты халықтың небәрі екі онжылдықта нөлден бастап құрған елі.  Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз. Бұл – біздің шексіз ұлы ортақ туындымыз…” Мен бүгін сөзімді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған осы бір мәні терең үндеумен бастағым келіп отыр.
Мен, Ғұламов Санжар Пархатұлы, Түркістаның төл тумасымын. Еңбек жолын енді бастаған жас маманмын. Бүгінгі күнде қаламыздағы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында мұғалім болып жұмыс істеп келемін. Келешегінен үміт күттірер Қазақстаның жалын атқан жастарының бірімін. Жастар — елдің болашағы, деп атап өткен Елбасымыз бүгінде жастарға арнап жаңа бағдарламалар жасап, жаңа мүмкіншіліктер тудыруда. Кезінде “Мен жастарға сенемін”, деп Мағжанның жырлап өткен жастарына бүгінде Елбасымыз да ерекше сенім артып отырғаны ақиқат.  Содан болар жастарға деген қамқорлық жыл өткен сайын жоғары деңгейде жүзеге асырылып келе жатыр. Елбасымыздың жастарға деген ерекше қамқорлығын бүгін мен теориялық тұрғыда емес практикалық тұрғыда дәлелдеп өткім келеді.  Оған менің өмірім анық куә.  Елбасымыздың аты аталған кезде ойыма оралатын жәйт те осы… Продолжить чтение «Мен – “Президенттің ұлымын”»

"45minut.kz - Электронды нұсқа", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ", Жаңа сабақтар, konkurs

Ұстаздар әні

Cөзін жазған: Темірхан Әбдіков
Әнін жазған: Жомарт Сейтбеков

Ұстаздармыз ұрпақ қамын ойлаған,
Ұлт мерейін артық көрген пайдадан.
Бар білгенін шәкірттерге үйретіп,
Баулап-баптап, намыстарын қайраған.

Қайырмасы:
Ұстаздармыз — жанын ұққан адамның,
Ұстаздар біз — айнасымыз заманның.
Кеуделерде арман отын маздатқан,
Ұстаздармыз — қамқоршысы қоғамның.

Ұстаздармыз ақ жүректі, ұлықпыз,
Ибалымыз, имандымыз, тұнықпыз.
Әр күніміз өткен емес қызықсыз,
Ел баласын қастерлеген халықпыз.

Ізденеміз, үйретеміз, сұраймыз,
Ән саламыз, ақын боп сөз құраймыз.
Ұстаздармыз шәкірттермен бақытты,
Мәңгілік ел тыныштығын қалаймыз.