Бәйге - Конкурс

«Ұстазым- менің жан досым» бәйгесі — Конкурс «Мой лучший друг — Учитель»

КОНКУРСҚА МАТЕРИАЛДАР ҚАБЫЛДАУ ТОҚТАТЫЛДЫ
Республикалық 45minut.kz басылымы Ұстаздар қауымының төл мерекесі құрметіне «Ұстазым- менің жан досым» тақырыбында шығармашылық мақалаларға бәйге жариялайды. Продолжить чтение ««Ұстазым- менің жан досым» бәйгесі — Конкурс «Мой лучший друг — Учитель»»

Без рубрики

Газет туралы кеңінен түсіндіру. (Жаңартылды)

Құрметті газет оқырмандары. Республикалық газет шыққан уақытынан бастап оқырмандардың қолдауына ие болды. Республикалық басылымға "БАҚ өкілі-Тілші" болып тіркеліп, бірлесе қызмет атқаруға көптеген ұстаздарымыз қосылды. Қазіргі уақытта газеттің шығарылуы, таралымы, тілшілер жұмысы жағынан нақты тәжірибе жинақталып, нәтижелі жұмысқа қол жеткізу үшін жұмыстар іске асырылатыны туралы редакция алқасында шешім қабылданды. Атап айтқанда: Газет таралымын көбейту, тілшілерді штатқа жұмысқа  алу, тілшілермен белсенді жұмыс атқару, газеттің таралымын жолға қою, газеттің электронды нұсқасын шығару жұмыстары Продолжить чтение «Газет туралы кеңінен түсіндіру. (Жаңартылды)»

Без рубрики

Құттықтау

Республикалық 45minut.kz редакциясы,  тілшілері, сайт қолданушылары атынан редакция қызметкері Нагиева Шынаргул Бектелеуовнаны туылған күнімен құттықтаймыз. Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.

Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан  танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

Без рубрики

Редакциядан сыйлық алуға асығыңыздар…

2012 жылдың қазан-қараша-желтоқсан айлары үшін "Республикалық 45minut.kz газетіне" жазылу акциясы басталды.
Акцияға Қазақстан Республикасының азаматтары, білім мекемелері қатыса алады.
Бір қатысушы Акцияға сансыз рет қатыса алады.

100 адамды газетке жаздырушыға — NANO P70 планшеті
50 адамды газетке жаздырушыға — KZ домені + 1 жылға хостинг орналасуымен жеке сайт
20 адамды газетке жаздырушыға — Электронды портфолио
   

Толық ақпарат:   http://45minut.kz/?page_id=36240

Без рубрики

Тілшілер назарына…

Құрметті БАҚ өкілі-Тілшілер!  Республикалық басылымның жұмысын жандандыру мақсатында, тілшілермен жұмысты белсендіру үшін тілшілер жұмысының маңызы мен жұмысы туралы пікірлесуіміз жүргізіледі. БАҚ өкілі-Тілшілерге Редакция поштасына  хабарласып, өздерінің жұмыстары туралы сараптамалық есебін (Аналитический отчет) жіберулері сұралады.

2013 жылға тілшілерді Редакция штатына жұмысқа іріктеу жұмыстары жүргізілетініне байланысты, жаңа міндеттер мен ұсыныстар қабылданады. Жаңадан аймақтық (региональный) тілшілер құрамы жасақталады. Тілшілер арқылы тапсырыс берілген әрбір оныншы сертификат үшін, Республикалық басылымның фирмалық флешкасы сыйға беріліп отырады. Продолжить чтение «Тілшілер назарына…»

Без рубрики

Ұстаздарға арналған жаңа мүмкіндіктер

Құрметті Ұстаздар! Жаңа оқу жылы басталуымен Интернет арқылы Ұстаздың кәсіби қызметіне қажет болатын мүмкіндіктерді пайдалануға әзірледік. Сертификат, Газет, Электронды портфолио және Білім мекемелеріне арналған жеке сайт бойынша тиімді ұсыныстар жасақталды. Оқып таныс болыңыздар, түсініксіз жері болса сұраңыздар, пайдалануда қиындық туындаса айтыңыздар, "Республикалық 45minut.kz газеті" ұжымы Сіздерге көмектесуге, қызмет етуге әрқашанда әзір. Продолжить чтение «Ұстаздарға арналған жаңа мүмкіндіктер»

Без рубрики

Құрметті Ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Білім күні құтты болсын!

Бірінші қыркүйек — Білім күні!
Білім — игілік пен бірлік, білім — бақыт пен бақ, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Болашағымыз  ғылым мен білімнің өркендеуіне тікелей байланысты екенін айқын сезінетін ұлан байтақ еліміз Білім күнін ыстық ықыласпен  атап өтеді. Әр ұстаз, әр оқушы бұл мерекелі күнді ерекше үмітпен, есейген көңілмен қарсы алады.  Жаңа оқу жылында  «Білім» атты  ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін оқушыларымыз ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да ашық, білгір де білікті, көңілді де көрікті боларына біз кәміл сенеміз.

Без рубрики

Портфолио сайты "Суреттермен көрсетілген қолдану нұсқаулығы"

Ұстаздарға арнап ашылған Портфолио сайтынының "Суреттермен көрсетілген қолдану нұсқаулығы"  жасалды. Нұсқаулықты қарап отырып өзіңізге жеке Портфолио ашып алуға мүмкіндік бар.
Түсініксіз сұрақтар болса хабарласыңыздар. Көмектесеміз.  Адресі: http://port-folio.kz/

Маңызды ескерту: Осы нұсқаулық арқылы Продолжить чтение «Портфолио сайты "Суреттермен көрсетілген қолдану нұсқаулығы"»

Без рубрики

Редакция жұмысы туралы

Құрметті оқырмандар! Алдағы келе жатқан жаңа оқу жылымен барша ұстаздарды құттықтаймыз. Редакция жұмысы туралы оқырмандарымызбен бөлісіп, пікірлесіп, болашақ жоспарларымызбен таныстыруды жөн көріп отырмыз. Көпшіліктің ойында жүрген сұрақтарға жауап беріп, "БАҚ өкілі-тілшілер" қызметтерінің нәтижелері туралы айтамыз.

Осы мақала соңында Редакция жұмысы туралы өзіндік пікірін білдірген Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің ЖОББ мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Гурленбаева Жумабике Ражабовна тілшіміздің пікірін жариялауды жөн көріп отырмыз. Жазылған пікір, сайт оқырмандарына, тілшілерге үлгі болады деп сенеміз. Продолжить чтение «Редакция жұмысы туралы»

Без рубрики

Білім гранты — 2012 — Образовательный грант

АСТАНА. 14 тамыз. BAQ.KZ — Елімізде 2012 жылғы білім гранттарының иелері белгілі болды. Білім гранттарына ие болған талапкерлер тізімі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің беттерінде жарияланды.

Без рубрики

Хабарландыру

Құрметті Ұстаздар! «Республикалық 45minut.kz газетіне» 2012 жылдың соңына дейін газетке жазылуды "Газет тілшілері" арқылы жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Газетке жазылу үшін БАҚ өкілі — Тілшілер — http://45minut.kz/?page_id=16859
арқылы хабарласып, жазылуға болады.

Республикалық газетке жазылған Ұстаздардың сабақтары басылым бетіне жарияланады. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми жұмыстары мен ата-аналарға арналған мақалалар, жаңалықтар мен ғылыми, танымдық, білім беретін, жарнамалық мағлұматтар жарияланады.

Без рубрики

Редактор бағаны

Құрметті оқырман! Республикалық газеттің және сайт жұмысының Ұстаздардың көмегімен, сұранысымен,  ұжымдасуымен шығатыны белгілі. Газетіміздің әрбір нөмірінің жасалуы барысында осы себепті негізге ала отырып, басты ұстаным ретінде газеттің тек қана сабақтар жинағы емес, өзара тәжірибе алмасу құралы болуын және ұстаздардың, ата-аналардың, оқушылардың да мүддесін ескерер басылымға айналуын басты назарда ұстадық.

Газетіміздің өзге газеттерден айырмашылығы, жаңалықтар мен жетістіктерді жариялауымен қатар, газет арқылы Интернет әлемінде жарияланған Ұстаздардың мол тәжірибесіне жалғастырушы көпір болатыны. Сондықтан, газетте сабақтардың негізгі мазмұны жарияланады және сабақтың толық нұсқасына бағдар беретін сайттағы мекенінің сілтемесі көрсетіледі. Бұл жаңа әдістің  тәжірибе алмасу барысында методикалық құрал ретінде зор пайдасы болады деп есептейміз.

Продолжить чтение «Редактор бағаны»

Без рубрики

Х А Б А Р Л А М А

Облыстық, аудандық білім бөлімдеріне,
жалпы білім беретін мектеп басшыларына,
Республикалық «45minut.kz» газеті  тілшілерінің назарына….

       Республикалық «45minut.kz» газеті облыс, аудан көлемінде ұстаздардың білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу, баяндамалар мен тәрбие сағаттарын, ашық сабақтарды Республика көлемінде насихаттау және ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы пікірлесу үшін семинар оқулар, кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға ұсыныс білдіреді.

Республикалық «45minut.kz» газеті және сайты туралы презентация:   Презентация — 45minut.kz

Аталмыш шараларды ұйымдастыру үшін жергілікті жердегі Республикалық «45minut.kz» газетінің тілшілерімен хабарласып, Редакцияның жұмыс жоспарына үйлестіріп, өтетін күні мен уақытын, өткізілу формасын анықтауға болады. Продолжить чтение «Х А Б А Р Л А М А»