Ғылыми жобалар

КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ДИАЛЕКТИЗМДЕР. АВТОРЕФЕРАТ

ӘОЖ                                                             Қолжазба құқығында
Тулегенова Сания Батырбековна
КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ДИАЛЕКТИЗМДЕР

6N0205- Филология (Қазақ тілі мен әдебиеті)
Филология магистрі академиялық дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
АҚТӨБЕ-2010

Жұмыс Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының  Қазақ тілі теориясы  және оқыту технологиясы
кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші:
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұратбек Бағила Құрманбекқызы
Ресми оппонент: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Күштаева Майра Төлебайқызы Продолжить чтение «КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ДИАЛЕКТИЗМДЕР. АВТОРЕФЕРАТ»

Ғылыми жобалар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Омар Бауыржан Мұсаханұлы,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Omar-1982@ E-mail.ru Түркістан қаласы.

 «Жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістердің тәжірибелері, мәселелері және даму жолдары»  Халықаралық ғылыми-тәжірибелек конференцияның материалдары. 2010 ж. 22-23 қаңтар. 1 том. Шымкент қаласы. 142-146 б.

      Семей жерінде 470 ядролық жарылыс жасалып, соның салдарынан Семей облысының тұрғындары ғана емес, Шығыс Қазақстан  облыстарының көптеген аудандарының халқы да зардап шеккені  бәрімізге  белгілі.  Арал өңірінің қасіретін айтар болсақ, мұның өзі экологиялық ахуалдың республикада жақсы емес екенін көрсетеді. Эколг ғалымдардың  пікірінше республикамызда жыл  сайын атмосфераға бес млн тоннадай лас заттар шығарылады  екен. Өнеркәсіп өндірісінен  шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді. Оның жинақталған көлемі 17 млрд  тонна және жыл сайын оған 1 млрд. тонна қосылып отырады. Осының қайталама шикізат ретінде тек 0,6%-0,7% ғана пайдаланылады. Улы қалдықтардың  өзі  2,3 млрд тоннадан асады. Жыл сайын жиналатын 72,5 млн тонна қалдықтың небары 9%  ғана  өңделеді және залалсыздандырылады. Облыстар  мен  қалаларда  13 млн, текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пайда болса, соның тек  3%   ғана  өңделеді  [1]. Продолжить чтение «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Ғылыми жобалар

Табиғи ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері

Омар Бауыржан Мұсаханұлы,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Omar-1982@ E-mail.ru Түркістан қаласы.

Резюме: В статье рассматривается основы право государственного регулирования в области охраны природных ресурсов.
Summary: This article basis of law of government regulation in the sphere of protecting natural resources
«Ізденуші» ғылыми журналы. Шымкент қаласы. 2010 ж. Мамыр айы. №1. 175-183 б.

      Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері біршама жағдайлар қалыптасты. Мемлекетіміздегі табиғатты қорғау қызметі жоспарлы және кешенді сипат ала бастады. Қазір табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды орынды пайдалану, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарының басқаруы ғана емес, жергілікті органдардың да негізгі қызмет  бағытына айналады. Нарықтық қатынастар жағдайында табиғи ресурстарды қорғауда мемлекеттік басқарудың ролі маңызды екені даусыз.Бұрыннан келе жатқан жоспарлаудың нарықтық артықшылығы туралы теориялық дау-дамайдың толастағаны белгілі. Сондықтан, бүгінгі таңда мемлекеттік реттеу мен нарықтық стихияның арақатынасы туралы практикалық мәселе маңызды болып отыр. Табиғи байлықтарды дұрыс пайдалануды мемлекет тарапынан басқару тұтас әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы қоғамды басқарудағы кең ауқымды жүйенің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан табиғи байлықтарды қорғау және пайдалану саласында басқару органдарының пайда болуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі бар, күрделі объектімен, яғни табиғатпен байланысты. Онда осы басқарушы органдардың дұрыс қызмет атқаруы мен одан әрі дамуы, негізінен, қоғамдық процестерді басқарудағы міндеттер мен мақсаттардың жүзеге асырылуына тәуелді болады. Продолжить чтение «Табиғи ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері»

Ғылыми жобалар

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіндегі этнопедагогикалық, этнопсихолгиялық ойлары

Қожа Ахмет Йассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Профессор, Курбанхаджаев Сансызбай Нызанұлы

   Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы ( 1397-1487) “Шипагерлік баян” атты ғылымнамалық ұлы еңбек жазып, ХҮ ғасырдың өзінде қазақтың жазу мәдениеті мен әдеби тілінің әр-түрлі ғылымдарының болғандығын кейінгі ұрпаққа айқын көрсетіп қалдырды. “Біздің ғылымымыздың “Шипагерлік баяны” әрі ұлы медициналық еңбек, әрі ғылымнама, тек шипагерлік жағынан емес, ол халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, география, этика, мораль, тағы басқа жақтарынан да қыруар білім, мәліметтерді береді… Басқа ғылыми мәліметтер осы шипагерлік баян негізінде, кейбірі мысал, кейбірі факт, кейбірі жаратылыстық орта, тарих, аңыз, салт-сана ретінде медициналық ғылыми сипаттамалармен тығыз байланысып келеді” (Әзімхан Тышанұлы, ғалым).

Ғылыми еңбектің толық нұсқасын көшіріп алу:   Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіндегі этнопедагогикалық, этнопсихолгиялық ойлары

Ғылыми жобалар

«Менің педагогикалық философиям» Эссе

Ақтөбе қаласы. № 15  «Жидек» МДҰ психологиялық
педагогикалық түзеукабинетінің әдіскері
Спанова Гульнар Ердаулетовна.

«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы».
(Абу Насыр Әл Фараби)

         Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.  

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

        Мен балабақшада он төртінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны – біздің  бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда – «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім. Продолжить чтение ««Менің педагогикалық философиям» Эссе»

Ғылыми жобалар

Шошқа тұмауының астарында не сыр бар?

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы,
Тарих ғылымы (PhD)
Рашид Ибрагимұлы Тәжібаев

Әлемде бір елес кезіп жүр. Ол коммунизм елесі емес шошқа тұмауы (оның алдындағысы құс тұмау болатын). Бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан әртүрлі мәліметтерінің арқасында шошқа тұмауы халықтың үрейін алуда. Кейбір білгіштер, «үкімет халықтың үрейін алмау үшін шошқа тұмауынан өлгендердің нақты санын жасыруда.
Шошқа тұмауымен ауырған адаммен араласқан жандардың барлығын оңашалап, бақылауға алуға ауруханалар, білгір маман дәрігерлер мен дәрілер жоқ. Үкімет жұрттың назарын басқа жаққа аудару үшін телевизордан тек концерттік бағдарламаларды, әртүрлі сауық-сайрандарды көптеп көрсетіп жатыр» деп ақиретті төндіріп қоюда.
Ал шындығында шошқа тұмауы адам өміріне қаншалықты қауіпті? Шошқа тұмауының өзге тұмаулардан ерекшелігі неде? Шошқа тұмауымен ауырған адам міндетті түрде о дүниеге аттанып кете бере ме? Соңғы кезде әлемде жиілеп кеткен құс тұмауы, шошқа тұмауы секілді аурулардың саяси-экономикалық астары бар ма?

Ғылыми жобаның толық нұсқасын көшіріп алу:  Шошқа тымауының астарында не сыр бар?  Алматы №1, 2010 жыл Қаңтар ақпан. Таң-Шолпан журналы. 120-156 беттер.

Ғылыми жобалар

«Қожа Ахмет Йассауй іліміндегі «Кемел адам» қалыптастыру тұжырымдамасының педагогикалық қырлары»

Қожа Ахмет Йассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Профессор, Курбанхаджаев Сансызбай Нызанұлы

«Өзін-өзі таныған, жаратушы Алланы таниды»

 Қожа Ахмет Йассауй ілімінде «Кемел адам» концепциясы (тұжырымдамасы) мен «Болмыстың бірлігі» теориясының бір-бірін толық танушы ұстындар ретінде өзара параллель дамығандығын көруге болады. Сонымен қатар, Мұнда сопылық дүниетанымда хақиқатты «Бір» деп біліп, оны тану үшін «Бес Құдайлық (Аллалық, Тәңірлік) мәртебе» (ал-хизарат-ул хамса) және «жеті жаратылыс сатылары» (ал-таназзулат-ул сабъа) деп аталатын теориялардың қалыптасқандығы мен әлем туралы түсініктердің жалпы ислам суфизміндегі және түркі сопылық мектебіндегі ерекшеліктерін де аңғаруға болады. Сопылық дүниетанымда Әлем-Адам мен Тәңір (Алла) арасындағы перделердің табиғатын түсіндірумен қатар, Тәңірге (Аллаға) ұласуымен «Құдайлық (Аллалық, Тәңірлік) таным» (Мағрифат ул-Аллах) сатыларын да көрсетеді.

Ғылыми еңбектің толық нұсқасын көшіріп алу: «Қожа Ахмет Йассауй іліміндегі «Кемел адам» қалыптастыру тұжырымдамасының педагогикалық қырлары»

 

Ғылыми жобалар

«Қожа Ахмет Йассауй іліміндегі «Қал» және «Хәл» ілімдерінің ұлттық тәрбиедегі мәні»

Қожа Ахмет Йассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Профессор, Курбанхаджаев Сансызбай Нызанұлы

Қожа Ахмет Йассауйдің «Қал» және «Хәл» ілімдерінің мәнін ашу үшін, ең алдымен, оның дүниетанымындағы Хикмет, Жаратылыс, Әлем, Ғашықтық, Рух туралы түсініктердің ерекше орнын анықтап алғанымыз жӛн. Бұған қоса, қандай да бір дүниетаным немесе ойлау жүйесінің талдануы мен жорамалдануы жӛніндегі ең маңызды мәселеге тоқталуымыз қажет. Қожа Ахмет Йассауйдің тұлғасы, ілімі мен сопылық дүниетанымы ӛз уақыты мен кеңістігі шеңберіндегі түркі – ислам сопылығының жемісі екендігі белгілі. Демек, біз бүгін, Қожа Ахмет Йассауйдің ілімін ұғыну үшін, ең алдымен оның ойлау сопылық  дүниетанымын қалыптастырған тарихи кеңістік  әлемімен герменевтикалық (комментарий) сұхбат құра білуіміз маңызды да қажетті дүние. Мұның, ғылыми жұмыстың этикасы тұрғысынан ғана емес, шындығына келгенде іс жүзінде де өте қиын екендігін айтуымыз абзал.

Ғылыми еңбектің толық нұсқасын көшіріп алу:  «Қожа Ахмет Йассауй іліміндегі «Қал» және «Хәл» ілімдерінің ұлттық тәрбиедегі мәні»

 

Ғылыми жобалар

Қожа Ахмет Йассауйдің рухани мұраларындағы «Жан және тән ғылымдарының» тәрбиелік мәні

Қожа Ахмет Йассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Профессор, Курбанхаджаев Сансызбай Нызанұлы

   Қожа Ахмет Йассауйдің рухани мұраларындағы адам баласының ішкі рухани әлемімен тікелей айналысатын жан ғылымы және сыртқы ғылым, яғни  дүниауи ғылым салаларымен шұғылданатын тән ғылымы жайлы тосын дүниетанымының шығу тегіне назар аударып, көңіл бөлер болсақ, бұл дүниетанымдардың түп төркіні яғни негізгі әл-Фараби қалыптастырған ғылымдарды классификациялаудың түп-тамырына соғатыны анық көрінеді.

Ғылыми еңбектің толық нұсқасын көшіріп алу:  Қожа Ахмет Йассауйдің рухани мұраларындағы «Жан және тән ғылымдарының» тәрбиелік мәні

Ғылыми жобалар

«Халық емшілігі— Алланың сыйы, ұлт мұрасы, Халық қазынасы»-2

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» ғылыми-зерттеу
саласы бойынша вице-президенті, «Халық медицинасы және
ғарыштық қуат» академиясының толық мүшесі, академик,
п.ғ.д., профессор, ақын, жазушы, сазгер, Қазақстан журналистер
одағының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі халық емшісі,
Йассауйтанушы, ұстаз Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлының
(Әбу Фараби) халық емшілігінің бүгінгі өзекті мәселелері жөніндегі ой толғаныстары

    Ой санамыздың күш жігерін емшілер мәселесін толғауға арнауымыздың үлкен мәні де бар. Толғанарлық пайым-тұжырымдарымыз бар болған соң ортаға салу, ой елегінен өткізуге оқырман назарына ұсыну парызымыз.

   Алла Тағала ерекше жаратылыс етіп жаратқан Адамына үлкен құпия сырлы қабілет дарытқан. Бүгінгі ғылым мен техниканың күш қуатымен сол құпия сыйдың жасырын тұстарына ой жүгіртіп, оны тани түсуге әрекет ету ғалым атаулыға тән қасиет. Зерттеу мен зерделеу нәтижелері Адамзатқа Алланың өзі дарытқан қасиеттерін танып біліп, қажетіне жарата білуге жетелейді. Продолжить чтение ««Халық емшілігі— Алланың сыйы, ұлт мұрасы, Халық қазынасы»-2»

Ғылыми жобалар

«Халықтың емшілік дәстүрі өз сыр-сандығының кілтін күтеді»

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» ғылыми-зерттеу
саласы бойынша вице-президенті, «Халық медицинасы және
ғарыштық қуат» академиясының толық мүшесі, академик,
п.ғ.д., профессор, ақын, жазушы, сазгер, Қазақстан журналистер
одағының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі халық емшісі,
Йассауйтанушы, ұстаз Құрбанқожа Сансызбай Нызанұлының
(Әбу Фараби) халық емшілігінің бүгінгі өзекті мәселелері жөніндегі ой толғаныстары

    Дәстүрлі халық емшілігі атадан балаға өтіп отыратын құпиялы күш-қуат. Мұны бүгінгі адамзат баласы өзінің техника мен технологияда қол жеткізген жетістіктерінің шеңберіндегі ғылыми тұрғыдан әлі де толық анығына жете алған емес. Оған себеп, ондағы тылсым құпия күштердің көрініс беруі адамзаттың, соның ішінде белгілі бір әулет ұрпағының «генефонды» (ұрығы) арқылы оның өз жалғасын тауып келе жатқанында болса керек. Содан да болар, бүгінгі ең озық технололгияны меңгерген ғалымдар ұрық тазалығының атқаратын роліне ерекше басымдылықпен және аса сақтықпен мән беру керектігін жария етуде. Бүгінгі ғалымдар жетілген технологияның көмегімен енді ғана игерген мәселенің, құпиясы мол астарын қазақ ұлты да көне Түркі халықтары да сонау ертеден-ақ білген. Соның бір айғағы жеті атаға дейін қаны бір тектілердің өзара қыз алысуына тосқауыл қойып, бұл тыйымды қызғыштай қорып, бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Содан да болар, ата тегінде емшілік қасиет болған ұрпақтарда, сол қасиет қан арқылы өз жалғасын тауып келген. Мәселен, кісінің ата-бабасы бақсылықпен шұғылданған болса, сол әулет ұрпағына осы қасиет тұқым қуалай отырып келетін болған. Продолжить чтение ««Халықтың емшілік дәстүрі өз сыр-сандығының кілтін күтеді»»