«ІЗДЕНУШІ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ. 2011 Ж. ШІЛДЕ-ҚАЗАН. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ. №4,5. 233-242 Б.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр оқытушысы,
Omar-1982 @E-mail.ru, Түркістан қаласы.
Накипов Бекжан Бауыржанұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, заң факультетінің
ЗҚТ-915о тобының студенті. Bekenti91@E-mail.ru, Түркістан қаласы.
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ, әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады. Мұнда басты мақсат, мемлекеттік басқарудың, соның ішінде қоршаған ортаны тиімді пайдалануға, сауықтыруға және қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың басқару нысандарын, жүйелерін, бағыныштылығын, олардың қызметін ұйымдастыру тетіктерін, қағидалары мен өкілеттіктерін одан әрі дамыту еді. Сонымен қатар, бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында да кең көрініс тапқан [1. 4-5]. Продолжить чтение «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНДЕГІ ОРГАНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ»
Понравилось это:
Нравится Загрузка...