БАҚ ӨКІЛДЕРІ

МББ аты: «Республикалық 45minut.kz» газеті
Куәлік: № 12341-Г 19.03.2012 ж
Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы
МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Негізгі тақырыптық бағыты: білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық
Редактор: Нағиев ІЗГІЛІК Байдрахманұлы

Республикалық басылым статусына сай нәтижелі жұмыс және қызмет көрсету саласында сапалылық, жауапкершілік, кәсібилік шарттарына лайық болу мақсатында  редакцияның ресми және ерікті тілшілері жасақталды.

Ресми тілші дегеніміз: Белгілі аумақта редакция атынан ресми түрде қызмет атқаратын редакция қызметкері. Ресми тілшілер – Қызметтік мөр (печать), сертификат, алғыс хат, марапаттау беру құқығы, редакция атынан семинар, жиналыстар, жиындар ұйымдастыру, мекемелермен, ұстаздармен байланыс орнату, газет номерлерін, топтамаларды жергілікті аумақта баспадан шығару және тағы басқа да ресми мүмкіндігі болады.

Ерікті тілші дегеніміз: Редакциямен тікелей жұмыс жасайтын тілшілер.

Республикалық басылым тілшісі дегеніміз жауапкершілік, кәсіби шеберлік, редакцияның және жеке тілшінің абырой-беделі принциптерін ұстанатын штаттық немесе штаттан тыс редакция қызметкері.

Ерікті тілші қызметіне қабылдау шарттары:

  1. Резюме, Жеке фото сурет
  2. Тілшілік жұмысы туралы өзіндік пікір
  3. Редакция жаңалықтарынан хабардар болып отыру және тұрақты байланыста болу.
  4. Сертификат тапсырыс және өзге де ақылы ұйымдастырылған іс-шараларда жауапкершілікті болып, Редакция беделіне сай қызмет атқару
  5. Қызмет атқару барысында Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» заңнамасы аясында қызмет атқару