Бастауыш сынып

Ч ч дыбысымен әрпі

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин ауылы, Мичурин орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы бастауыш сынып мұғалімі Ихсанова Бағдагүл Қазбек қызы

Сабақтың тақырыбы: Ч ч дыбысымен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Ч ч дыбысы мен әрпін таныстыру.
2. Оның дауыссыз (қатаң) дыбыс екенін аңғарту
3. Ч ч дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізіп оқыту (сөйлемдер құрату)
4. Сөздерге дыбыстық талдау жасату
5. Баспа әріптерді дұрыс жазғызып, ермексаздан Ч ч әрпін мүсіндету.
Дамытушылық мақсаты: 1. Сөздік қорын молайту
2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты:  1. Топпен жұмыс істеуге үйрету (бір-бірін тыңдап,   сыйлауға тәрбиелеу)
2. Тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ойын, сөздік, практикалық топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қол еңбегі, музыка.
Сабақтың түрі:            Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:    Ч ч әрпі, чемодан, чемпион, чиполино суреттері, ермексаз, қызыл, көк текшелер, кеспе әріптер (чупа-чупс кәмпиті, чак-чак пісірілген) Сауат ашу-Әліппе дәптері, бағалау жұлдызшалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг  “Мен құрбыларымды жақсы көремін”.
Мақсаты: өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсіндіру
Ойын “Кім шапшаң?” (таныс буындарды оқыту)
Топ оқушыларын үш орталыққа бөлу:
1.    Еңбек орталығы
2.    Оқу орталығы
3.    Жазу орталығы
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Өткен сабақтағы “Ц” дыбысын еске түсіріп, құрамында  “ц” әрпі бар сөздерді сұрау. (цирк, цемент, циркуль)
“Цирк” сөзіне сөйлем құрату
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Жедел хат бойынша “Гүл шоғының” тапсырмасын орындау
1 тапсырма:  Жұмбақ шешу
Орындық тұр – қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Ч)
2 тапсырма:  “Чемодан” сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3 тапсырма: Еске сақтау диктанты. (ауызша)
Чек, чемпион, чемодан, Мичурин – осы сөздерді балалар шатыспай айтып беру керек.
4 тапсырма:  Ч ч дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсың?
5 тапсырма:  Ч ч дыбысы буын бола алама?
Осы тапсырмалар орындалған соң гүл щоғы балаларға қалады.
Тапсырманы орындаған балалар жұлдызшамен бағаланады.
2. Ч ч әрпін ауаға, тақтаға жазып көрсету, екі элементтен тұратынын, айтылу артикуляциясын түсіндіру.
Сөздік жұмысы: Чемодан, чемпион, чек.
3.Сергіту сәті:        Біз чемпион боламыз
Бір, екі, үш, бір, екі, үш
Торғайда біз боламыз
Чирик — чирик – чирик  — чирик — чирик – чирик
Оқушы боп орнымызды табамыз
4. Орталықпен жұмыс:
Еңбек орталығы: Алдарында берілген  “чупа-чупс” кәмпитінің бейнесінде ермексаздан Ч ч әрпін жапсырмалап, мүсіндеу керек.
Оқу орталығы: Әліппе дәптерінде берілген сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, балаларға хормен және жеке буындатып оқыту, “чек” сөзіне дыбыстық талдау жасату (қызыл-көк текшелермен)
Жазу орталығы: Дәптерге Ч ч дыбысының бас және кіші әрпін қарындашпен жазғызу.
5.Сергіту сәті: үнтаспадан музыка ойналады, балалар орталық орындарын ауыстырады.

Осылайша балалар орталық орындарын үш мәрте ауыстырады.
Әр орталықта белсенділік көрсеткен балалар жұлдызшалармен бағаланып отырады.
6. Ойын “Бинго”
(алдын – ала әзірленген “чек” бойынша ойналады)
Егер бала дайындалған сұрақтарға жауап берсе тиісті чек-ті алып, чак-чак тағамын жеуге рұқсат алады.
Ойынның мақсаты:  балаларға еңбектің наны тәтті екенін  түсіндіру, шапшаңдыққа үйрету. Сөйлеу қабілетін, тілін дамыту.
Берілетін сұрақтар:
1.    Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2.    Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
3.    Дауысты дыбысты ата.
4.     Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?
5.    А а дыбысына сөз ойла.
6.    Сен қай ауылда тұрасың?
7.    Б б дыбысына сөз ойла.
8.    Сенің ұлтың кім?
9.    П п дыбысына сөз ойла.
10.     Мектеп неше қабатты?
11.     Мичурин сөзін буынға бөліп айт.
ІV. Қорытындылау.
Бүгінгі өтілген дыбысты қайталап, қоржынымызға қосылған сөздерді хормен айтып, буындап оқып шығу.
Чем-пи-он
Че-мо-дан
Чек
Белсенділік көрсеткен балалармен топты мадақтап, “ЧЕМПИОН” атағын беру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.