Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
№4 орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі
Саукманова Анар Слямжановна
Пән: Қазақстан тарихы. 5 класс
Сабақтың тақырыбы: §37. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог.
Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартушылығы, қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық , іздемпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға Ыбырай Алтынсаринның өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал- мәтелдер, Ы. Алтынсариннің суреті, сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық дайындық . Қызығушылық ояту.
Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» өлеңі оқылады.
II. Мағынаны тану. «Ыбырай Алтынсарин кім болды?» сызбасын толтыру.
Оқушыларды Ы. Алтынсарин өмірімен таныстырамын.
ІІІ.«Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі» сызбасын толтыру.
ІV.« Ойлан » Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?
1.
2.
3.
V. Сөз жұмбақ « Ыбырай »
IV. Жаңа білімді бекіту.
1. Ы.Алтынсариннің жазған оқулықтарын ата
2. Қазақ балаларының білім алуы үшін не істеді?
3. Қай қалада қыздарға арнап мектеп ашты?
4. Ы.Алтынсариннің балалық шағы туралы не білеміз?
Тақтадағы сөздерді пайдаланып, мақалдар жазу.
VI. Үйге тапсырма:
1.Тақырыпты оқып келу .
2. Ы.Алтынсариннің өмір тарихына байланысты тест құрастырып келу.
VII. Оқушыларды бағалау.