Алиева Гүлім Сабитбекқызы
Астана гуманитарлық колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
оқытушысы, әдіскер
Мақсаты: Х.Есенжановты таныту, шығармаларының тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып жан-жақты ашу.
Білімділігі: Жазушы шығармасын талдай отырып, жазушы тілінің өткірлігін, айқындылығын, даналық ойға құрылғандығын нақты мысалдармен дәлелдеу.
Дамытушылығы: шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
Тәрбиелігі: Шығармадағы проблеманы көтере отырып, ел, Отан, болашақ
алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, Сыни тұрғысынан ойлау жобасының элементтері.
Пәнаралық байланыс: тарих, мәнерлеп оқу, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Х.Есенжанов портреті, кітаптары, слайд.
Сабақтың өту барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Жаңа сабақ
ІY.Қорытынды
Y. Үйге тапсырма
YI. Бағалау
І. Ұйымдастыру. Амандасу. Білім алушылардың сабаққа қатысуын анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Үйге:1960 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі әдебиетке шолу. (15 минут)
- Топтық тапсырма
- 1 топ- Поэзия жанрына шолу.
- 2 топ- Проза жанрына шолу .
- 3 топ — Драма жанрына шолу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау. Хамза Есенжанов туралы не білесіңдер? (Өткен тақырып бойынша)
Жаңа сабақты түсіндіру
- Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд арқылы түсіндіру (3 мин)
- Бүгін біз сіздермен «Ақ Жайық» трилогиясымен танысамыз.(слайд)
- «Ақ Жайық» трилогиясы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш кітаптан тұрады.
1 кітап-Төңкеріс үстінде
2 кітап-Шыңдалу
3 кітап- Тар кезең
2. «Ақ Жайық» трилогиясынан үзінді оқу. (әр топқа 5 мин)
3.Инцерт стратегиясы: Шығармадағы түсініксіз сөздерді көрсету. (10 мин жазу)
Мен үшін түсінікті |
V
Мен үшін түсініксіз
—
Жаңа ақпарат
+
Мен үшін жұмбақ
?
4. Мамандықпен байланыс. Берілген қанатты сөздерге сәйкес мақал-мәтелді таңдап, ондағы мағыналы бір сөзді ағылшын тіліне аудару.
«Өркениет өнегесі-өз тіліңмен өмір сүру»- Н.Назарбаев
- 1. «Ұстамен жақын болсаң, ісің бітеді»
- 2. «Тіл- тиексіз, ой-түпсіз»
- 3. «Аш құлақтан, тыныш құлақ»
«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» — Дулат Бабатайұлы
- «Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі»
- 2. «Ата-анаң бар болсын, бала кезде жар болсын»
- «Ата балаға сыншы»
«Байлық- қанағат пен еңбекте»- Ыбырай Алтынсарин
- 1. «Ер дәулеті-еңбек»
- «Айтуға оңай, істеуге қиын»
- «Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер»
5.Енді басқаша бір тәсілмен жаңа сабақты қорытындылайық. (5-7 мин)
Мен сіздерге бірнеше тақырыптың үлгілерін берем, ал сіздер өздеріңе ұнамағандарын алып тастайсыңдар. Ал, өздеріңе ұнаған тақырыпқа әр оқушы 2 сөйлемнен жазып шығады. Оны бастаған оқушы жарнамалап оқып береді.
-Ел құлағы елу
-Туған жерді аңсау
-Адал, ақ жүрек жандар бейнесі
-Азаттық пен теңдік жолында…
-Кешегі азаттық жолындағы күрес, бүгінгі Тәуелсіздік
-Махаббат пен бақытқа жеткізер күн…
IY.Қорытынды.
Филология ғылымының докторы, академик Мұхамеджан Қаратаев Хамза Есенжановтың 60 жасқа келуіне байланысты «Социалистік Қазақстан» газетіне «Қайсар талант» атты мақала жариялап, «Әдетте, талант атаулыны гүлге балаушылық болады, Хамза талантын дәстүр бойынша гүлге баласақ, гортензияға балауға болады. Ол бейне бір гортензия гүлі секілді әрқилы жағдайда-ақ өзінің төзімпаздық қабілетін танытып, барлық тұрақты қасиет, сипатын сақтай білді. «Ақ Жайық» трилогиясы, «Көп жылдар өткен соң» — осының айғағы». «Ақ Жайық» трилогиясы – қазақ әдебиетін сатыға алғаш көтерген, бүкіл көп ұлтты совет әдебиетінің қазына қорына енген, көркемдік идеялық нысанасы жоғары, кесек шығарма.
Y.Үйге тапсырма Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы, «Ақ жайық» трилогиясынан үзінді оқу
YI.Бағалау.