Без рубрики

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Қараева Қаламқас Сәндібекқызы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөйлемнің мағыналық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай оған қатынасып тұрған тыныс белгілерінің қызыметін ажырата білу – нағыз сауаттылықтың бірден-бір кепілі екендігін меңгерту; оқушыларға сөйлем талдаудың ерекшеліктерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып, өйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы  — жас ұрпақты өз ана тілін құрметтеуге, ғылыми, мәдени қатынастарда қолдана білуге, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада орналастырылған слайдтар, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: шығармашылық.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, талдау, түсіндіру, интерактивті әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
ІІІ. Өтілген материалдарға арналған сұрақтар.
Мұғалім: — бүгінгі сабағымыз 4 бөлімнен тұрады:
І бөлім: «Сандық ашу»
ІІ бөлім: «Адасқан көш»
ІІІ бөлім: «Жайлауда»
УІ  бөлім. «Жаңа сабақ»
У бөлім: «Олжалы қоржын»
УІ бөлім. «Кім жылдам?»

ІІ. Оқушылар назарын тақтада ілініп тұрған қазақ тілініңграмматикалық салаларын арқалап бара жатқан керуен көшке аударамын.
Қазақ тілі көші
5- сынып    6-сынып    7-сынып    8-сынып    9-сынып
Фонетика     Лексика     Морфология     Синтаксис     Пунктуация

І бөлім: «Сандық ашу»
Пунктуация. Тыныс белгілерінің қолданылу негіздері мен қолданылатын орындары.
1.    пунктуация дегеніміз не?
2.    тыныс белгілер не үшін керек?
3.    тыныс белгілерінің қандай түрлері бар?
4.    қандай тыныс белгілер сөйлем соңына қойылады?
5.    нүкте қандай орындарда керек?
6.    тыныс белгілер стиль түріне қатыса ма?
7.    сұрау белгісі қандай жағдайда қойылады?
8.    леп белгісі не үшін керек?
9.    қабатталып қойылатын тыныс белгілерінің ерекшелігі неде?
ІІ бөлім: «Адасқан көш»
Мұғалім: – Көш адасты, тура жолға түсуі үшін менің тапсырмамды дұрыс орындау керек.
Тапсырма:
І топ. Сөйлемге қандай тыныс белгісі қажет? Шіркін, бұрынғының әндері-ай
ІІ топ. Ойдың аяқталмағандығының белгісі не?
ІІІ топ. Мына сөздердің қайсысынан соң леп белгісі қойылады? Жаңалық, бірталай, бәрекелді, қолайлы.
ІІІ бөлім: «Жайлауда»
Тақтада «Жайлау» табиғатының суреті.  Керуен сән-салтанатпен жазиралы қазақ даласын кезіп келеді. Алдымызда – жайлау, сұлу табиғат! (видео арқылы көрсетілген сюжетке эссе жазу)
ІУ. Жаңа сабақ.

Қаратпа сөз       Қыстырма сөз        Одағай сөз         Бірыңғай мүшелер
Оңашаланған айқындауыш мүшелер
Мысалы:
1.    Бұл жиында Ызғұтты, Жақып, Майбасар сияқты үлкендер және балалардан, Құдайберді, Абай бар. (М. Әуезов)
2.    Абырой болғанда, Нұрбек орнында отыр екен. (Қ. Жұмаділов)

Сөйлем ішінде ең көп қолданылатын тыныс белгілерінің бірі – үтір.

Грамматикалық               Интонациялық         Мағыналық

Заңдылықтарға байланысты қойылады.

У бөлім: «Олжалы қоржын». Оқулықпен жұмыс.
1) 155-жаттығу.
а) мәтінді оқыту, үтірдің қойылуына зер салу;
ә) үш азат жолды көшіріп жазу;

2) 156-жаттығу.
а) мәнерлеп оқу, үтірдің қойылу себебін түсіндіру;
ә) фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді табу;
б) тәуелдік және жіктік жалғауларын табу;

3) Тапсырма: Ұлыңмын сөзіне кешенді талдау.
УІ бөлім. «Кім жылдам?»
Бекіту сұрақтары.
1.    сөйлем ішіне қандай тыныс белгілер қойылады?
2.    сөйлем ішінде ерекшеленіп, мағынасы айқындалып тұратын сөздер қандай сөздер?
3.    тыныс белгілерін қолданудың заңдылықтарын ата.

УІІ бөлім. Үйге тапсырма.
1.    «Менің жазиралы Қазақстаным» тақырыбына шығарма жазу;
2.    Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгі. Үтір.
Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.