Без рубрики

Алгоритм. Программа ұғымдары.

ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау аулы, ММ
«Маяковский атындағы орта мектеп»
Информатика пәні мұғалімі Айгерим Омарова

Сабақтың мақсаты:
А) білімділік:
Оқушыларға алгоритм дегеніміз не, қандай мағынаны білдіретіні, алгоритмдердің орындалуын түсіндіру. Программа түсінігін ұғындыру.
Б) тәрбиелік:
Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
В) дамытушылық:
Оқушылардың логикалық оқлау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дәптер, тақта.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Топпен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Информатика. 9 класс. Авторы: Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадияров.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасытру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардан қауіпсіздік техника ережесін және көз жаттығуларын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

АЛГОРИТМ. ПРОГРАММА ҰҒЫМДАРЫ
Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850ж.ж.) есімінің латынша Аlgorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған.
Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Алгоритм — берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тіздегі түрінде келтіру.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. осы командалар тізбегін орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Проссор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін — программа деп қарастыруға болады.Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру клмандасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

АЛГОРИТМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ
Алгоритмдерді орындаушының рөлін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот т.б. атқарады. Мысалы, y =(ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс-әрекеттерден тұрады.
1) а-ны х-ке көбейту, оны R1 деп белгілеу;
2) оған b-ны қосу, нәтижесін R2 деп белгілеу;
3) с-ны х-ке көбейту, оны R3 деп белгілеу;
4) одан d-ны азайту, оны R4 деп белгілеу;
5) R2-ні R4-ке көбейту, оны у деп белгілеу.
Алгоритмді енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін түрінде жазу қажет. Ал алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.
Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс ерекшеліктері болады:
1) есеп шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
2) алгоритм программа түрінде жазылуы тиіс;
3) программа компьютер жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек.
Күнделікті іршілікте біз күн сайын көптеген алгоритмдерді кездестіреміз және атқарамыз. Мәселен, мектепке бару, сабаққа даярлану, ас әзірлеу, ағаш отырғызу, сөздіктен қажетті сөзді іздеген кезде белгілі бір алгоритмдерді атқаруға, яғни бірқатар қалыптасқан әрекеттер тізбегін орындауға тура келеді.
Сонымен алгоритм атқарушы — көрсетілген іс-әрекеттер тізбегін бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина, құрылғы немесе адам бола алады.

ІV Бекіту.
1. Алгоритм деген не? Бұл сөз қайдан шықты?
2. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?
3. Алгоритмнің бірмәнділігі дегенді қалай түсінесіңдер: Мысал келтіріңдер.
4. Программа дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.
1.1, 1.2-тақырыптар

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.