Оқушылар шығармашылығы, Ғылыми жобалар

«Құранның математикалық құпиялары» Ғылыми жоба

«Құранның математикалық құпиялары»
Ғылыми жоба

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданы, Жамбыл атындағы
мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы
Абдулламит Ерсейіт

 Ғылыми жетекшісі: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы,
Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі,
Қазақстан математика мұғалімдерінің І съезінің делегаты
Омарова Құрмет Өмірзаққызы

Абдулламит Ерсейіттің «Құранның математикалық құпиялары» тақырыбында жазған ғылыми жоба жұмысы Құранның  математикалық құпияларын зерттеуге арналған. Бұл жобада ғылым-білімнің қайнар көзі, бастауы, кітаптардың анасы – Қасиетті Құран туралы көптеген мәліметтер берілген. Сондай-ақ Құран кәрім адам баласын шындыққа, көркем мінез құлық қалыптастыруға, ғаламдағы әдеміліктерге назар аудартып, мұсылманның жан дүниесін иман шаттығына бөлейтінін жеткізе білген.
Құранның ғылыми ғажайыптарын зерттей келе қасиетті Құранның әріптері мен сөздерінің арасында өзара байланыстар бар екендігі туралы айтылады. Мысалы, қарама-қарсы мағынаны білдіретін бірнеше жұп сөздер, себеп-салдарлық байланыстағы сөздер тепе-теңдігі, өзара ұқсастық байланыстағы сөздердің тепе-теңдігі туралы ашып айтылған.Әбжаттық әліпби туралы да көптеген мағлұматтар келтірілген. Құранда көптеген жайттар 19 санымен байланысты екендігі туралы да баяндалған. Декард координат жүйесіндегі ғажайыптар, дұрыс көпбұрыштың қасиеттері, осьтік және центрлік симметриялар туралы да назардан тыс қалмаған.

Жоспар

І.  Кіріспе

ІІ. Зерттеу бөлімі

  1. Құранның ғылыми таңғажайыптары
  2. Әбжат туралы
  3. 19 саны құранның арқауы
  4. Құран құпиялары Декард координат жүйесінде

ІІІ. Қорытынды

                                  І.  Кіріспе бөлімі

                  Құранның математикалық құпиялары

                   Тіл білімі мен математика егіз ғылым. Олардың мағыналық бейнелері бір-бірінен ажыратылмайтын нәрсе. Ғылымның қасиетін білу, бұлардың шетсіз де шексіз екендігін түсінудің өзі зор білім, ұлы мәртебе. Ал ғылым үйрену туралы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бір күн бойы білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан абзалырақ» деген екен өзінің хадисінде.

Бүкіл 18000 ғаламды тәңірім шеберлікпен 6 күнде жаратқан. Біз құранның ғылыми жағын түсінуге тырысуымыз қажет және оған жеңіл қарамауымыз керек.

Құранда ең көп рет 2697 рет кездесетін «Аллаһ» деген сөз екен. Одан соң көп кездесетін «ғылым» сөзі 811 рет қайталанады. Ендеше ғылымды насихаттаушы кітап «Құран» десек еш қателеспейміз.

Ғылым-білімнің қайнар көзі, бастауы, кітаптардың анасы – Қасиетті Құран кәрім адам баласын шындыққа, көркем мінез-құлық қалыптастыруға, ғаламдағы әдеміліктерге назар аудартып, мұсылманның жан дүниесін иман шаттығымен тебірентеді. Құранның ең маңызды берекесінің бірі адамның көкірек көзін ашу, әлемдегі сұлулық-әдеміліктермен сезіндіру.

Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап — Құран кәрім туралы не білеміз?

Дүние жүзіне кең таралған діннің бірі — ислам. Ислам дінінің қасиетті кітабы араб тілінде, басқа діни кітаптарға мүлде ұқсамайтын жүйеде жазылған Құран. Құран Алланың ақиқат сөзі, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға Жебірейіл періште арқылы (610-632ж.ж.) жіберілген уахи.

«Құран» – араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран – адамзаттың тән азығы мен жан азығы, осы дүниелік ғұмыры мен ақыреттік мәңгі өмірі. Құран – адам баласының жеке басы мен отбасы, экономика һәм басқару жүйесі үшін де жеткілікті. Құран – дүрбелеңі мен шырғалаңы мол материалды дүниеде кездесер түрлі бөгеттерден алып шығар сара жол. «Құран» кәрімді алғаш рет кітап етіп бастырған Осман Халифа.Тұңғыш рет қазақшаға аударып, баспадан шығарған Ақыт қажы Үлімжіұлы. Толық аударып, Сауд Арабиясында, Түркияда бастырған Халифа Алтай қажы.

Құранда 114 сүре, 6666 аят бар, аяттар саны әртүрлі айтылады. Бір деректе 6226, ал енді бірінде 6236, 6238 т.с.с. Құрандағы сөздер 77439, басқа дерек бойынша 77934 сөз. Әріптер саны 323621, кейде 3254753.

Құрансыз өмірдің бос екендігін әрбір мұсылман терең түсінуі керек. Бұрын өткен ата-бабаларымыз заманында отбасындағы ұрыс-керіс, әке мен бала арасындағы талас-тартыс өте аз ұшырасқан, себебі олар Құран жолымен өмір сүрген. Құранды үйреніп, бала-шағаларына үйретіп отырған. Сондықтан отбасында береке, жақсылық, бір-біріне деген ізет, құрмет сақталған.

Қасиетті кітаптарды дұрыс талдау, түсіндіру ғылымның дамуын жеделдетеді. Құранды бір жақты түсіну немесе оның мәнін дұрыс түсінбеу, оны тек тағат-ғибадат, Құдайға құлшылық етуге ғана қажетті шығарма деп білу ғылымның дамуына бөгет жасайды. Астрономия, философия, медицина, т.б. ғылымдарының дамуына тірек болып, түрткі жасайтын мәселелердің Құранда жиі кездесетіндігі ақиқат. Құран аяттарында қазіргі ғылыми деректердің бар екендігі күмән тудырмайды. «Сөйтіп, Құран –тек мазмұны жөнінен ғана емес, сонымен бірге шығу тегі мен оны түсіндірудің тарихы да үлкен әрі күрделі шығарма. Құранның ескі бөлігіне қатысты уақыттан бері 14 ғасыр дерлік уақыт өтсе де, оның көзқарастары, дүниетанымдары біздің дәуіріміздің көптеген адамдары үшін бәрібір емес,  оған барлық жағынан бірдей емес пікірлер мен принциптер ұстанатын әр түрлі елдер халықтардың өкілдері жүгініп отырады.

Құран мен хадистерді негізге алып араб ғалымдары ашқан алғашқы тарихи шығармаларын VІІ ғасырдың басында жазған. Европада ғылыми зерттеумен айналысқан ғалымдар инквизиция кезінде отқа өртелді, бұл кезде мұсылман ғалымдары Құранды негізге алып көптеген ғылымда жаңалықтар ашты. Мәселен ең алғаш қағаз өңдейтін фабриканы 794жылы Ибн Фазл ашқан, бұл өндіріс Византияда 1100, Англияда 1309 жылы пайда болды. Алгебраның негізін салушы Хорезми (780-850) «Әл-Джабр вал-Мунабиле»

Кітабын жазды. «әл-Джабр» сөзін батыс ғалымдары «Алгебра» атауынан осылай аталып кетті. Француз профессоры Э.Ф.Гаутье: «Европа мәдениеті алгебра бойынша ғана емес, математиканың өзге де бөлімдерін мұсылман ғалымдарының жетістіктері арқылы байыту мүмкіндігін иеленіп отыр; шындығында, бүгінгі таңдағы батыстың математикалық ғылымы бұл ислам математикасын жалғастыруымыз ғана» дейді. «Абдул Вафа (930-998) тригонометрия тангенс, котангенс ұғымдарын енгізді. Ньютон ашты деп айтылып жүрген заңдылықты… Ньютоннан бұрын, дифференциалды есептеуді Сабит бин Гурра (901 жылы қайтыс болған) ойлап тапты. Ең алғаш геометриялық алгебраны Декарт емес, Сабит бин Гурра енгізді. Шпенглердің «1880-1936) пікірінше функция ұғымы математикаға ең алғаш Европада енген және бұл туралы ешбір өзге мәдениетте бұған дейін кездеспеген. Алайда осы салада кең ауқымды зерттеулер жүргізген Мұхаммед Игбал, бұл пікірге тойтарыс беріп, функция туралы ойды европалықтардан сан ғасырлар бұрын Бируни ашқандығын (астроном, математик, географ, геолог, философ, тарихшы, дәрігер, ақын, этнограф) дәлелдеген болатын. Бируни «Табиғаттың он сегіз сыры» атты еңбегінде заттардың жерге тартылу заңын итальян ғалымы Галилейден (1564-1642), ал бүкіл әлемдік тартылыс заңын ағылшын ғалымы Ньютоннан (1643-1727) алты-жеті ғасыр бұрын тапты.

Мұсылман – «таза адам» деген сөз. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Тазалық – иманның жартысы» дейді және дәрет алудың артықшылықтары мен рухани пайдаларын жеткізген. Мысалы, спортпен айналысатын адамдарда істеген әрекеттері жылдам болғандықтан, жүректерін тез шаршатады және жатығуларынан кейін шаршап қалады. Намазда болса әрекеттер баяу. Бұл әрекеттер жүректі шаршатпайды және күннің түрлі уақыттарында болғандықтан, әрқашан қалыпты ұстайды. Күнде басын жерге 80 рет қоятын адамның миы күніне 80 рет қанмен шайылады, яғни қан айналу процесі болады. Көзі ішінің қан қысымында арту болмайды. Намаз оқитындар бүйрек үсті бездерінің және бүйректердің де жақсы жұмыс істейтіні белгілі.

      Алла – ақиқат, оны тану керек. Абай айтқандай, «Алла адамзатты өз махаббатымен жаратқан. Олай болса, Алланы жанымыздан да қатты сүюге біз парыздармыз. Алланы сүю арқылы біз оған қарызымызды өтемекпіз» дейді.     / Ғ.Ақытұлы. «Құран Кәрімдегі ғылыми негіздер» кітабынан./

                              ІІ.     Зерттеу бөлімі

                   Құранның ғылыми таңғажайыптары

 

Құран аяттарында кездесетін кейбір ғылыми деректерді келтірейік.

1.“Ай (лат.Luna) – Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын өзі жарық шығармайтын аспан денесі… Ай шар тәрізді… Ай бір жарық фокусында Жер тұратын эллипстік траектория бойымен 1000метр сек. жылдамдықпен айналады… Айда күн мен түн шамамен 15тәулік сайын алмасып отырады. Ай беті өзіне түскен күн сәулесінің тек 7%-тейін ғана шағылдырады. Осы айтылғандарға сәйкес Құран аяттары: “Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. «Абайландар! Ол тым үстем аса жарылқаушы’». (39-с.5-а) «Алланның  жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіндер ме? Олардын ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды». (71-с.15,16-аяттар). «Сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық күн және сәуле беруші айды жаратты.» (25-с.61-а). «Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да, оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді.» (10-с.5-аят). «Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түн де күндізден ілгерілемейді. Әрбірі көкте жүзеді». (36-с.40-аят). «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар аса үстем,толық білуші Алланың өлшеуі». (6-с.96-аят). «Ол сондай Алла: түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді.» (21-с.33-аят). Жоғарыдағы деректер мен аятттардың мағыналарында ешқандай айырмашылық жоқ. Мысалы, Ай өзінен жарық шығармайды деп анық айтылып тұр.Сол сияқты Күн, Ай орбиталары туралы да аяттарда айтылды.

2.Жер бетіндегі халықтардың бір-біріне ұқсамайтын күнтізбе жүйелері бар. Уақыт өлшеу мен есептеу әдістері ежелден белгілі және біртіндеп дамыған. Хижыра жыл санауында 354,36667….тәулік, яғни 354күн, 8 сағат, 48 минут, 35 секунд, ал григориан мен хижыра жыл санауындағы айырма 11 тәулік. Дәл есебі 10,8755 күн. Осы айырма күннен бір жыл құралуы үшін 33,5839 жыл өту керек, ал тоғыз жыл болу үшін300 жыл өту керек. Хижыра мен милади күнтізбесіндегі айырма күндердің тура тоғыз жыл құрайтындығы туралы 18-Кеһф  сүресінде айтылған: «Біз оларды үңгірде ұзақ жыл ұйықтатып тастадық.(11).Содан соң үңгірде қанша жыл жатқандарын анықтау үшін оларды оятып, екіге бөліп есептеттік.(12). Олар үңгірлерде 300жыл жатты.Тоғыз (жыл)арттырды (25)». Міне бұл аяттар уақыт есебін жүргізу туралы болып отыр.

3.Ғарышкерлікке қатысты Құран Кәрім не айтады?  «…Көктер мен жердің шектерінен өтуге келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар». (33)   Мұнда ерекше қуат деп ғылым мен техниканы меңзеп тұрған жоқ па? Кейбіреулер ғылым мен техниканы ислам діні мен Құран Кәрімге қарсы қойғысы келеді.Жоғарыдағы аят бұған қарсы дәлел емес пе? Ат пен түйеден басқа көлік жоқ бір заманда болашақта ерекше қуатпен аспан мен жердің шекарасынан шыға аласыңдар деудің өзі бір мұғжиза. Бірақ барлық адам ол кезде мұның мәнісін түсіне қойған жоқ. Көне тәпсіршілер де қазіргі біздің түсінігіміз негізінде түсіне алмады. Өйткені, Құранның терең сырларын дүние дамыған сайын адам емес, заман ашуда.

Енді айға бару жөнінде жоғарыдағы аяттан да ашығырақ мына бір аят бар. « … Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберілді …(35)» (55-Рахман сүресі). Бұл жердегі «түтінсіз жалынды» қазіргі зымырандарда (ракета) қолданылатын жанармай-«гептил» деп айтуға болады.

4. Күн де бір орнында тұрмайды.

Астрономдар күн де бір орнында тұрмайды. Бүкіл галактика (құс жолы) системасының заңдылығы бойынша өз бағытымен секундына 30км жылдамдықта үздіксіз алға жылжуда деп қарайды екен. Ендеше Құран Кәрім не дейді? Тағы тыңдап көрелік: «Күн де тұрағына қарай үздіксіз жол тартуда, бұл барлықтан үстем және барлық нәрсені біліп тұратын Алланың тағдыры»  (36-сүре, 38- аят)

5. Кейбір теңіз сулары қосылса да бірікпейді, аралықта табиғи перде бар.

Қола шығанағына ене берісте Могильное (Молалы) көлі бар. Оның табиғатта шын мәнісінде сирек кездесетіні соншалық, тіпті суы бес қабат болып жатады! Көл онша терең де емес, он жеті метр шамасында. Бірақ суы шынында да бес қабат. Көлдің беткі суы кәдімгі көлдердегідей, ал одан төмен түсіп көлдің түбіне қарай барсаң болғаны, ғажап сонда кездеседі. Алты метр тереңдікте беткі тұщы судың орнына көл суы ащылана бастайды, одан кейінгі суы мүлде ащы –теңіз суындай. Одан әрі қарай, көлдің дәл түбінде күкіртті сутегі әбден еріген су қабаты бар. Мұның өзі Молалы деген атын растап тұрады. Бұл су астына шөгіп жатқан өсімдіктер мен жануарлардың  қалдықтарынан пайда болған. (Мезенцев В., «Әлемде талай қызық бар». Ғажайып құбылыстар энциклопедиясы.Алматы,ҚСЭ бас редакциясы. 111- бет). Ал, Балқаш көлінің суы ащы және тұщы болып Ұзынарал тұсынан бөлінеді. Ұлытау өңіріндегі Дулығалы өзенінің жағасында Қойлыбай бақсының моласы тұр. Моланың тұсында өзеннің бір жағыдағы су теңіз суы сияқты өте ащы, мүлде ауызға алуға келмейді, екінші жағындағы суы тұщы.

Қызыл теңізде екі бағытта ағыс бар екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Бір қызығы, екі ағыстағы сулар бір-бірімен араласпайды.

«Ағызған екі теңіз қосылады. Екі арасында (көзге көрінбейтін) бөгет бар. Бір біріне араласпайды. Ендеше Раббыларыңның қай нығметін өтірік дейсіңдер? Екі теңізден де інжу-маржан шығады» (55-с.,19-22 аяттар). «Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасында (қосылып араласпайтын) бөгет жасады.» (25-с.53-аяттар) «Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаған және екі теңіздің арасында жік жасаған кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді». (27-с.61 аят)

5.Көлеңкесі бойынша уақытты анықтайтын күн сағаттары болатындығы мәлім. Құрылыстың биіктігін өзінен өлшеу мүмкін болмайтын жағдайда көмекші әдіс қолдану туралы қосымша оқу құралдарынан белгілі. Мысыр пирамидаларының биіктіктерін анықтау үшін ұқсас үшбұрыштардың элементтерінің өзара қатынасын қолданған дейтін аңыздың негізсіз емес екендігі көрінеді. Ұзындығы белгілі каданы тік қойып, оның көлеңкесінің ұзындығын өлшейді. Содан соң каданың ұшынан көлеңкенің ұшына дейінгі күн сәулесін, каданың өзін және көлеңкесін кесінділер деп есептеп, тік бұрышты  үшбұрыш құрайды да есепті шығарды.

Бұрыштың тангенсі туралы түсінік бізге мәлім. Тік қада ұзындығының (х) өз көлеңкесінің ұзындығына (а) қатынасы, сүйір бұрыштың тангенсі. Арабша зыл (зіл), яғни тангенс, қазақша мағынасы көлеңке деген сөз. «Күн сағаты бұрынғы кездердегі мешіттерде болған…..Күн сағаты бойынша түстік сызықты, яғни меридиан-бойлық бағытты айыру оңай». (А.Машынов. «Зерде» N2, 1994) Бұл туралы Құранда мынадай аят бар: «Алла жаратқан нәрселердің көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады (әміріне бағынады)».(13-с.15 аят)

         Осы ғасырдың 70-80 жылдары Құранды компьютерлік техниканың көмегімен зерттегенде қасиетті Құранның әріптері мен сөздерінің арасында таңғажайып өзара байланыстар бар екендігі анықталды.

Мысалы,

  • «аш-шаһр» (қазақша аудармасы – ай) сөзі құранда 12 рет, ал «аль-йавм» (күн) сөзі 365 рет кездеседі екен.
  •  Қасиетті Құранда аспан санының жетеу  екендігін баяндайды, яғни жеті қат аспан, ал «аспан» сөзі Құранда 7 рет кездеседі.

 

Қарама-қарсы мағынаны білдіретін бірнеше жұп сөздер Құранда бірдей рет кездеседі. Мысалы,

  • «Ад-дуния» (осы өмір) және аль-ахира» (келешек өмір) сөздерінің әрқайсысы Құранда 115 реттен қолданылған.
  • «ас-салихат» (жақсы амалдар) және «ас-саййат» (жаман амалдар) сөздерінің әрқайсысы 167 реттен,
  • «Аль-малак» (періште) және «аш-шайтан» (шайтан) сөздері 68 реттен,
  • «Аль-хайят» (өмір) және «аль-мавт» (өлім) сөздері 145 реттен,
  • «Ан-наф» (жақсылық) және   аль-фасад» (жамандық) сөздері 50 реттен,
  • «Аль-иман» (иманды) және «аль–куфр» (кәпір) сөздері 25 реттен,
  • «Ас-сайф» (жаз) және «аш-шита» (қыс) сөздері бір реттен,
  • «Аль-харр (ыстық) және «аль-бард» (суық) сөздері 4 реттен кездеседі екен.

 

Себеп-салдарлық байланыстағы сөздердің тепе-теңдігі

  • «Аль-ғилм» (ғылым) және аль-иман (наным) сөздері Қасиетті Құранда әрқайсысы 811 реттен кездеседі.
  • «Аль-фахиша» (бұзықтық) және «аль-гадаб» (ашу,қаһар) сөздері 24 реттен,
  • «Ас-сихр» (сиқыр) және «аль-фитна» (бүлік, лаң) сөздері 60 реттен қолданылған.

 

Өзара ұқсастық байланыстағы сөздер тепе-теңдігі

  • «Аль-аснам» (бұт) және «аш-ширк» (көп құдайшылдық) сөздері Қасиетті Құранда әрқайсысы 5 реттен,
  • «Аль-джаһим» (тозақ) және «аль-икаб» (жаза) сөздері 26 реттен,
  • «Ад-дин» (дін) және «аль-масджид» (мешіт) сөздері 92 реттен,
  • Аллаһтың керемет аттарының бірі – «Ар-Рахман» (мейірімді) Құранда 57 рет қолданылса, «Ар-Рахим» (рақымды) сөзі дәл екі есе көп 114 рет айтылған. Құранда 114 сүре бар екендігіне назар аударыңыз.
  • «аль-кафирун» (кәпірлер) сөзі Құранда 154 рет қолданылса,  «ан-нар» (от) және «аль-харик» (жалын) сөздері де сонша рет кездеседі.
  • «Аль-акл» (ақыл) және» ан-нур» (нұр) Қасиетті Құранда 49 реттен,
  • «Аль-хамр» (шарап)  және  «аль-хинзир» (шошқа) сөздері 5 реттен

 

                                    Әбжат туралы

 

         Ғалымдардың айтуы бойынша жалпы жазудың пайда болғанына 3000-4000 жыл болған. Шындығында жазу онан да ерте шыққан сияқты. Өйткені адам баласына өмір сүру ережелері Адам ата мен – Хауа Аналардан бастап берілген. Исламдық сенім бойынша білім (жазу, сызу) Адам  пайғамбарға (ғ.с.) берілген. Бұл туралы Құранда былай дейді: «Оқы! Раббың аса ардақты.Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмегенін үйреткен.»  (96-с.3-5 аяттар). «Аса қамқор Алла (1) Құранды үйретті. (2)Адамзатты жаратты.(3)Оған сөйлеуді үйретті (4)…(55-С.1-3 Аяттар)

Қалай болғанда да жетілдірілген жазу үлгісінің, әріптер құрылымының аспани табиғаты бар, әлемдік жүйемен байланысты екендігі ақиқат. Яғни жазу белгілі бір заңдылықтар бойынша жасалды, сонымен қоса ол табиғи құрылыстарға негізделеді.

Араб әріптерінің шығуын аспан әлемімен байланысты деп қарастыратын пайымдаулар негізсіз болмау керек. Араб әріптерінің алфавиттегі саны 28. Бұл сан айдың көріну мерзіміне сәйкес. Яғни ай қияқтанып туғаннан дөңгеленіп толғанға дейін 14 күн, одан біртіндеп кішірейіп соңғы таусыншақ ай қияғының таңға жақын көрінуі тағы 14 күн. Араб жазуын, оның ішінде Құран жазуын оқу — өзіндік ережесі (тәжуид) бар зор ғылым. Себебі жазылғанмен оқылмай қалатын, қосылып оқылатын, өзгеріп оқылатын әріптер болады. Әріптердің бір-біріне ықпалы бар. Дыбысталуына тигізетін әсері, оның қандай белгіде болуына байланысты. Әріптердің алфавиттік реті екі түрлі болады. Тілдік әліпби кәдімгі әліппе ретінде, ал есептік әліпби хисабтық мақсатта қолданылады. Хисабтық әліпби сегіз сөзге топтастырылған. АБЖД, ҺУЗ, ХТИ, КЛМН, СҒФС, ҚРШТ, СХЗ, ДЗҒ  (бұл жердегі ескеретін жағдай сол, араб тіліндегі дыбыстардың кейбірінің қазақ тілінде болмауына байланысты таңбалар кириллицамен қайталанған сияқты, бірақ олар басқа дыбыстар. Мысалы С әрпі үшеу, үш түрлі дыбысталады). Әрбір араб әрпі белгілі бір санды білдіреді. А-1, Б-2, Ж-3…т.с.с.мыңға дейінгі сандар қамтылған. Мұны әбжаттық әліпби дейді. Және әрбір араб сөздері де бір санға эквивалентті болады.Әбжат екі түрлі болып бөлінеді. Үлкен  әбжат және кіші әбжат. Бұдан басқа да реттік сандар осы әріптермен беріледі. Мысалы, К-12, Л-13, М-14 т.с.с. Үлкен әбжатта бірліктер, ондықтар, жүздіктер және мың болса, кіші әбжатта барлық 28 әріп 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ғана қамтиды. Сонда 18 әріптің екі түрлі сан мәні болады. Дүние-ғалам ғажап құбылыс, артық еш нәрсе жоқ. Әр нәрсе тек өзіне ғана тән пішінмен үйлесімді. Бос орын жоқ. Дүние – құрылыс. Адам сол дүниеге өлшеніп жасалған.  Әр нәрсенің тек өзіне ғана тән өлшемі болады. Айтылуы, жазылуы және математикалық белгісін бірге алғандағы да құрылыс болады. Жебірейіл періште бірде Адам ғаляихиссаламға заттардың атын үйретіп:

-Тағат-ғибадатың қалай?-деп сұрапты.

-Тағат-ғибадатымнан жаңылғаным жоқ,-деп жауап беріпті Адам ата.

-Ал әбжатты түсіндің бе?

-Аса көп шұғылданғаным жоқ,-дегенде Жебірейіл:

-Саған Алладан сәлем. Егер әбжат есебін (математиканы) білмесең, тағат-ғибадатың қабыл болмайды,-депті. Сөйтіп әр заттың атын үйреткенде оның айтылуы, жазылуы және сандық мәнін қоса білу керек.

 

      19 саны туралы

 Құранда көптеген жайттар 19 санымен байланысты. 19 саны Құранның арқауы екендігі дәлелденген ақиқат. Мүмкін, ондық санау жүйесінің 1-бірінші, ал 9-соңғы цифры болғандықтан да болар. Ол кезде күрделі алпыстық санау жүйесі қолданылғанымен Аллаһтың кітабында сандар ондық жүйемен берілген. Құранда «он», «жүз», «мың» сөздері жиі кездеседі.

  • Құранның барлық сүрелері басталатын «Бисмиллаһир-рахманир- рахим» сөзі араб жазбасында 19 әріптен құралады, сан мәні — 786.
  • . Аллаһтың  «Аль-Вахид» деген керемет есімі 19 санына эквивалентті, яғни 19 саны сәйкес келеді.
  • Қасиетті Құранның Аллаһтың елшісіне (с.ғ.с.) жіберген алғашқы аяттары «Аль-Алак» сүресінің алғашқы бес аяты. Олар барлығы 19 сөзден тұрады. Осы сүренің аяттарының жалпы саны да 19.
  • Құранның соңғы түсірілген сүресі «Аль-Наср» Ол 19 сөзден, оның бірінші аяты 19 әріптен тұрады.
  • Құранда жалпы сүре  саны 114, Құранда  «Аллаһ» сөзі  2698, «Ар-Рахман» 57, «Ар-Рахим» 114 реттен келтірілген. Бұл сандардың барлығы да 19-ға бөлінеді.

Құранда 19 санымен байланысты басқа да көптеген мысалдар бар. 19 санының математикада кездесетін жағдайын қарастырайық. Бір бұрышы 600-қа тең үшбұрыштың осы бұрышының биссектрисасының бойынан алынған центрден жүргізілген шеңбер үшбұрыштың екі төбесі арқылы өтсе, онда үшбұрыштың ерекше нүктелері осы шеңбердің бойында жатады.

  1. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі
  2. ортоцентрі,
  3. үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі, т.с.с жалпы үшбұрыштың 19 ерекше нүктесі болады.

Құранда ешқандай да кездейсоқтық кездеспейді. Декард координат жүйесінің абсцисса осіне Құран сүрелерінің реттік нөмірін, ал ордината осіне сол сүреде кездесетін аяттың сан мәнін қойып нүктелерді белгілеп шығайық. Мысалы, 1-ші сүреде 7 аят, 2-ші сүреде 286 аят, т.с.с. 114-ші сүреде 6 аят. Координата жүйесінде нүктелер жиынын аламыз. Бұл кездейсоқ нүктелер жиыны емес, ол нүктелерді қосқанда араб тілінде «Аллаһ» деген сөз шығады. Сондай-ақ «Ықылас» сүресінде кездесетін әріптердің қайталану санын абсцисса осіне, ал ол әріптердің рет санын ордината осіне сәйкестендіріп, табылған нүктелерді қосқанда арабша «Аллаһ» деген сөз шыққан.

Тағы бір таң қаларлық жағдай  – кәдімгі аралардың ұясының құрылысы. Араның ұясы дұрыс алтыбұрыш формалы. Дұрыс көпбұрыштардың ішінде сыйымдылығы ең үлкен, ал ең аз материал кететіні – дұрыс алтыбұрыш екендігі дәлелденген. Қасиетті Құранда «Ара» сүресінің кездесетінін ескере отырып, Алланың  құдіретіне қалай тәнті қалмасқа?

Американың әуесқой суретшісі 6000-нан аса қар түйіршіктерін суретке түсіріп, үлкейтіп шығарған. Оларды салыстырғанда  бір-бірімен ұқсас ешбір қар түйіршігін кездестіре алмаған. Әрбір түйіршікте геометриялық осьтік, центрлік симмертия қасиеттері қатаң сақталған. Дүние жаратылғалы бері жер бетіне қаншама қар түйіршіктері түскенін есептесек, мұның бәрін қандай

шебер жасап жатыр екен деген ойға қаламыз…  Осы тұрғыдан алғанда әр адам саусақ бедері бір-біріне еш ұқсамайтыны бәрімізге мәлім. Адам атадан бері жер бетінде қаншама адамдар дүниеге келгенін есептесек, тағы терең ойланбасқа шарамыз қалмайды …

                      Құран сүрелері – Декард координат жүйесінде

                     Табиғаттағы таңғажайып симметрия

                      Дұрыс алтыбұрыш формалы аралар ұясы

 ІІІ.  Қорытынды

          Құран Кәрімнің жоғарыдағы айтылған ғылыми кереметтері әсіресе, математикалық мұғзижалары әшкере болғаннан кейін, Құранды зерттеуші көптеген мұсылман емес ғалымдардың өзі де мұндай бір кітапты жазып шығу адамның қолынан келе бермейді деген тұжырымға келді. Құран Кәрімдегі «19 сан» мұғзижасын адам орналастырғанды айтпағанда оны есептеп шығудың өзі адам қолынан келмейтінін, тек электрондық машиналар (компьютерлер) ғана есептеп шыға алатындығын көріп, көпшілігі Құран Кәрімді Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) түскен илләһи бір кітап деп мойындады. Бұл жөнінде Құран Кәрімнің 17-сүре, 88-аятында мынадай деген:

«(Ей, Мұхаммед!) айтып қой, бүкіл адамдар және жындар осы сияқты кітапты өмірге келтіру үшін бас қосып жиналса да, бұл сияқты бір кітапты өмірге келтіре алмайды. Тіпті біріне-бірі көмектесіп, жәрдемдессе де жазып шыға алмайды». Жоғарыдағы математикалық мұғжиза, әсіресе «19» мұғжизасы осы бір аяттың шындық айғағы екендігі тағы да толық сипаттады.

Әрине, осымен Құранның сандық кереметтері таусылмайды. Біз бұл аз ғана еңбекте тек адамдарға белгілі болған жайттарды ғана сөз еттік. Ал адамдардың білмейтіні әлі қаншама екендігі тек бір Аллаға ғана аян.

«Құранның математикалық құпиялары» Ғылыми жоба: 9 комментариев

  1. Өте жақсы жазылған жоба, жоғары деңгейде! Білім деңгейіңді одан әрі жетілдіруіңе тілектеспін!

  2. Жарайсың,Ерсейіт! Расында, тамаша жазылған екен.Біліміңді одан әрі тереңдетуіңе тілектеспін!

  3. Ия, жақсы жазылған. Ертеде жердің белгісі текше болған, егер сол текшенің 6 жағын, 8 төбесін, 12 қабырғасын қосса 26 шығады. Бұл Менделеев кестесіндегі темірдің реттік саны, ал зерттеулер бойынша жердің ортасы темір элементінен тұрады. Осы сияқты басқа элементтердің фигуралық бейнелері бар. Ақжан Әл-Машанидің еңбектерін оқуға кеңес беремін.

  4. мен Құранды физикамен, заң (конституция)мен баламалы ойлайтынмын, бірак математикамен тұспа-тұс келтіріп, анық жазғаны өте керемет. шынымен де Аллаһтың нұры түскен адам екен

  5. Тамаша ғылыми жоба, нақтылы ғылыми деректерге сүйеніп жазылған. Ақиқатында, Алланың сөзі-шындық, Құран-хақ. Алла разы болсын! Білімің арта берсін!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.