"45minut.org - Конкурстар", "МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ", konkurs

Топ жарып, оза шапқандар

bb11Еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берген Елбасымыз өз Жолдауында — «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Олай болса, Президентіміздің Жолдауын жүзеге асыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданның спорт және дене шынықтыр бөлімі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен  спорттық іс шара өткізіліп келеді.Соның бірі Бейнеу селосы Әли Балта атындағы орталық стадионында салауатты өмір салтын насихаттауды, ауыл спортын дамытып, спортшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 7-9-11 сыныптар арасында өткен «Президенттік сынақ» жарысында  Бейнеу лицейі оқушылары 9-сынып оқушысы (қыздар арасында) Жолжігітова Айгерім, 7- сынып оқушылары Іздібаев Ақжол мен Орынбасар Манарлар қатысып I орынды жеңіп алды. Сондай-ақ 2003-2002 жылы туылған оқушылар арасында кіші футболдан өткен жарыста лицей оқушылары оқ бойы озып, қарсыластарын сан соқтырған Лицей командасы бірінші орынды иеленіп, кубокты қанжығасына байлады. Олар футболдан өздеріне шақ келетін қарсылас жоқ екенін тағы бір дәлелдеп, облыста өтетін сайсқа жолдама алды. Осы сайыстың басы қасында жүрген бапкерлері дене тәрбиесі пәні мұғалімдері Айдос Төленов пен Мұрынбаев Қарамандардың да еңбектері ерек.

Тағы бір қуантарлық жаңалық аудан бойынша дарынды, талантты жастарды анықтау мақсатында өткен «Тайталас» зияткерлік сайысының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Сайыстың ашылуында  республикалық, халықаралық деңгейге дейін жалғасатыны туралы «Заңғар Асу» қоғамдық қорының директоры А. Дүйсембаева айтып өтті. Бұл сайыста дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан бірнеше мектептен оқушылар мен командалар қатысты. Өз мектебінің намысын қорғаған лицей командасы бұл жарыста көшбасшы болуға ұмтылып, қызықты да тартысты ойын көрсете білді. Дойбыдан II орын алған 10- сынып оқушысы Көбейсінов Азамат алса, шахматтан 5- сынып оқушысы  Орвазалыұлы Қуандық I орынды иеленді. Білім бойынша зияткерлік сайыста сұраққа ұтымды жауап беріп, команда бойынша «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші «Жарық жұлдыздар» лицей командасы суырылып алға шығып, қараша айында өтетін облыстық жарысқа жолдама алып қуанышқа бөледі. Олар 10- сынып оқушылары Жәкен Нұрхан мен Нүркен, Шахаманова Лаураларға ұстаздар атынан алғысымыз бар. «Жарық жұлдыздар» командасына сәттілік пен жеңіс тілейміз.

«Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесі денешынықтыру пәні мұғалімі Гүлназ Әжібаева

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.