Өзін-өзі тану пәні

Екі сөйлеу – ерге сын

Қызылорда облысы, Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицейдің
Өзін -өзі тану пәнінің оқытушысы Қожақова Құндыз Айдарқызы

Сабақтың мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі  мәнін түсіндіру. Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
— «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру;
— Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
— Адалдыққа тәбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, бейне таспа, плакаттар, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, допСАБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі  — 3 мин
Шаттық шеңбері

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің өз қуанышымызды, сүйіспеншілігімізді, мейірімімізді шеңберге тұрып, доппен бір-бірлеріне деген жақсы көңіл-күймен тілектерін айту.
—    Қуан, шаттан!
—    Қуан, шаттан!
—    Қуанатын күн бүгін.
—    Қайырлы таң!
—    Қайырлы күн!
—    Күліп шықты күн бүгін!

ІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық — 2 мин
«Ойланайық, пікірлесейік!»

•    Өз-өзіңді алдаған кезің болды ма?
•    Болса, ондай кезде қандай сезімді басыңнан өткіздің?
•    Адамдар неліктен өзін алдайды деп ойлайсың?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру – 15 мин

Адам өзінің жалқаулығын, ерік-күшінің әлсіздігін бүркемелеу үшін түрлі сылтаулар іздеп, өзін-өзі алдайды. Өзін-өзі алдағанда адам бір сәтке көңілі орныққандай сезімде болады. Алайда өзіне көңілі толу адамға ешқандай жақсылық әкелмейді. Сондықтан өз ар-ұятыңның алдында адал болуың керек. Сол үшін өз еркіңді жетілдіріп, намысың мен ар-ұжданыңды барлығынан жоғары қоя білу маңызды.

IV. Жаңа материалды бекіту —  17 мин

1) Дәптермен жұмыс – 4 мин
Жаңа сабақты дәптерге түсіру.

2)  Дәйек сөз – 3 мин
«Өтірікші бірінші өзін алдайды» мақалы сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру. Дәйексөзді  оқып, талқылау

3)  Мәтінмен жұмыс: «Оқып үйренейік!» – 3 мин
«Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру мақсатында М. Мақатаевтың «Шындық туралы» атты өлеңімен танысу.
Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқаттың алмасы суынған ба!

Шындық деген шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығыны шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

Сергіту сәті – 2 мин

«Шынымды айтсам» жаттығуы.
Жаттығу мақсаты: топтың бір-біріне деген сенімін бекіту, қорқыныштан арылу, өз пікірлерін ашық айтуға бағыттау.
Шынымды айтсам, мен сабақ біткеннен кейін ………………
Шынымды айтсам, мен сабақ кезінде ………………..
Шынымды айтсам, мен мұғалім жұмысын ……………..
Шынымды айтсам, «Сварькі ісі» мамандығын …………………
Шынымды айтсам, мен …………………..
Шынымды айтсам, мен сабаққа дайындалып жатқанда ….
Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ……………………..
Шынымды айтсам, мен ата-аналарымның
қобалжуын ойлағанда ………………….
Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда …………….
Шынымды айтсам, мен биге барғанда …………………..
Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда ………………….
Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде ………………..
Шығармашылық жұмыс – 5 мин
Жұмбақтарды шешу арқылы  «ХХІ ғасыр шындық әлеміне» саяхат жасау.

V. Сабақты қорытындылау – 8 мин

1) Тыныштық сәті – 2 мин

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңмен толық сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

2) Сахналау – 2 мин

Төмендегі кейіпкерлердің қасиеттеріне сәйкес, өзара диалог құрастырып, «Өтірікшіге сылтау көп ….» тақырыбында шағын қойылым қою.
1.    Ақталуға дайын тұратын оқушы
2.    Жалқау оқушы
3.    Жігерлі оқушы

3) Жүректен жүрекке – 4 мин

Сабақ соңында оқушылар шеңберге тұрып,  түйген түйсіктерін ЖҮРЕКШЕ арқылы өз  ойларын айтады.
«Ризамыз, ризамыз!» әнін айту.

Сабақ соңында тілек ағашын толтыру.

Екі сөйлеу – ерге сын: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.