Жаңалықтар, Хабарландыру

БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ

Құрметті Ұстаздар! Ұстаздар үшін ашылған республикалық 45minut.kz басылымының ресми ақпараттарымен таныс болыңыздар. Редакция алқасы жазғы демалыстан кейін қалыпты жұмысын жалғастырады.

Жазғы демалыстардан кейін оқу жылы басталуы қарсаңында Ұстаздар үшін редакция тарапынан атқарылатын қызметтерімізде жұмыс жоспары нақтыланып, өткен жылдардың тәжірибесіне сай жұмыстар нақтыланды. Атап айтқанда, қызмет көрсету сапасын арттыру және тиімділігін нақтылау мақсатында жанашыр Ұстаздардың ұсыныстары ескерілді. Редакция жұмысына жанашыр ұстаздарымыздың болуы Ұстаздар үшін атқарылатын қызметтерімізде ерекше ынта сыйлайды және сапалы қызмет атқаруға талпындырады.

Редакцияның жаңа жұмыс жоспарымен таныс болыңыздар:

  1. Материалдар жарияланымы және сапалылық деңгейі
  2. Сертификаттар, топтамалар, әдістемеліктердің уақытылы әзірленіп, жеткізілуі
  3. Редакция тілшілерінің жаңа құрамы және аймақтық тілшілердің ерекше мәртебелері
  4. Оқушыларға арналған жеке ақпараттық онлайн ресурс
  5. Ұстаздарға арналған «Жаңа білім жаңа ғасыр» конкурсының жалғастыру және онлайн негізге оңтайластыру
  6. Іс-тәжірибе алмасу бағыты бойынша жаңа ақпараттық, білім беретін ресуртармен шығармашылық байланыс орнату

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.