Баяндамалар, Экономика, Ғылыми жобалар

«Экономика пәнін оқыту ерекшелігі»

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№101 орта мектебі, экономика пәні мұғалімі
Сейсекеева Ақалтын Оразғалиқызы

Баяндама тақырыбы: «Экономика пәнін оқыту ерекшелігі»
Авторлық жұмыстың электронды нұсқасын жүктеп алу: «Экономика пәнін оқыту ерекшелігі» (MS Word)

Баяндама жоспары:
I.    Кіріспе
II.    Негізгі бөлім.  «Мектептегі экономика пәнінің маңыздылығы »
III.    Экономика сабағындағы тірек-сызбалар мен кестелер  (5-11 сынып аралығы)
IV.  Қорытынды
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық жүйесінде болуын талап етеді және оған сай экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.
Нарықтық экономика біздің бәрімізге қатал талап қойып отыр. Әр адам өмір сүруі үшін, осы нарықтық қатынастардың қатал заңымен жүріп, одан нақты әрі нәтижелі істі қажет етеді. Ендігі уақыт адамның бос жүрісі мен енжар жалқаулығын көтермейді.
Өскелең ұрпақтың заман талабына сай ой-өрісін кеңейтумен қатар, қазіргі демократиялық қоғам идеясы мен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын нақты сипаттайтын болғандықтан және біз өмір сүретін қоғам болғандықтан, біздің ешқайсымыз да экономиканы өмірден бөліп қарап немесе экономикалық білімсіз өмір сүре алмаймыз.
Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасқан және неғұрлым дамыған формасы – халықаралық сауда болғандықтан, сыртқы сауданың негіздерін игеру қажет. Ол үшін экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің күн сайынғы әлемдік экономика жаңалықтарынан хабардар болып отырамыз.
Экономиканың басты бейнесі – адам болып табылады. Экономика мен қаржылық сауаттылықты білу арқылы адамның жеке тұлғасы (еңбексүйгіштік, жауапкершілік, орындаушылық, үнемшілдік, белсенділік, іскерлік, тәртіптілік) дамиды. Сондай-ақ, экономикалық білім саласында адам өмірден өз орнын табуға, шешім қабылдауға, әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасауға бағытталып отырады.
Кәсіби бағдар мен экономикалық мәдениетті қалыптастыруда адам белгілі бір еңбек, іс-әрекетті санасына ендіруге ұмтылу болып табылады.
Тәрбиелік міндеттері: өз қабілетін бағалау арқылы түрлі кәсіби мамандықтарға қызығушылықтарын қалыптастыру: адам еңбек пен материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, сонымен бірге өзі де жетіледі; көздеген мақсатқа жетудегі тұрақтылық, шыдамдылықты дамыту; экономикалық білім негіздеріне жетудегі ұмтылысты дамыту, т.б.

І. Мектептегі экономика пәнінің маңыздылығы

Экономика деген сөз алғашқы ұғымында «отбасы шаруашылығын» білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп білеміз. Өндіріс – қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті. Өндіргіш күш – өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді. Әрбір адам көп қырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Адам өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адам жеке меншігі – оның үй-мүлкі, киім-кешегі, көлігі, саяжайы, т.б. Адам қай заманда болсын өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады. Мысалы, үстіңіздегі киім, таңертеңгі асыңыз, үй жанындағы дүкен, т.б.
Қазіргі нарық заман тұсында мектеп қабырғасында оқып жүрген өскелең ұрпаққа көптеген жаңа пәндер келіп қосылуда. Соның бірі – экономика сабағы балаларға өте қажет-ақ. Шет мемлекеттерде экономика негіздері балабақшадан бастау алса, елімізде бастауыш сыныптардан бастап дамып келеді. Астана, Ақтау қалаларында экономикалық лицейлер ашылып, тереңдетіліп білім беруде. Экономика білім саласы қазіргі таңдағы жаңалықтармен, дүниежүзілік ақпарат көздерімен тығыз байланыста болғандықтан, бұл пәнге балалардың өз қызығушылығы, ынта-жігері көптеп табылуда. Үш тілді еркін меңгерудегі термин сөздерді біліп-тану олардың экономикалық білімін шыңдаумен қоса, ЖОО-да оқуына жол ашады. Бұл пәннің тағы бір ерекшелігі – адамзат дамуы үшін, белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін, өзінің ішкі қабілеттерін дамытуы керек десек, ол жас бүлдіршіндерді экономикалық ойлаумен қатар, қоғамға араласуға, табиғи дарындылықпен қатар, тез шешім қабылдап, ойлау қабілетін дамытуға және бизнес этикасы мен табысты бизнес қадамдарын жасауға үлес қосады.
Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты – жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнес пен экономикаға үйрету, жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру мен нарықты зерттеу. Балалардың лидерлік қабілетін дамытуға, іскерлікке, жауапкершілікке, өз қаражатын білуіне немесе қаржылық есепті меңгеру ісінде сауаттылығын дамытуға да пайдасы зор. Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.
Экономикалық тәрбие – бұл оқушының экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық әрекет. Бұл салада тәрбиелік жұмыстар бекітіліп, сол арқылы қызықты да мазмұнды іс-шаралар өтуде. Олар: «Дүниенің кілті – экономикада» плакаттар сайысы, «Жарнамалық агенттік», «Жұмыссыздық» рөлдік ойындар, бизнес, банк, базар сияқты іскерлік, танымдық, логикалық ойындар, нарық саласында жазылған эссе, өлеңдер, жыл сайынғы Елбасының халыққа арнаған Жолдауын (экономика бойынша) насихаттау мен таныстыру, кәсіпкер, банк қызметкерлерімен кездесулер, шағын мектеп компания жұмыстары мен бизнес хабарлар және капитал әліппесі.
Қосымша мәліметтер бойынша айтсақ, заңға қайшы келетін экономикалық қылмыс түріндегі «сыбайлас жемқорлық» тақырыбы да жоғарғы сынып оқушылары арасында қарастырылып, елімізде парасатты экономика саясатын жүргізуде өз ойларын ашық түрде айта алады. Осындай мәселені көтеру арқылы елімізде келешек жастарды үлкен өмір жолында әділ де шыншыл, иманды да қарапайым, ар-ұяты таза, дұрыс өмір сүру деңгейіне көтереді. Экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті дамушы елдерде мұндай көлеңкелі мәселені ертеректе қолға алып, қазір де аз пайыздық мөлшерде ғана көрсеткіш береді.
Қазақстан Республикасында 1995 жылдан «Жастар жетістігі – Junior Achivement» (ЖЖ) қоғамдық қоры – балалар мен жастарға экономикалық білім беру барысында орталықтарда жұмыс атқарады. Астанадан бастау алып, еліміздің көптеген облыстарында Білім және ғылым министрлігі бекіткен педагогикалық нұсқаудағы бағдарламалар нәтижелі көрсеткіштер беруде. Бұл орталықтар ұйымдастыруымен жыл сайын жоғарғы сынып оқушыларына экономикалық олимпиадалар, сайыс жарыстары, кездесулер, көрмелік өнім жәрмеңкелерін, ал пән мұғалімдеріне арнаулы семинар-тренингтер мен ашық сабақтар беріледі. Осы орайда Қызылорда қаласындағы «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының басшысы Алишева Светлана Серікбайқызының қолдауымен экономика курсының маңыздылығы жүзеге асуда.
Алдағы кезең – оның жұмысын жандандыратын, қатарын молайтатын шақ. Бүгінгі білім беру ісінде бағдарлы оқытудың маңыздылығы ерекше десек, осы орайда экономикалық білім мен бизнестің алғашқы баспалдағы кәсіпкерлік негіздерін үйренудегі өзіндік үлесі болары сөзсіз.

Экономика сабағындағы тірек-сызбалар мен кестелер  оқушының жауап парағы арқылы есте сақтау қабілеті мен көзбен көру бейнелік жағын қалыптастырады.
(5-11 сынып)

Қажеттілік пирамидасы

Сұранысқа әсер етуші факторлар

Сұраныстың өсуі, яғни тұтынушылардың кез-келген мүмкін баға кезінде тауарларды көбірек сатып алу жөніндегі шешімі мынадан туындай алады:    Сұраныстың азаюы, яғни тұтынушылардың кез-келген мүмкін баға кезінде тауарда аз сатып алу жөніндегі шешімі мынадан туындай алады:
1) Нарықта сатып алушылардың көбеюінен    1) нарықта сатып алушылардың санының азаюынан
2) Тұтынушылардың табысының көбеюінен    2) Тұтынушылардың табысының азаюынан (қалыпты тауарлар бойынша)
3) Тұтынушылардың табысының азаюынан (төменгі тауарлар бойынша)    3) Тұтынушылардың табысының көбеюінен (төменгі тауарлар бойынша)
4) Тұтынушылардың талғамындағы және ілтипат берулеріндегі оң өзгерістерден    4) Тұтынушылардың талғамындағы және ілтипат берулеріндегі теріс өзгерістерден
5) Тауар-субститут бағасының қымбаттауынан    5) Тауар-субститут бағасының арзандауынан
6) Тауар-комплемент бағасының арзандауынан    6) Тауар-комплемент бағасының қымбаттауынан
7) Баға және табыс өседі деп күткендіктен    7) Баға және табыс төмендейді деп күткендіктен
Ұсынысқа әсер етуші факторлар

Ұсыныстың көбеюі
яғни сатушылардың кез келген ықтимал баға жағдайында тауарды көбірек шығару шешімі мынадан туындауы мүмкін:    Ұсыныстың азаюы
яғни сатушылардың кез келген ықтимал баға жағдайында тауарды азырақ шығару шешімі мынадан туындауы мүмкін:
1) ресурс құнының арзандауынан;    1) басқа тауарлар бағасының өсуінен;
2) технологиялардың жақсаруынан;    2) ресурс құнының артуынан;
3) салықтың азаюынан;    3) тозған, ескірген құрал-жабдықты пайдаланудан;
4) дотация берілуден;    4) салықтың көбеюінен;
5) нарықта сатушылар санының көбеюінен;    5) нарықта сатушылар санының азаюынан;
6) оң жағымды күтулерден (қолайлы болжам)    6) теріс жағымсыз күтулерден (қолайсыз болжам)

Ақша жүйесі

Банк қызметтері

Банктердің негізгі операциялары

Салықтардың жіктелуі

Мемлекеттік бюджет

Экономикалық өсу түрлері

Маркетинг сақинасы

Экономикалық цикл және оның сатылары

Жаңа тауарды жасау (дамыту) процесі

Дағдарысқа қарсы күрес саясатының шаралары

Несие формалары

Жалпы ішкі өнім

Қорытынды

«Қазақстан-2030» бағдарламасында: «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады», «Келешектің иесі – жастар» делінген. Сондықтан, қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Осыған орай маман қызметінің мазмұны жақсарып, жаңа мақсат, жаңа шешімдер мен мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншіліктері тек білім арқылы келеді. Жеке тұлға тәрбиелеуде жеке мамандықты меңгерген экономикалық, эстетикалық ойлауы дамыған күнделікті мәселелерді жылдам шешуге дағдылану болып табылады. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан кешенді саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру жөнінде көп табысқа қол жеткізді. Оңтүстік Азия елдерінің, атап айтқанда, Сингапурдың моделін ұстана отырып, Президент шетел инвестицияларына жол ашты және реттелетін қаржы жүйесін жасады.
Бүгін де бұл елдің жедел дамып келе жатқан және икемді нарықтық экономикасы бар, оның беріктігі түбегейлі реформалар мен табиғи байлықтардың молдығына негізделген.
Қазақстан тұрақты саяси мәдениеті және келешек әлемдегі мұнайлы державалардың бірі бола алатын ықтимал мүмкіндігі бар. Орталық Азияның экономикалық өрге сүйреушісіне айналды.
Қазақстан өзіне тән даму жолын қалыптастырып, күннен-күнге өркендеп, алға қарай нық қадам басуда. Бәсекеге қабілетті, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін үлкен де кең ауқымды шаралар атқарылуда. Жас ұрпақты жарқын болашаққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу.
Білімнің іргетасы мектепте қаланады деген қағида қашаннан бері бар. Ендеше бүгінгі мектеп оқушысы – ертеңгі күннің әртүрлі саладағы маман иесі болып, егеменді еліміздің жарқын болашағы деп санаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.