Хабарландыру

ОҚО облысы. «Қазақстан — 2050» стратегиясы: «Бір халық — бір ел — бір тағдыр» өнер фестивалі

oko_logo

ОҚО облыстық мектеп, аудан \қала\ мектеп оқушылары

арасында өткен «Қазақстан — 2050» стратегиясы:

«Бір халық — бір ел — бір тағдыр» — айдарымен өнер фестиваліндегі

қазылар алқасының қорытындысы бойынша

Ш Е Ш І М І

ОҚО облыстық білім басқармасының 2013 жылғы №1321 бұйрығы негізінде наурыз-сәуір айларында облыстағы мектеп оқушылары арасында «Қазақстан — 2050» стратегиясы: «Бір халық — бір ел — бір тағдыр» — айдарымен өнер фестивалі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты: Қазақстан балаларын елжандылыққа баулу, қазақтың рухани ұлттық құндылықтары – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын, туған елдің тарихын, мәдениетін ұрпақтар арасында насихаттау, бойында рухани өнері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оларды сахна төріне шығарып одан әрі дамыту.

Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған, облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептер арасында өткізілген өнер фестивалінде бірнеше ұжымдар сарапқа салынып, іріктелді. Түрлі таланттарды жарыққа шығаратын өнер сайысы барысында аса белсенділік танытқан аудандар жүлделі орындарға ие болды.

Әрдайым тақырыпты айқара ашып, жаңа қырынан көрінетін Шымкент қалалық білім бөлімі театр ғимаратының алдында жоғары деңгейдегі тақырыптық қолөнер туындыларын қоюдан бастап, сыртта 1000 баладан құралған «Флэш-Моб» тобының «Мәңгілік ел» композициясын ауқымды ұйымдастырса, Мақтарал аудандық білім бөлімі би жанрын насихаттап, жас буын би топтарын сахна төріне шығарып, Шардара білім бөлімі жекелеген әншілерінің, «Думан» тобының орындау шеберліктерін танытып, Бәйдібек аудандық білім бөлімі міндетті шығарма «Астана» күйін, В.И.А. ансамблін, өнерпаздарына жаңа костюмдер тіктіріп, гимнастика тобының әсем өнерін шебер көрсете білді. Аталған аудандық білім бөлімдері үздіксіз жеңімпаз атанып келе жатқан үлгілі ұйымдардың легінен танылды.

Түркістан қалалық білім бөлімі жылдағы қарқынмен, биылғы жылы ережедегі барлық жанрды толық қамтып, тақырыпқа сай «Мәңгілік ел» бейне фильмін дайындап, жоғары сахналық мәдениетін, орындау шеберліктерін көрсетіп, эстетикалық тұрғыда тақырыпты аша білсе, Төлеби аудандық білім бөлімі сыртта ұйымдастырған кең көлемдегі қолөнер туындыларын таныстырудан бастап, сахна төрінде бүгінге дейінгі тарихи шежірені шебер сомдап, әр жанрлар түрімен, бірлігі жарасқан «Достық» композициясының тартымдылығымен тақырыпты айқара ашты.

Қазығұрт аудандық білім бөлімі «Жұлдыздар», «Таңшолпан», «Арай» би топтарының жаңа шығармаларымен, қисынсыз заттармен жасалған 60-қа жуық түрлі киімдерден «Ұлттық үлгілер» сән үлгілер топтамасын шебер ұйымдастырып, Ордабасы аудандық білім бөлімі 100 аурухана, 100 мектеп, 100 тұрғын үй, «ЭХРО-2017» — композициялық бағдарламасымен, авторлық шығармашық топтарымен, жас әншілерімен ерекшеленсе, Түлкібас аудандық білім бөлімі бір деммен өткен бағдарламасында жаңа буын әншілерімен, Сайрам аудандық білім бөлімі сахналық мәдениетті жоғары сақтап, жаңадан толықтырылған әншілерімен, бишілерімен, 13 адамнан құралған «Дойрашылар» тобымен бағдарламасын көркемдеді.

Кентау қалалық білім бөлімі сахналық мәдениетті жоғары сақтап, фестиваль сценариіне мағыналы сөздерді тиек ете отырып, түрлі жанрларды тартымды жеткізсе, Арыс аудандық білім бөлімі жоғары дайындалған вокал, ән жанрларымен, «Арыс сазы» балалар оркестрінің құндылығымен тақырыпты ашып, Отырар аудандық білім бөлімі зал, сахна мәдениетін сақтап, әсерлі «Күй сайысы», жаңа киім үлгідегі әсем билерімен ерекшеленіп, үздік өнерлерімен жеңімпаз атанды.

Бұл фестивальге биылғы жылы облысымыздағы аталған білім ұйымдары бойынша 20 мыңдай өнерпаз қатысып, қорытынды концертте сараптаудан өтіп, жолдама алған 6 мыңға жуық оқушы өнерлерін ортаға салды.

Өнерлерін шыңдау, жеке тұлғалық дамуын жетілдіру және ынталарын арттыру, өнерге құштар балалардың талантын ұштай түсу, халық өнерінің түрлі жанрларын насихаттау мен оларды қолдау мақсатында аудандардың білім ұйымдарына облыстық білім басқармасының лауреаттық дипломдары тапсырылып, өткізіліп отырған қорытынды концертте жүлделі орындарды иеленген шығармашылық ұжымдар мен жеңімпаз оқушылар «Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығының» мадақтамасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Облыстық білім басқармасы,

мектеп олимпиадаларын өткізу орталығының

педагог-ұйымдастырушысы С.Сатыбалдиева

Оразов Жүсіп — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
тілшілер жұмысын үйлестіруші және меншікті тілші.
Тел: 8 705 236 3049. E-mail: zhusip.orazov@mail.ru

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.