«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Мәңгілік елдің Президенті

Қошаманова Гулнара Алимхановна
ОҚО.Арыс ауданы. С.Ерубаев атындағы
жалпы орта мектебі география пәні мұғалімі

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз мемлекеті дүние жүзіне танылып, әлеуеті артты. Қазақ халқының бағына біткен біртуар ұлы Н.Назарбаевтың өз елі үшін әкелік қамқорлығы оның барлық істерінен көрініс табады. Ол алдымен елдің саяси-экономикалық жағдайының артуы, халық игілігі үшін жасалған түрлі бағдарламалар мен стратегиялар «Қазақстан-2030» стратегиясы, «100 мектеп, 100 аурухана», «Саламатты Қазақстан», «Қол жетімді баспана» бағадарламалары мен, «Бизнестің жол картасы», «Жасыл ел», «Қазақстан-2050» стратегиясы. Елбасының бастаған қай ісі болса да халық арасында қолдау тапты. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда елімізде 758 аурухана, 942 мектеп салынды. «Балапан » бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларды қамтуды 65,4% ұлғайту мүмкін болды.

«Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» — деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 ж 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында. Сол Мәңгілік ел болып қалу үшін халықтың бірлігі, білімі, еңбек сүйгіштігі мен Отанға махаббаты болуы керек.

Бұдан әрі Президент: «Соның ішіндегі ең басты мақсат — елімізді дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып табылады», — дегенге бір тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміз 22 жылдың ішінде қыруар іс тындырғанын баса айтты. «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды», — деді Н.Назарбаев.

Тұңғыш Президентіміздің еліміздің абыройын әлемдік деңгейде асқақтатуы оның сарабдал саясаты мен қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық реформаларының нәтижесі. Елбасының білімділігі мен парасаттылығы арқасында бүкіл адамзат танып қана қоймай, оны құрметтейтін мемлекетке айналдық. Бүкіл дүние мойындаған, ұлы саясаткер Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тарихындағы орны ерекше. Ел көшін дұрыс бағытпен бастаған Президент, алдына қойған мақсаттарға халқына және Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы жетті. Елбасы қай жолдауында болмасын барлық тапсырмалар мен міндеттерді халық игілігі үшін қойды. Әрбір ширек ғасырда халықтың өзі ел үшін үлгі боларлық тұлғаны мақтан тұтқан.

1836ж. Бөкей хандығында аса ірі халық- азаттық көтерілістерді басқарған батырлар И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының ерлігімен мақтансақ, ал 1917-1920 ж. Алаш партиясының басшылары А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатовты қазақтың нағыз патриоты десек артық емес еді. Ал бүгінгі күннің біз үлгі тұтатын қадірлі тұлғасы, ол біздің Президентіміз.

  • Мен ұстанатын қағида жастарды еңбекке, білім мен салауатты өмірге, тарихты қастерлеуге үйрету және өз үйі-табиғатына қамқорлық жасау. Адам табиғат жемісі және тіршілік иесі. Табиғат-адам-тіршілік, осы бір қасиетті үш сөздің астарында терең мән жатыр. Адам алғашқы жаратылғаннан күннен бастап табиғатты тұтынып келеді, онсыз күні жоқ. Елбасымыз табиғат үшін де, оның перзенті адам үшін де ерлікке бергісіз істер жасады. Кешегі Семей полигонын жабуы мен ядролық қаруды таратпау туралы жарлығы, елді көгалдандырып ауыз сумен қамтамасыз етуі, қоршаған ортаны сақтау үшін де дені сау ұрпақ қажеттігін ойлап салауатты өмір қағидасын ұсынуы, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және ысырап етпеу, үнемдеу сияқты ұшқыр ойлы бастамасы нәтижесін толық берді десек те болады. Осы жерде елім деген әрбір азаматтың, ел егемендігін алудағы тарихи оқиғаларды ұмытпауы қажет.

Бірақ осы кезеңге жету үшін халықтың басынан біраз қиыншылықтар, кедергілер де өтті. Елбасының сеніп ел басқару тізгініне қойған кейбір облыс әкімдері мен банк басшылары, министрлер халықтың тырнақтап жиған дүниесін тонап, ел асып қашып та жүр. Мүмкін бұл да кедергінің бірі шығар. Сонда да болса Елбасы халқымен бірге болды, тығырықтан шықты, халқына , елдің шуақты ертеңіне сенді. Халқы да онымен әрдайым бірге болып келеді. Көнекөз қариялар патшаға сабыр берсін, санасына берсін деп отырушы еді. Оның да сырын енді білген сияқтымыз. Халық қаламаған көп мемлекет басшылары өз еліне жете алмай сыртта белгісіз өмір кешуде. Ал біздің Президентіміз ел билеу ісінде әлемдік тәжірибені игерді. Жұмысшы, әкім , бай , кедей деп бөлген жоқ. Өз халқын биікке жетеледі, ынтымағын арттырды, әлеуетін нығайтты. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ел егемендігіне бастама болды. Сол бір қыс айларында Алматы қаласындағы жастардың қаперсіз алаңға шығып, «Қазақстаным менің!»» әнін ұрандата айтып, алдында не күтіп тұрғанын білмесе де таң атқанша, жаурағанына қарамай тұруы Отанға деген сүйіспеншіліктен болса керек. Осы естен кетпейтін күндер сонша жыл өтсе де көз алдымда мәңгіге кетпейтіндей. Жап-жас қыз-жігіттердің үстіне мұздай су шашып, полицейлердің дубинкамен ұрып қууы күтпеген жағдай еді. Ыза кернеген жастар алаңнан таң атқанша кетпей , жақсы хабар күткендей болдық. Анда-санда Үкімет мүшелерінің «жастар қайтыңдар» деген сөзін еміс-еміс есітіп тұрдық. Одан кейінгі қысқы демалыстан келгенде , прокуратураның күнара алып кетіп тергеуінен қатты шаршап, шынын айтсақ кей күндері өмірден безіп кетердей де болдық. Оның үстіне соңғы курста оқитын едім, шығарып жіберсе, ата-ананың алдында абыройсыз болып оқуды қайта көрмес едім. Бірақ сол бір жастардың серпілісінен кейін, елдегі өзгерістер тарихқа бергісіз еді. Сол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы елде үлкен саяси өзгеріс әкеледі деп ешкім де ойламады. Енді елдің басшысы, жанашыры кім болады екен, тағдырымыз кімге байланысты болады екен деп те қатты алаңдадық. Ел тәуелсіздігін алып, көк байрақ желбіреп, ел тізгіні халқымыздың кемеңгер ұлы Н.Назарбаевтың қолына тиді. Бұрынғы Қазақ Ордасының керегесін көтерген хандарымыз Керей мен Жәнібек болса, ал қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің туын желбіреткен халқы үшін басын тіккен Елбасымыз Н.Назарбаев болды. Ия, тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Ел басында қиын күндер, тарығушылық, сенбеушілік те болды. Бірақ осы бір қиын қыстау күндердің елімізде оңай болмағанын, ендігі жерде осы тәуелсіздік тізгінін мықтап ұстап қалу және сол үшін бүкіл өміріңді арнаудың қажеттігін біздің Елбасымыз дұрыс түсініп шешім қабылдады. Қазақ халқының мәртебесін асқақтатып, жақсы істердің қасында өзі жүрді. Елбасымыз халқын өз соңынан ерте білді және дұрыс жол көрсетті. Қазір Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады, соларды бір шаңырақ астында ұстап, әрқайсысының тілін тауып, тілі мен дініне шектеу қоймай еркіндік беруі кез-келген азаматтың қолынан келе қоймас. Мемлекетіміз 23 жыл ішінде көркейді, еңсесі көтеріліп, терезесі теңелді. Әсіресе мемлекеттің ішіндегі ынтымақ ұлттардың татулығында. Кеңес Одағы кезінде де Қазақстанның өз орны болды. Тың игеруде орыстар мен украиндар, беларустар қазақ халқымен бірлесе кең даламызды игеріп, дәнге толтырды. Кен орындары, металлургиялық комбинаттар, шахталар толассыз жұмыс істеді. Осы жерде Президентіміз Н.Назарбаевтың: «Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе-соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» -деген кемеңгерлік сөзінің астарында көп мән бар.

Еліміздің тәуелсіздігі- ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.

Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Өзгеге ұқсамайтын тарихымыз, даму жолымыз, стратегиямыз бар. Қазақ елінің өз бейнесін, дархандығын, жомарттығын, отаншылдық пен рухын дүние жүзіне таныта білген тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев тарихта ойып орын алатын мәңгілік тұлға. Еліміздің әр күнгі жүрек қағысын, қадамын, халықтың тіршілігін түн ұйқысын төрт бөліп ата-анамыздай қамқор болып отырған Президентіміздің қасиеттілігіне ештеңе тең келмейді. Өз қызметін абыроймен атқару тектінің ғана қолынан келеді. Бір отбасындағы адамдардың тағдыры сан қилы болатыны сияқты , ел ішіндегі халықтың да жағдайы түрліше.

Кейде ел тәуелсіздігін алу жолындағы қиын күндерде достарыммен бірге болып, қазір соның керемет нәтижесін көргеніме разы боламын. Елу жылда ел жаңа дейді ғой, аз ғана 23 жыл ішінде әлеуетіміз артып, халқымыздың еңсесі көтеріліп ақ қалды. Қазіргі өзімнің туған жерімде ата-бабамыз көрмеген мектепте қызмет етіп, соны мақтанышпен жастарға оны үлгі етіп жүреміз. Елбасымыздың «100 мектеп 100 аурухана » бағдарламасы аясында ауылымызда 2008 жылы жаңа мектептің ғимараты бой көтерді. Мектеп соңғы үлгімен салынып, оқушылар мен мұғалімдерге сабақ өтуге толық жағдай жасалған. Интерактив тақталар мен компьютер сыныптар, спорт зал мен асхана, кітапхана, жылыжай да бар.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса еді демек, бұлар-жүрек ісі.»-дейді Абай.

Осы бір сөз тізбектері Елбасымыздың көп еңбегіне дәл келетін сияқты. Өз халқына мейірбандылықпен қарап, адам баласының барлығына өз бауырындай жүрегі жылуы текті адамның ғана қасиеті.

Елбасының пайымынша, «Қазақстан-2050» стратегиясы барлық саланы қамтитын және үздік өсімді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы деп білуіміз керек. «Ол елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту — ортақ парыз, абыройлы міндет болып табылады», — деді Қазақстан Президенті.

Қоғамымызды нығайту мақсатына отансүйгіштікті күшейту , ынтымақтастық пен еңбекті нығайту арқылы қол жеткізуге болады.

Елбасымыздың елді еңбекке шақырып, әрбір азаматына күнкөріс қағидасын түсіндіруі, әрбір кәсіпті терең игеріп мемлекет үшін пайдалы болу жағын ойластыруы нағыз еңбексүйгіштік қасиет. Жастарды еңбекке баулу, ата-ананың қасында жүріп шаруашылықты үйрену, белгілі бір кәсіпке мойын бұру осы кезден басталады. Еңбек еткен әрбір азаматтың өз жемісін жейтіні айдан анық. Баланы жастайынан ерінбей еңбек етуге үйрету, оның ертеңі үшін қажет жағдай. Еуропа мен Америка елдерін жұмыссыздық жайлаған кезде Қазақстанда Елбасы бастамашылық жасаған және партиялық үкімет іске асырған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» екі жылда шамамен 400 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 4 мыңнан астам мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды, мәдениет үйлерін, кітапханаларды, 5 мың километрге жуық жергілікті жолдарды жөндеуге, 400-ден астам ауылды абаттандыруға мүмкіндік берді.

Болашақтағы жоғары білімді қазақстандық жеке табысқа қол жеткізіп, тек мықты денсаулығы мен сапалы өмір сүру жағдайы болғанда ғана өз Отанына пайда келтіре алады.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясықоғамдық бірлестігінің ХІV съезінде:

Қажетті өмір сүру жағдайын жасау үшін:

· халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және ізінше шылым шегуді, нашақорлықты және алкоголді шектен тыс пайдалануды 15%-ға азайту;

· азаматтарды 25%-ға дейін, балалар мен жасөспірімдерді 12%-ға дейін қамтуды қамтамасыз ететін дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылдану;

· оларды халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарай отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру;

· жалпыға бірдей экологиялық білім беру жүйесін құру жолымен азаматтардың экологиялық мәдениетін дамыту. Экологиялық ағарту білім беру үдерісінің барлық деңгейінде оқу жоспарларына енгізілетін болады;

· энергия үнемдеудің дәйекті саясатын бір мезгілде енгізе отырып, энергияның балама көздерін дамыту;

· ірі қалалардың «жасыл белдігін» қорғау, таза тұщы су көздерін қорғау, тамақ өнімдерін сертификаттауға қойылатын қосымша талаптарды алға тарту; өзендер мен су қоймаларының су қорғау аймақтарында заңсыз құрылыс салуға, олардың тұрмыстық ағындармен және қоқыспен ластануына қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық бастамаларды қолдау деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ел сенімін ақтаған азамат. Тарих дегеніміз елдің өткені мен бүгінгісі емес пе? Өткен тарихымыздың ақтаңдақ беттері Жәнібек пен Керей Әбілқайырдан бөлініп, жеке қазақ хандығын құрғаннан кейін «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама», қуғын -сүргін, Ұлы Отан соғысындағы тартқан азабымыз, бүгінгі қол жеткізген тәуелсіздігіміз нағыз қазақтың тарихы. Кейде қазақ ағайындардың бұрын қазақ елі болмағандай, тәуелсіздіктен соңғы өзгерістерді ғана айтып жатады. Мен оны құп көрмеймін, себебі қазақ елі бұрыннан болған, тек жеке дербес ел ретінде 1991 жылы танылдық. «Мақтан елім, мақтанатын ұлың болса егер» деген сөз бар, Еуразия құрылығының дәл ортасында Каспийден Алтайға дейін, Солтүстік қазақ жазығынан Тянь-Шаньға дейін созылып жатқан ұлан ғайыр жерімізді қырағы көзден қылт жібермей, әрбір халықтың терезесін тең, керегесін кең етіп ұстап отырған Елбасымыздың ақыл ойы данышпандыққа тең. Қазақстан халқының күнкөрісін арттыруда алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесімен алмасып, оны ендіріп, жастарды еңбек етуге, білім алуға көкірек көзін ашуы ертеңгі күніміздің тұрақты нық жолы. Мемлекеттің ішкі –сыртқы тұрақтылығы, өзге елдермен экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығы, тарих беттерінің толығуы, халықтың әлеуетінің артуы, қазақ елі ретінде бүкіл әлемге танылуына қол жеткізуі Президентіміздің бір минутта тыным таппай еңбек етуінің, болашақты алыстан болжайтын көрегендігінің арқасы. Сол сара жолды жалғастыру, ел іргесін бұзбай халықты одан әрі алып кету қазіргі жастардың алдыңдағы міндет. Адам жаратылысында жаманды тез үйреніп, жақсылыққа шаршап жететін саналы өмір иесі. Халқымыздың болашағы жастардың қолында болғандықтан , осы жанына жатталып қалатын Елбасымыздың Мәңгілік ел идеясы болуы керек.

Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады- деген Елбасының сөзінде көп мән жатыр. Соны айқындау үшін Елбасымыз ел алдына бірнеше мақсаттар мен міндеттер қойды. Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы.

1/ Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Оны орындау үшін бастысы сенім мен тұрақтылық

2/ Бізге жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді 4,5 есеге арттырып, бүгінгі 13 мың доллардан 60 мың долларға жеткізу керек.Еңбек өнімділігі бес есеге өсіп, бүгінгі 24,5 мың доллардан 126 мыңға дейін жетуі керек.

3/ Салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулық сақтау саласын дамыту қазақстандықтардың өмір сүру жасын сексен жастан да асыруды қамтамасыз ету.

4/ Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», — деп мәлімдеді ол.

5/ Елбасы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін жасап, енгізуді тапсырды. «Ол еңбекақының денсаулық сақтау қызметкерлерінде — 28 пайызға, білім беру қызметкерлерінде — 29 пайызға, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінде 40 пайызға дейін артуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

6/ Дамыған 30 ел қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. Бірінші кезең 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды, онда XXI ғасырда «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау керек», — деп мәлімдеді Елбасы.

Елбасының осы стратегиялық міндеттерін орындау бүкіл Қазақстан халқының міндеті.«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында

«Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын»-деді Елбасы Н.Назарбаев. 2009жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданындағы «Жаңа Ақдала» ЖШС жұмысымен танысты.

Мұнда жаңа өнімдерді өсіруден оны соңғы өңдеуге дейінгі ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу және аяқталған технологиялық циклді құру эксперименті сәтті жүргізілді. Жоба 2008 жылы іске қосылды. Сол кезде қызанақ 141 гектарға егілді, көкөніс тамшылатып суару әдісімен өсірілді. 800 тоннадан астам өнім жиналды. Биылғы жылы «Жаңа Ақдаланың» егістік алқаптары 1 000 гектарға дейін ұлғайды. Оның 700 гектарына қызанақ, 150 гектарға — бақша дақылдары және тағы 150 гектарға әртүрлі көкөніс егілді . Сол жылы мұнда қызанақты өңдейтін зауыт салынып, пайдалануға берілді. Кәсіпорын тәулігіне 600 тонна өнім шығарады, онда 60 адам еңбек етеді. Жайқалып тұрған жеміс алқабы ауыл және қала тұрғындарын экологиялық таза көкөніс және жемістермен қамтамасыз етуде. Осы егістік алқабына таныстырылым саяхатын жасап, оны күтіп-баптау, суару, ауылшаруашылық зиянкестерінен тазарту жұмыстарына куә болдық. Ал жаз және күз мезгілдерінде жинаған өнімдер ерксіз көз тартады. Осы саяхаттан балалар өзінің келешекте осындай бақ өсірумен айналысу, еңбек етудің қажеттілігі мен өз жұмысын құрметтеудің мәнін түсінді. Сонымен қатар мектеп маңында орналасқан жылыжайға да танысу жұмысын жүргіздік, мұнда қызанақ пен қияр өсірілуде. Еңбек ететін әр азаматқа мемлекет қазір барлық жағдайды жасаған. Орта және шағын бизнесті ұлғайту экономикамыздың басты міндеттерінің біріне айналды. Оның өркендеуіне кең жол ашып берген Елбасымызға алғысымыз шексіз.

С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде Елбасы жолдауын қолдау мақсатында «Болашақты бірге жасаймыз» атты онкүндік өтті. 10 «А сынып оқушылары мектепте салауатты өмір салтын насихаттап, жас жеткіншектер арасында темекі мен нашақорлықтың зияны, одан айығу жолдары туралы пікір алмасу өткізді. Қазіргі кезде статистикалық мәліметтер бойынша темекі шегу, әсіресе ер адамдар арасында көптеген қатерлі дерт туғызып отырғаны мәлім. Олар жүрек инфаркті, миокард, жүйке аурулары, бүйрек пен белсіздік аурулары. Қазақстандағы ер адамдардың, әйелдерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы 9 жылға кеміген. Бұл насихат жұмыстарын тек оқушылар арасында емес, бүкіл ауыл-қала хақының арасында жүргізу де өте тиімді. Ол үшін біз 1 кг алма мен 1 қорап темекінің бағасын салыстырма түрінде сызып, ағзаға пайдалысын қолдануды ұсындық.

Күнделікті сабақ кестесіне сай 3-4 сабақтардан кейін баланың белсенділігі мен психикасына шаршау болдырмас үшін дене жаттығуларын жасау да жақсы іс. Әсіресе өз сыныбымызда өткен «Салауатты өмір қағидасы атты » атты тәрбие сағаттарында баланың өз денсаулығын күтуі мен темекі және алкогольдан аулақ болудың қажеттілігіне көз жеткізді. Әр бала өзінің күнделікті тамақтану, дене жаттығуларын жасау түрлерін, көптеген аурулардың қалай алдын алуға болатыны туралы жаңалықтарын қосты. «Жастар ел тірегі» атты айдармен 10-11 сынып оқушылары арасында спорт жарыстары өткізілді. «Табиғат Елбасы көзімен» атты экологиялық кеш өткізіп, атмосфераның, судың , орманның, топырақ пен өсімдіктердің адам үшін маңызын түсіндіріп, барлық балаларды табиғатты қорғауға шақырдық. Жыл сайын Су күні, Құстар күні, Жер күні мерекесін өткізуге дағдыланған оқушылар өз шығармашылығы бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар «Мәңгілік Ел!» айдарымен сурет көрмесін өткізіп, өз туындыларын оқушылар ашық оймен айқыштады. Осының нәтижесі ретінде табиғат қорғау саласы бойынша жасалған 8 «А » оқушысы Саламат Рысханның «Табиғат Елбасы көзімен» атты ғылыми-зерттеу жұмысы Облыс көлемінде ІІ-орынға, өлкетану жұмысы бойынша жасаған 10 «А» сынып оқушысы Әлімхан Ұлжалғастың «Келешегі кемел ауыл» тақырыбындағы зерттеу жұмысы жас ғалымдар зерттеуінде жүлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушылары арасында түрлі сауықтыру , ағаш егу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Елбасы жолдауын қолдау мақсатында өткізілген «Болашақты бірге жасаймыз» атты 10-күндік іс-шарасының жоспарын ұсынамын.

Тақырыбы Іс-шаралар
1 «Ұлт денсаулығы-ел қуаты» Ашық тәрбие сағаты.
2 «Жастар ел тірегі» Спорт жарысы.
3 «Табиғат Елбасы көзімен» Экологиялық кеш.
4 «Мәңгілік Елдің ұландары!» Сурет көрмесі
5 «Ана мен бала еліміздің байлығы» Сыныптан тыс жұмыс.
6 «Сенің қолыңнан келеді»

Мүгедек жандарды қолдау үшін акция ұйымдастыру.

Әңгіме сұхбат өткізу.
7 «Білімді ұрпақ-ел тұтқасын ұстайды» Көшбасшы сайысын өткізу
8 «Кәсіпкерлік-еңбек жемісі» Дөңгелек үстел өткізу.
9 «Қазақстан сарбазы-ел қорғаны» Әскери музыкалық кеш.
10 «Мәңгілік елдің -Мәңгілік тілі!» Шығарма жазу, презентациялық слайдтар жасау.

«Бақыт бағасын білгеннің қасында ғана тұрады ». Қазақ қонақжай, кеңпейілді, салт-дәстүрін сақтаған, батыры мен билерін қадір тұтқан халық. Баянды бақытымыз үшін Тұңғыш Президентімізбен мақтанамыз. Әрбір қоғамдағы қиыншылық пен жетістік тұрақты туындап отыратын үрдіс. Уақыт өткен сайын елдегі жұмыссыздық жойылып, әркім өз кәсібін соған қарай несібін тауып келеді. Елбасымыз айтқандай , елге жаны ашитын әрбір азаматтың нақты істерге араласатын сәті туды. Ұлы саясаткер, кемеңгер, Ұлт көшбасшысының жанына топтасып, еліміз бен халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін, ел алдына қойған барлық тапсырмаларын орындауға бар күшіміз бен білімімізді, тәжірибемізді салып күш салайық, Президентімізді қолдайық!

болашақ.pptx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.