«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

Ел ардақтаған — Еңбек Ері

Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Ақсуат ауылы №100 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Қамбарова Сағира Лаубайқызы

Сыр елі -тарихи шежіреге бай , шаруашылығы шалқыған, жері жомарт , адамдары мәрт, тарихы терең мәдениеті мен өнері өркендеген облыстың бірі.Жауына қарсы тұра білген, досына дастархан жайған,ер мінезді елдің ұрпақтарының да рухы биік.Бабалардан қанға дарыған киелі рухты бойына сіңірген адамдардың да ұлағатты ісі ұрпаққа үлгі.

Сыр өңірі қазақтың талай бетке ұстар қаймақтай азаматтарын дүниеге әкелген,тарихи тағылымы мен де аты шығып даңқы жайылған аймақ.Туған жер топырағы өзінің талай дарынды талантты,ер тұлғалы,еңбекқор ұл-қыздарын дүниеге әкелсе олар да өз кезегінде бойларына біткен тамаша қасиеттерімен туған жердің даңқын асқақататып,қазынасын тасытып,дәулетін молайтып,мәдениетін гүлдендіріп,тұрмыс-тіршілігін түрлендірді.

«Адам баласы бәне қабілетті,асқар таудай атақты да бармақтай бақты да ұстап тұра алады,тек соған сай ақыл сана берсе,қара жер бәрін де көтереді.Адамзат осы қасиетімен мың жасайды»,- дейді Лұқпан Хакім.

Атадан жақсы ұл туса,елінің қамын жейді дегендей ,сыр елінен шыққан туған жердің туымды перзенттерінің бірі Абзал Ералиев Жұмашұлы өмір жолы мен өнегесі бүгінгі жастарға үлгі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында атқарылатын міндеттерді атап өтті.

Сыр өңірінде күріш өсірудің жылдар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Күріш өсіру арқылы талай азаматтың атағы алысқа шырқады, еңбекте ер атандырды. Жер – анадан нәпақа терген еңбек адамы қандай марапатқа лайық. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында диқандар еңбегінің өтеуіндей болған марапат – Қазақстанның Еңбек Ері атағының сырбойылық Абзал Ералиевке берілуі қызылордалықтардың мәртебесін арттырды.

Абзал Ералиев Жұмашұлы Қызылорда «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры. Нағи Ілиясов ауылының тұрғыны, 1960 жылы 28 наурызда туған. Мамандығы құрылысшы-инженер. Кеңес дәуірінде білім алып, еңбек еткен. Құрылыс саласында қызмет жасап, қарапайым шеберден бөлім бастығы қызметін атқарған.

Абзал Ералиев нарық заманында саудамен айналысады. Сауда алысқа апармайтынын біледі. Ол бір топ жігіттерді жинап, «Абзал және К» толық серіктестігінің шеңберіне тоғыстырады.

Басты мақсат — ата кәсіп күріш шаруашылығымен айналысады.

Бұл 1994 жыл еді. Серіктестік алғашқы уақытта күрішті сатты. Сонан кейін барып қана жерге дәне егіп, өз өнімдерін шығара бастады. Жылдар өте серіктестік көкжиегі кеңейе бастады.

Бүгінде «Абзал және К» толық серіктестігі Сырдария ауданының Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарында 500 гектардан астам алқапқа күріш егеді. Жылына 30 бен 35 мың тоннаның арасында қара күріш жинайды.

Ыбырай Жақаевтың:»Бақытты заманның бақытты ұрпақтары еңбекпен есейе беріңдер»- деген ұранымен жыл өткен сайын оның өз кәсібіне деген құштарлығы арта түсті. Ізденіс нәтижесі жаман болмады.

Серіктестік бүгінгі таңға дейін күріш шаруашылығын дамыту үшін жаңа технологияларды енгізді.

Германиядан тұқым өндіретін арнайы құрал-жабдық алдырып, зауыт салдырды.

Қажетті құрал-жабдықтар немістің «Petkus» компаниясыныан тікелей алынған.

Соңғы 5 жылда «Янтарь», «Лидер», «Фишт», «Анаит» секілді күріш сорттарын жерсіндірген.

Бүнінде олардың иелігінде « John Deere» комбайндары мен тракторлары жұмыс атқаруда. Соңғы 3 жылда сыйымдылығы 9300 тоннаны құрайтын 8 жаңа күріш қоймасы салынған.

5 маман Ресей, Краснодар өлкесіне тәжірибе алмасуға арнайы жіберілген.

Испания, Италия, Туркия, Корея мемлекеттеріне білікттілігін арттыруға мамандар жіберіп отырған.

Мемлекет маман даярлауда басшылыққа алып, ауылдың 2 түлегі Кубань мемелекеттік аграрлық университетінде « Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша оқиды.

Биыл аймақта күріштен рекордтық өнім жиналды. Шаруашылық әр гектарынан 65 центнерден өнім жинады.

Бүгінде серіктестік тек ішкі нарықта ғана жұмыс істеп жатқан жоқ. Экспортқа да өнім шығарады. Мәселен, Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан және Тәжікстан «Абзал және К» серіктестігі шығарған өнімді пайдаланып отыр.

Компания соңғы 5 жылда 1 млрд. теңгеден астам инвестиция салып, аулышаруашылығы техника паркін 85 пайызға жаңартты.

Ералиев Абзал 500-ден астам жұмысшыдан тұратын шаруашылықты үлгілі ұйымдастырып қана қоймай, Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып келеді. 2012 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан айрықша үлесі үшін Абзал Жұмашұлы «Меценат» алтын медалімен марапатталса, 2103 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Қай кезде де еңбектің еленгені жақсы. Абзал Ералиев бастаған ұжым Президенттің өзі тапсыратын «Парыз» сыйлығын бірнеше рет иеленді. Биыл ғана «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде үшінші орынды жеңіп алды.

Дана жұртымызда «Елдің атын ер шығарады» деген қанатты сөз бар. Ауыл шаруашылығы саласындағы серпінді дамушы компаниялардың бірегейі саналатын «Абзал және К» толық серіктестігінің директорыабзал Ералиев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан еліміздің ең жоғарғы наградасы – Қазақстанның Еңбек Ері атағын алды.

Мұндай биік марапат азаттықтың самалымен тыныстаған 22 жылдың ішінде Қызылордалық кәсіпкерге алғаш рет беріліп отыр.

Сондықтан бұл қуаныш Сыр елінің осындағы жалпақ жұрттың қуанышы.

Бұл еңбек жеңісі оның жігерін тасытты,еңбекке деген құлшынысын бұрынғыдан да арттыра түсті.Еңбек ер атандырады,мерейіңді үстем етедіі деген емес пе? Еңбегі жанып абыройы артты, мәртебесі өсті.

Бейнеті көп сәттерде сағы сынбаған Абзал Ералиевтің бұл еңбексүйгіштігінің көрінісі болса керек.

Абзал Ералиев ақпарат құралдары өкілдеріне берген брифингте:

— Шын мәнінде, Елбасы мен елдің маған берген биік марапаты. Бұны мен Сыр бойындағы диқандардың жеңісі, барлығымызға ортақ қуанышымыз деп білемін! Сырдың көгінде тағы бір еңбек жұлдызы жарқырады. Алтын жұлдыз маған үлкен жауапкершілік жүктейді,- деп ағынан жарылды.

Туған елді, туған жерді құрметтей білу – қасиетті парыз. Гүл де топырағынан, тамырынан нәр алады, сол арқылы жайқалы өседі, құлпырады. Сол секілді өзінің туған мекенін сүйе білген адам да оның жапырағының жайқалғанын қалайды, сол үшін еңбек етеді.

Кәсіпкер Абзал Ералиев туған жері Нағи ауылын адам танымастай өзгертті. Бұл ауыл құм ішіндегі оазис секілді. Лондондағы Биг-Беннің көшірмесі тұр. Ауыл адамдары сағаттарын Биг-Беннің көшірмесіне қарап түзейді. Соңғы жылдары серіктестік ауылдың 12 көшесін өз күштерімен жөндеген.

Абзал Ералиев өзі соңғы 5 жылда Нағи ауылының өсіп – еркендеуіне 450 теңгеге инвестиция салғанын айтады. Ауылда гүлдің сан түрі, ағаштар біртегіс қырқылған. «Мәңгілік алау», Мәдениет үйі алдында субұрқақтар көкке шапшиды. Әлеуметтік нысандар жаңаша кейіпке енуде.

Абзал Ералиевтің туған ауылының гүлденуіне қызмет ету — перзенттік парызы. Абзал Ералиевтей азаматы бар ауылдың қуанышы орасан. «Еңбек пен бақыт егіз» — дейді. Кәсіпкер Абзал Ералиевтің бақыты – еңбегінде. Еңбегімен халық көңілінен шыққан жігіт бақытты. Өзі еңбекке асық жігіттің алар асуы биік.

Еңбегімен еленген Еңбек Ері – Абзал Ералиев туралы оқушылардың жазған шығармаларындағы еңбек толғаныстарынан үзінділер:

«Еңбек етсең емерсің» деген мақал бекерге айтылмаған. Еңбек еткен тозбайды. «Кедей болғың келмесе, еңбек ет» деген нақыл бар. (Ақмарал)

Еңбек еткен – бақытты. Еңбек — адамның асы. Еңбектен бәрін аласың. Ол сенің – өмірің, бақытың және де болашағың. (Айдос)

Абзал Ералиев сынды еңбек адамының істің көзін аша білген азаматқа жоғары деңгейдегі марапат берілгені шын мәнінде Елбасының кәсіпкерлікке жасаған қызметі. (Жазира)

Сыр елінде Еңбек Ерлері тағы бір жұлдызды азаматпен толықты. Тәуелсздік жылдарындағы қол жеткізген жетістігіміз.

Тәуелсіз ел болғандығымыз арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. (Перизат)

«Еңбек Ерлері» көбейе берсін. Еңбектің арқасында Елбасы Н.Назарбаев Сыр өңіріне үлкен сый жасады. Еңбек адамын ұлықтап «Еңбек Ері» атағын берді. (Назерке)

«Еңбек деген байлық бар,ерінбеген жететін,жоқшылықпен кесірді жермен жексен ететін» деп халқымыз қалай тауып алған десеңізші!

Міне ,еңбегімен ел құрметіне бөленіп өзінің сондай саналы ғұмырын ел экономикасын арттыруға, ауылшарушылығын өркендету жолында ер білекті еңбеккер Абзал Ералиевтің әлі де болса алға қаййған мақсат,міндеттеріі көп-ақ.

Бүгінгінің батыл ұрпағының еркін пікірі елбасы жолдауындағы «Жастар-біздің болашағымыздың негізі-өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді»- деген.

Олай болса біздің бүгінгі жастарымыз – болашақ қоғамның ертеңгі тіректері.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.