«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ

«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы.»

Қызылорда облысы, Арал ауданы Жақсықылыш кенті
№19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Айсүгірова Ұлбосын

Үйірме сабақ (Ана тілі пәні бойынша) 22.02.2014.жыл

Сабақтың тақырыбы: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы.»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау,есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар ана тілі пәніне деген қызғушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Жүру барысы.

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп.

Жарысқа қатысып көріңдер деп оқушыларды ортаға шақырамыз.

Мұғалім

-Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі.

Кім ұшқыр ойға- сол алда дегендей, бүгінгі сайысымызды бастайтын уақытта келіп жетті.

Бүгінгі 4- сынып оқушыларының арасындағы өткелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер.

Қазылар алқасын сайлау.

1.Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары: А.Қадырова.

2.Мектеп директорының тәрбие- оқу ісінің меңгерушісі:Г.Әлімбетова.

3.Қосымша білім беру педагогы: С.Жасағанбергенова.

Ендігі кезекте сайысқа қатысатын оқушыларды таныстыру.

4 «а» сыныбы

1.Орынбасарова Ильмира

2.Әбжәмиева Сымбат

4 «ә» сыныбы

1.Асылбекова Назым

2.Сақытжанов Әлішер

4 «б» сыныбы

1.Жұбатқанов Мұрат

2.Жаңғабылова Гүлжайна

4 «в» сыныбы

1.Кендебаева Айым

2.Мұханбетқалиева Айдана

Ана тілі пәні бойынша оқушылардың қаншалықты өлең жатағандарын анықтау.

Оқушылардың жаттаған өлеңдерінің мәнеріне, өлең санына, есте сақтау қабілеттерін екеру.

Сайысымызды 4 «а» сынып оқушылары бастайды.

«Жеті жұрттың тілін біл» ойыны

1.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем-весна)

2.Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп- шығар сапары жоқ. (мысық-кот)

3.Жүз теңгең болғанша,

Жүз*** болсын(дос-друг)

4.Тықырлатып тақтайды,

Түні бойы жатпайды.(тышқан-мышь)

5.Футболшының алаңдағы ойын заты(доп-мяч)

6.Жеті қазынаның бірі- адамды қорғап жүретін досы( ит- собака)

7.Қыста ұйықтап жатады,

Жазда қызыққа батады. (аю- медведь)

8.Бұйра шашы желменен ойнап тұрады,

Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады.( сәбіз- марков)

9.Шәліден соң шәліні,

Үсті – үстіне жамылды,(орамжапырақ- капуста)

10.Арыстанды да алдаған,

Тауықтарды да жалмаған.

Қудың қуы суайт,

Білесің бе, ол қандай аң?(түлкі- лиса)

Сайысымыздың келесі кезегін 4 «ә» сыныбы бастайды.

«Сен білесің бе ?» ойыны

1.Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатын ұлттық ойыны.

2.Қандай бөшкеге су құюға болмайды.

3.Инемен құдық қазуға бола ма?

4.Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай атауға болады?

5.Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не?

6.3 түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

7.Тауық түс көре ме?

8.Қабанбай батырдың шын аты.

9.Екі қарға бірі оңтүстікке қарап, бірі солтүстікке қарап отыр. Олар бір- біріне досым мен сені көріп отырмын дейді. Сонда олар бір-бірін қалай көрген.

Сайысымыздың келесі кезегін 4 «б» сыныбы бастайды.

«Аталар сөзі- ақылдың көзі»

Тақтадағы суреттерге сәйкес мақал- мәтелдер құрастыру.

Сайысымыздың келесі кезегін 4 «в» сыныбы бастайды.

Оқушылар топтасып сергіту сәтін жасайды.

Қорытынды:

Қазылыр орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңімпаздар алға шықсын.

үйірме сабақ.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.