Жаңа сабақтар

Жинақтық сан есім

ШҚО.Семей қаласы,№ 22 Жалпы орта білім беретін мектеп.
Зейноллаева Жанар Амировна

Сабақтың тақырыбы: Жинақтық сан есім.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар(киіз үй сынды),қоржын,асықтар,сызбалар, интерактивті тақта,«Бәйге»ойыны,маркер, ақ бет, ребус,тест.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ..
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жинақтық сан есім туралы түсіндіріп,түрін ажыратуды үйрету.
Сабақтың міндеті:
1. Оқушыларға жинақтық сан есім туралы мағлұматтар бере отырып, жаттығу жұмыстары, ребус шешу, топтық сайыс арқылы жинақтық сан есім түрін дұрыс ажыратуды үйрету.
2. Оқушылардың мәнерлеп оқуын, сауатты жазуын қамтамасыз етіп,өз ойларын нақты да дұрыс,жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, ұлттық салт- дәстүрімізді дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сыныптағы оқушыларды қатармен үш топқа бөлу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. «Қоржын»ойынын жүргізу арқылы сан есім түрлерін қайталату.Оқушылар топ бойынша кезекпен қоржыннан нөмірленген асықтарды алып,сұрақтарға жауап береді.
Сан есім нені білдіреді?
Сан есімнің құрамына қарай неше түрі бар?
Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
Біз неше сан есім түрін өттік?
Есептік сан есім нені білдіреді, қандай сұрақтарға жауап береді?
Реттік сан есім нені білдіреді, қандай сұрақтарға жауап береді?
4. Жаңа сабақ:
Балалар! бүгін біз сабақта жинақтық сан есім түрін өтеміз. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.Қазақ тілінде жинақтық сан есімдердің саны жетеу.Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сандарға
-ау, -еу жұрнағы жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Жинақтық сан есім кейде зат есімдермен тіркеспей жеке қолданылады да, заттанып тұрады, яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны беріп тұрады.
Интерактивтік тақтадан сан есімге байланысты мысалдар жазылады. Оқушылар сан есімдерді тауып,қандай сан есім екенін ажыратады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Атадан алтау,анадан төртеу. Жалғыздық көрер жерім жоқ.(Абай)
Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)
5. Карточкалармен жұмыс.
Тақырып бойынша киіз үй негізінде  құралған карточкалар таратылады. (Шаңырақ,уық,кереге,есікке) жазылған сөйлемдер.
Мақаты:  Сан есімдерді дұрыс тауып талдауға баулу , сөйлемдерді мәнерлеп оқуларын дамыту. Киіз үйдің құрылымын білуге тәрбиелеу.
Әр топтан бір оқушы бір -бір сөйлемнен оқып талдайды.
Мысалы: Мені біреу оятқандай болды.
Талдау үлгісі: Сан есім біреу,бұл жинақтық сан есім, құрамына қарай дара ,бұл сөйлемде әрі сандық, әрі заттық мағынаны беріп тұр.
6. «Бәйге»ойыны.
1. Топ Есептік сан есімдер тобы.
2. Топ Реттік сан есімдер тобы.
3. Топ Жинақтық сан есімдер тобы.
Ойынның шарты:Әр топқа  ребус таратылады.Ребустан сан есімдерді тауып,сөйлем құрастыру.. Есептік сан есімдер тобы есептік сан есім түрінде, реттік сан есімдер тобы реттік сан есім түрінде, ал жинақтық сан есімдер тобы жинақтық сан есім түрінде сандарды тауып сөйлем құрастырады..
Мысалы: Есептік сан есімдер тобы: он, бес, екі, төрт, үш, бір.
Реттік сан есімдер тобы. Оныншы , бесінші, екінші, төртінші, үшінші, бірінші.
Жинақтық сан есімдер тобы : бесеу, екеу, төртеу, үшеу, біреу
7. Топтық жұмыс.
Тақтаға үш сызба ілінеді. Топтар орындарымен ауыстырылады.
1. Топ Реттік сан есімдер тобы.
2. Топ Жинақтық сан есімдер тобы.
3. Топ Есептік сан есімдер тобы.
Әр топқа сандар жазылған дөңгелектер таратылады топтар сандар арасынан өз топтарына қатысты сандарды тауып тақтаға жабыстарады.
Тест Арнайы тақырыпқа бағытталып құрастырылған тест.Тест он сұрақтан құралған. Мақсаты: сабақты бекіту, тақырып бойынша оқушыларда туындаған қиыншыларды анықтау.
Оқушылар тест тапсырмасын орындап болған соң тақтаға дұрыс жауабы ілінеді, оқушылар дәптерлерін ауыстырып бір — бірінін тапсырмасын тексеріп бағалайды.
9. Бекіту: «Білім» сыны ойыны

1.      Жеті атаңды ата (ата, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2.      Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата? (жеті, тоғыз)

3.      Үш арсызда ата? (ұйқы, күлкі, тамақ)

4.      Үш мақсатты ата? Сауда мақсаты – ұту. Жол мақсаты – жету. Дау мақсаты – біту.

5.      Үш бәйтеректі ата? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
Әр топ бір-біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды.
Бүгін біз сабақта сан есімнің қандай түрін өттік?
Жинақтық сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Жинақтық сан есімдер қалай жасалады?
Сөйлемде қандай мағынаға ие болады?
Қорытынды: Мұғалім сабақты қорытындылап,жеңімпаз топты атап,бағалайды.
Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен жинақтық сан есімге байланысты төрт-бес сөйлем жазып келу,ереже оқу.
Бағалау.

Жинақтық сан есім: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.