Без рубрики

Дәрігердің моральдық-этикалық бейнесі

«Медицина – адамның адамшылдығың әрдайым сынаушы сала».

А.П.Чехов

 Маман дәрігер  ретіндегі, рухани — әдептілік біліктілігінің маңызы өте жоғары. Келісіңізші, дәрігер алдындағы кез-келген биоэтикалық жағдай, науқаспен қарым- қатынастағы кез-келген психологиялық қиындық, кез-келген мамандыққа қатысты тапсырмалар бұл дәрігер мамандығының маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.

Қоғамдық көзқарастың маманы ретінде дәрігердің моральдық-этикалық бейнесін елестетіп көрейік. Дәрігерлік өнердің этикалық және деонталогиялық негіздерін тануға бағытталған ғылыми зерттеулер материалдары, негізінен қызметтік міндетіне қарай дәрігер-тұлғасының әдептілігін мінездейді.

Студенттердің арасында жүргізілген дәрігердің моральдық-этикалық бейнесі тақырыбында сауалнама барысында студенттердің ойы медициналық қызметтің әр мағыналығын әркім өзінше түсінуі негізінде қалыптасатыны анықталды, яғни жеке өмірлік тәжірибесі ішкі күтімі олардың оқу-практикалық қызметтегі тәжірибесі негізінде.

Сауалнама қорытындысы бойынша модельдеу тәсілімен 3 құрамдас бөліктен тұратын дәрігердің моральдық-этикалық бейнесінің мынадай модел құрастырылды.

   Сыртқы келбеті Тұлғалық қасиеттер   Тұлғааралық қатынас
1. Тазалық2. Ұқыптылық

3. Қарапайымдылық

4. Тартымдылық

ӨжеттілікЖауаптылық

Мақсаттылық

Альтруизм, сенімділік

ШынайылықАдалдық

Кішіпейілділік

Тілтабысқыштық

Берілген модельдегі 3 құрамдас бөліктердің негізгі мінездемелердің өзара байланысы  — студенттердің әр дәрігердің бойынан көргісі келетін оң қасиееттер жиынтығы екенін көрсетеді. Оқу процесі барысында 1-5 курс  студенттерінде дәрігігердің моральдық-этикалық бейнесі жөнінде біртұтас жинақы ойлар қалыптасқан.

Дәрігер, ерте заманнан бері келе жатқан, Ұлы Есім. Науқасқа ауруынан айықтыруға көмек беретін, емдейтін, қолдау көрсетіп, демеу беретін тұлға. Дәрігердің моральдық бейнесі әр түрлі болады яғни науқасқа зиян келтірмей, әділетсіздік жасамай барынша қандай жағдай болсада науқастардың өтінішін орындауға сондай–ақ олардың күтімін сақтау болып табылады. Моральдық бейне – бұл ішкі жан дүниесі, бет – бейнесі. Ал этика – үлгі өнеге және рухани тәрбие туралы ғылым, ол грек сөзі «etnos» — әдеп, мінез, өнеге деген мағынаны білдіреді, медициналық әдеп–кәсіби қызмет атқару кезінде әдеп сақтау принципін орындау болып табылады.

Дәрігердің моральдық –этикалық аспектілері:

—        деонтология, этиканы әр кез сақтау; науқас абыройын құрметтеу; жауапкершілік; науқасқа зиян келтірмеу; жақсылық жасау; қайырымдылық, мейірімділік, әділдік принциптері; дәрігерлік құпияны қатаң сақтау; адам құқығын құрметтеу.

Деонтология – дәрігердің өнеге, әдеп жиынтығының бірі. Әрбір медицина қызметкері науқаспен немесе оның туыстарымен қарым –қатынаста деонтологияны сақтау керек.

Науқас абыройын құрметтеу — әрбір келген науқастың абыройын дәрігер әр кез құрметтеуі керек. Науқас абыройын төмендету адами құндылығын немесе өз абыройын төмендеткені болып табылады. Жауапкершілікті әрине әрбір дәрігер, сонымен бірге басқа да медицина қызметкерлері өз ісіне жауапты болуы керек. Науқасқа зиян келтірмеу – науқастың денсаулығына зиян әділетсіз болмау. Гиппократ анты бойынша «Науқасқа өз еркімен немесе дәрі беріп өлтіруден бас тартамын» деген сөзінен оның денсаулығына зиян келтірмеуін көруімізге болады.

Жақсылық жасау – дәрігер әр кез науқасқа жақсылық жасауға дайын болуы керек, яғни науқастың тезірек сауығып шығуына, аурудың алдын алуға жағдай жасауы. Қайырымдылық, мейірімділік, әділдік принциптері — дәрігер өз жұмысында осы принциптерді танытып, әр кез көмек көрсетуге дайын болуы.

Студедентермен сауалнама жүргізу нәтижесінен бірнеше қызықты ой пікірлер туындады:

  • «Дәрігер – бұл деген ең ұлы сөз десен артық айтпаған болар едім. Неге десеңіз, дәрігерсіз өмір болмас еді, өйткені дәрігер – адам жанының арашасы. өлім мен өмір арасында жатқанда, дүние есігін қайта ашқызатын – ДӘРІГЕР!», — 402- топтың «Мейірбике ісі» студенті Жабасахова Улжанның ойы.
  • «Дәрігер дегеніміз өз өмірін сеніп тапсыратың барлық қоғам өміріне кепіл беретін тұлға болып табылады» , 402- топтың «Меірбеке ісі» студенті Сүлейменова Айгерімнің ойы.

Қоғам мүшесі ретіндегі дәрігерге арналған моральдық ұйғарымдарды оқу көрсеткендей, әрбір тарихи кезен дәрігердің әдептілігіне өзінше моральдық-этикалық талаптар қойған. Қазіргі заманда дәрігердің әдептілігі жөніндегі қалыптасатын қоғамдық пікірге көп жағдайлар әсер етеді, олар: менталитет, адамдардың мәдени және этникалық ерекшеліктері, дәрігерлік өнерге деген ғасырлар бойы қалыптасқан сый мен құрмет, дәрігердің профессионалдық және психалогиялық-педагогикалық  біліктілігі.

Барлық жоғарда айтылғандарды түйіндей келе,біздер әрбір тарихи кезенде, әрбір елде дәрігердің әдептілік және рухани бастауы жөнінде өз ойымызды қалыптасатынына көзіміз жетті. Бірақ, дәрігердің мамандандырылу денгейіне қарамастан,оның бойында адамшылықтың болуына деген талап өзгеріссіз қалады. Біз оқытушылар осы болашақ дәрігерлерді тек қана маман ретінде дайындап қана қоймай, оларға адамгершілік  мәдениетін қалыптасуына жағдай   жасап, үлес қосамыз.

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.