Хабарландыру

Құрметті Әріптестер!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы  мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Изгі тілекпен: Байқоңыр

«Космос» колледжінің ұжымы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.