Жаңа сабақтар

Зат есімді қайталау. Қазақ ұлттық тағамдар

Семей технологиялық колледжінің

қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы

Бейсебаева Гульмайра Елтаевна

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау. Қазақ ұлттық тағамдар.

Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы білімдерін қайталау және жүйелеу, зат есімнің көптік, жіктік, тәуелдік және септік жалғаулары туралы білімдерін жүйелеу. Ұлттық тағамдары туралы әңгіме құрастыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Зат есім туралы білімдерін қайталау және жүйелеу, зат есімнің көптік, жіктік, тәуелдік және септік жалғаулары туралы білімдерін жүйелеу. Сөз құрамы, сөз таптары, оларды практикалық жолдарымен жасалуы туралы білімдерін толықтыру. Түбір мен қосымшаларды ажырата білуді үйрете отырып сөз тіркестерді құрастыруды үйрету.
Дамытушылық: Мектепте алған білімдерін жүйелеу. Аудару, мазмұндау дағдыларын жетілдіру. Толық сөйлеммен жауап беруді дағдыландыра отырып тіл дамыту. Сөздік қорын молайту, ізденушілік белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ ұлттық тағамдары туралы мәтінді құрастыра отырып, ұлттық дәстүрлерін түсіну арқылы туған жерге сүйіспеншіліктерін ояту. Сөздерді құрастыра отырып, қазақ тіліне қызығушылықтарын, оны оқып түсінуге ынталарын ояту. Өлеңдердің мағынасын түсіну арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизмге, туған жерді сүюге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Орыс тілі, Табиғаттану

Көрнекілік құрал: кестелер – сөз құрамы, кітап «Қазақ ұлттық тағамдары»

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы Дидактикалық мақсат Қолданылған әдістер
І Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгендеу

2. Сабаққа дайындықты тексеру

3. Тақырып және сабақтың мақсаттарымен таныстыру

Оқушыларды сабаққа бейімдеу, құралдарын тексеру, тіл дамыту Сөз,

Мақсаттық бағыттау

ІІ Өткен тақырыптарды бекіту.

1. Абайдың өлеңін жатқа айту. Ереже 2 сөзді тәуелдік септеу

2. Ережені қайталау – түбір қосымша

3. Тіл туралы заң

4. Кейінді ықпал, Ілгерінді ықпал

Білімдерін бекіту, жүйелеу Өзара сұрақ-жауап, мазмұндау
ІІІ Негізгі бөлім

http://kitaptar.com/node/1313

http://kk.wikipedia.org/wiki/Ет_(тағам)

1. Ми шабысы «Ұлттық тағамдар» (тағамдарды ата)

Ұлттық тағамдар

2. Қазақ ұлттық қандай тағамдарын білесің бе

Тағамдар Құрамы
Басбармақ еттен ұннан пияздан жұмыртқадан

3. Бесбармақ дайындау рецептін қазақ тіліне аудару . (Топтар аударған ұлттық тағам дайындау рецептін презентация арқылы көрсетіп түсіндіреді)

4. Бір тағамды таңдап, шағын әңгіме құрастыр

Жоспар:

· Тағам

· Қандай тағамдардан жасалады?

· Қандай әдіспен жасалады?(пісіру, қуыру, кептіру…)

· Қалай безендіріледі?

5. Құрастырған мәтіннен зат есім сөздерді теріп жаз

6. Бір сөзді таңдап тәуелдік септеу жаса

Сұраулары І жақ ІІ жақ ІІ жақ ІІІ жақ
Атау кімің? кімің? кіміңіз? кімі?

нем? нең? ненің ? несі?

Ілік кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің

немнің? неміздің? неңіздің? несінің?

Барыс кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?

неме? неңе? неңізге? несіне?

Табыс кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?

немді? неңді? неңізді? несін?

Жатыс кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?

немде? неңізде? Несінде?

Шығыс кімінен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?

немімнен?неңнен? неңізден? несінен?

Көмектес кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?

неммен? неңмен? несімен? неңізбен?

7. Септеген 2 сөзді таңдап сөйлем құрастыр

Білім алу, сөздік қорын молайту

Мектепте өткен білімдерін бекіту, қайталау, жүйелеу

Сөз,

дәптермен жұмыс

Топпен жұмыс

Қорытынды

· Қорытынды

· Не білдім: оқушылар топ ішінде пікірлерін жазады — әр оқушы бір сөйлем, әр топ жазғандарын оқиды )

Мыс: Қазақ халқының ұлттық тағамдары әр түрлі екен. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас –адамның арқауы» дегенді балаларына айтқан.

Білімдерін бекіту, жүйелеу Сабақта не білім алдық?

Не істедік?

VІІ Үйге тапсырма:

Деңгей:

1. Жалғаулар — кесте бойынша .

2. 2 сөзді септеу

3. Ұлттық тағамдарды дайындау- презентация, баяндама дайындау

Оқытушы: Бейсебаева Г.Е.

ТАРАТПА МАТЕРИАЛ

27 сабақ 1 нұсқа

Тақырып:: Зат есімді қайталау. Қазақ ұлттық тағамдар.

1. Ми шабысы «Ұлттық тағамдар» (тағамдарды ата)

Ұлттық тағамдар

2. Қандай қазақ ұлттық тағамдарын білесің, құрамын анықта

Тағамдар Құрамы
Басбармақ еттен жұмыртқадан ұннан

3. Бесбармақ дайындау рецептін қазақ тіліне аудару

4. Бір тағамды таңдап, шағын әңгіме құрастыр

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.