Жаңа сабақтар

« Ақпарат әлемі » танымдық сайысы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы , Жарқын ауылы

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі » КММ

Информатика пәнінің мұғалімі :

Конысбекова Гульмира Бактыбековна

Тақырыбы : « Ақпарат әлемі » танымдық сайысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімін және информатика тарихынан білімдерін кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойында білімге құштарлығын, логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Тәрбиелік : Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ДК Проектор, слайд-презентация.

І .Жүргізуші:

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым!

Құрметті ұстаздар, әділқазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Ақпараттар әлемі» атты білгірлер мен тапқырлардың білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ. Жүргізуші:

Бүгінгі сайысымызға 2 команда қатысқалы отыр. Сайысымыз 3 айналымнан тұрады.

Командаларға ескерту: Егер де кімде – кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай үшбұрыш белгісі беріледі. Бұл командалардың 1 ұпайының түскендігін білдіреді.

І .Жүргізуші:

Компьютер-сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

–дей отырып пікірсайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық.

Сайыс кезеңдері:

І айналым: «Ақпаратқа саяхат» 4 кезеңнен тұрады

1. Ақпарат беру (әр топ атын, ұранын таныстырады)ұпай 3-5 балл

2. «Ақпарат табу» (әр топқа 7 жұмбақтан беріледі, әр шешімі 1 ұпаймен бағаланады)

3. «Ақпарат алмасу» капитандар сайысы (7 сұрақтан әр топ басшысына жасырылады, жауап бере алмаған сұраққа келесі деп жауап беру керек))

4. «Ақпаратты өңдеу» бұл турда әр топқа бірдей «Сөз тұздығын тап» мақал-мәтел беріледі, соның сәйкестіктерін табулары қажет. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

ІІ айналым: «Қанша тіл білесің?»

ІІІ айналым: «Маржан сөз»

ІV айналым «Көрермен көрімдігі»

Қорытындылау

ІІ. Жүргізуші:

«Ұлт болашығы, бүгінгі жастардың қолында»- дей келе әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларымызға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қоңғайсыңдар демекпіз!

Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық

Қазылар алқасымен таныстыру:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.