Хабарландыру

Тілші болуға ұсыныс хат

Елдің болашағы- жастардың қолында. Ал еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін біз сол жастарға қазіргі заман талабына сай білім беруіміз керек. Баршаға белгілі- жастар білімнің негізін мектептен, алғашқы ұстаздардан қалыптастырады. Яғни, жастардың болашағы — мұғалімдердің қолында. Біз жастарымызды «Қазақстан Республикасының Азаматы» деп, ауыз толтырып айтатындай етіп тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін біздің ұстаздар қауымы білімді, білікті, жаңа технологияларды меңгерулері керек. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бала жаны — жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға ты-рысатын болғандықтан, мұғалім олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.

 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай : «Қазіргі бардың барлығы, кеше арман болған » демекші, шүкір, қазіргі таңда көптеген мұғалімдер өз сабақтарында әр түрлі жаңа технологияларды қолданып жатыр.

Мен жас ұрпақты тәрбиелеуге сәл де болса үлесімді қосқым келеді. Сондықтан да мен 45 минут баспасының тілшісі болуға талпыныс білдіріп отырмын. Ондағы басты мақсатым- ҚР-ның барлық облыс, қала, ауыл, аудандар мен Кентау қаласында болып жатқан сабақтармен, кездесулермен, іс- шаралар мен таныстыру, тәжірибе алмасу.

Мен барлығымыз рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған елін сүйер абзал азамат тәрбиелеп шығаратынымызға сенемін! Сол үшін аянбай еңбек етемін!!!

 Дидар Оңтуғанова.

Тілші болуға ұсыныс хат: 2 комментария

  1. Мен де Қазақстанның азаматы ретінде 45 минут баспасының тілшісі болуға тілек білдіремін. Қазіргі уақытта біздің Солтүстк Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында апта сайын аудандық деңгейде әр түрлі сабақтар өткізіліп жатыр. Мен де тілші ретінде баспа жұмысына өз үлесімді қосқым келеді.

  2. Сәлеметсәздерме 45минут сайтының ұжымы! Сіздерді келе жатқан Әз Наурыз мерекесімен ққттықтаймын. Сіздерге жанұяларыңызға бақыт, мемлекетімізге әрі дүние жүзіне тыныштық, сайттарыңызға білікті, білімді ұстаздардың еңбектері енгізіліп жаңаша технологиялар балашақ ұрпағымыздың тәрбиесіне еңбек етсін!
    Және де өз тарапымнан тілшілікке ұсыныс білдіріп отырмын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.