Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті Ұстаздар! 06 наурыз 2014 жылы Қызылорда қаласында «Болашақты бірге жасаймыз»   тақырыбында ғылыми практикалық семинар өтеді.
Толық ақпарат үшін: Cаймағанбетов Берік Рахманұлы — Қызылорда облысы бойынша тілшілер жұмысын үйлестіруші және меншікті тілші.
Тел: 8 705 401 7906. E-mail: saimaganbetov@bk.ru

Семинар туралы ақпарат:

Педагогикалық білім – Қазақстанның интеллектуалдық
және инновациялық ресурсы

 Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр.  Осы орайда   Қызылорда облысының  жалпы орта білім беретін мектептерінде «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдау барысында Республикалық 45minut.kz басылымымен бірлескен «Болашақты бірге жасаймыз»   тақырыбында ғылыми практикалық семинар өткізу ұсынылады.

 Семинардың негізгі мақсаты: Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудегі 7 модулдік бағдарламаның негізгі идеясын жүзеге асырып, мұғалімдердің кәсіби тәжірибесіне енгізу. Семинар барысында ІІ — ІІІ – деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер мен   біліктілігін арттырудың негізгі тұғырына байланысты тақырыптарында шебер кластарын ұйымдастыру.

Семинардың мақсаты: Педагогикалық іс- тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін және шығармашылық байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім көзін меңгерген тұлға ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек. Педагогтың кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және практикалық дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу.
Семинар жұмысы пленарлық және секциялық бөлімдер бойынша өткізіледі.
http://www.45minut.kz арқылы онлайн түрде басқа да облыстардан қатысушылар қатысуға мүмкіндік жасалған.
Семинар бағдарламасы аясында білім мекемелерінің көрмесі ұйымдастырылып, семинар қатысушылары және онлайн түрде http://www.45minut.kz (Күнделікті 40 мыңнан астам қолданушы) Республика ұстаздарына ұсынылады.

Пленарлық бөлім бағдарламасы
1. Алғыс сөз. Құттықтау. Қызылорда қалалық білім бөлімі өкілі
2. Республикалық  45minut.kz басылымы қызметі туралы ақпарат. Баяндама. Тақырыбы: Жаңа білім – Жаңа ғасыр. Баяндамашы: Редактор Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев
3. 18.12.2013 жылы өткізілген «Жаңа білім – Жаңа ғасыр» Республикалық шығармашылық конкурстың Қызылорда облысы бойынша іріктеу турының нәтижесін таныстыру және іс-тәжірибе алмасу. Баяндамашы: Республикалық басылымның Қызылорда облысы бойынша тілшісі Кулымбетова Асмагул – Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері
4. Семинардың секциялық бөлімімен таныстыру
Секциялық бөлім бағдарламасы
Семинардың секциялық бөлімі бойынша баяндамашылар құрамына байланысты жасақталады.
Семинар қорытындысы бойынша ұйымдастырушыларға, баяндамашыларға, көрме жұмысы бойынша алғыс хаттар табысталады.
Семинарға қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталады.
Семинар баяндамаларының жинақ топтамасы шығарылады.
Семинарға қатысушы жарнасы: 2000 теңге.
Жинақ топтама жарнасы: 4000 теңге
Жинақ топтама жарнасын төлегендер үшін семинарға қатысушы жарнасы алынбайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.