Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын МДБМ
Дайындағандар: 5-сынып жетекшілері:
Хасенова Гүлжан Мадиевна
Шаяхметова Қарлыға Іңкәрбекқызы
Амренова Ләззат Мамыржанқызы
Сабақ тақырыбы: Қазақ тәуелсіздігінің айбары мен айбатына айналған төл теңге
Сабақ мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта,оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде кол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сөзімдерін ояту.
Көрнектілігі: Теңгелер бейнеленген плакаттар , слайд шоу.
Сабақ барысы:
1-жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті ұстаздармен оқушылар!” Қазақ тәуелсіздігінің айбары мен айбатына айналған төл теңге ” атты танымдық сынып сағатымызды бастаймыз.Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады.Бүгінгі басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Қазақстан Республикасының «Ән ұраны» айтылады.
2-жургізуші:Сабағымызға белсене араласып,зейін қойып тындай отырыңыздар!
.
2-жүргізуші:Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі-ұлттық валюта.
Ол-Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатынзаңды төлем құралы.
Ақша-асыл қазына,халық байлығы.
1-жүргізуші:Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған.Теңге атауы орта ғасырлардан бастау
алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәмізде бейнеленген теңгелері айналымда жүрді.XIV аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монеті айналыста болды.
2-жүргізуші:XVI-XVIII ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп,Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды.Қазақтың « тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан.Ерте замандарда теңгелердің Түркістан, Тараз қалаларындағы арналуы шеберханаларда жасаған.
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар,енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық.1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бейне көрініс тыңдалынды.
2- жүргізуші:Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ.Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді.Ұлттық валютамыздың өз дизайні,өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды.Қазақстан аймағында ерте
1-жүргізуші:1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10,20 және 50 номиналды монеталар шықты.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы №215 5 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»Заңның 42-бабына сәйкес,монеталар мынадай турге бөлінеді:
—инвестициялық монеталар-инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
—коллекциялық монеталар-коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
—айналыста жүретін монеталар-қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар.
2-жүргізуші:Елімізде инвестициялық монеталар «Жібек Жолы»деп аталады ,олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
1-жүргізуші:ҚР 1995 жылғы 30 наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұоттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.
1-оқушы
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек»монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әеұраны ноталарының фрагменті ақ туспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл туспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алқан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры,алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
2-оқушы
200 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін «Подделка банкнот преследуются по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
3-оқушы
500 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
4-оқушы
1000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
5-оқушы
2000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ« жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Күй. Шертпе күй.
6-оқушы
5000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ« жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
2-жүргізуші: Ел президентінің жарлығымен 1997 жылдан бері 15қараша төл валютамыздың туған күні болып белгіленді.
Түні нұрлы,ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы-тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге-елтірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
Хор: Атамекен әні.
1-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Қазақ тәуелсіздігінің айбары мен айбатына айналған төл теңге» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.