Сабақтың тақырыбы: Глобус. Географиялық координата.
Сабақтың мақсаты: Білімділік — «Экватор», «параллель», «меридиан», «градус торы» ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: «Географиялық координаталар», «географиялық ендік», «географиялық бойлық» ұғымдарын қалыптастыра бастау. Ғаламшардың жартышарлары мен полюстері туралы аяқталған түсінік қалыптастыру. Градус торы бойынша көкжиек тұстарын анықтау икемділігін қалыптастыру
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: глобус, жер шарының жарты шарлар картасы, слайд суреттері, үлестірме қағаздар
Дидактикалық материалдар: Электрондық оқулық Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың түрі: Аралас
Күтетін нәтиже: «параллель», «экватор», «меридиан», «градус торы» ұғымдарының анықтамасын; экваторды, параллельдерді, 0° және 180° меридиандарды, географиялық полюстерді атап, көрсетуді; көкжиек тұстарын анықтауды, градус торының мақсатын білуі/түсінуі тиіс
Негізгі терминдері мен ұғымдары: параллель, меридиан, бастапқы (Гринвич) меридианы, градус торы, географиялық координаталар: географиялық ендік, географиялық бойлық, жердің жарты шарлары
Сабақ беру әдісі: Ауызша баяндау
Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)
Үй тапсырмасы: 4 түрлі ойындар
- Көкжиек тұстарын ата
- Жұмбақ. Теңізде де, түзде де ондай басшы табылмас. Бағытынан жаңылмас.
- Туристер А нүктесінен лагерьге дейін 180° азимут бойынша 5км жүріп, 45° азимут бойынша 1,5км және 135° азимут бойынша 3км жүріп өту керек. Олардың жүрген жолын сызба түрінде салыңдар? Масштабы: 1см : 1000 м
- Планның суреттен айырмашылығы неде?
Жаңа сабақ:
- Географиялық координаталар(лат. ко – бірге, ординатус — реттелген), жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орнын белгілейтін координаталар
- Географиялық ендік – нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы
- Географиялық бойлық – Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы
Бекіту кезеңі:
- Глобус деген не?
- Глобустың градус торы қалай түзіледі?
- Қай меридиан бастапқы меридиан деп аталады?
- «Экватор» деген сөз нені білдіреді?
Үйге тапсырма:
- §11 оқып келу
- 10 қаланың геогрфиялық координатасын табу
Сабақ жоспары жақсы жасалынған, өзіме қажетті мәліметтер алдым.
О рахмет! Осы маган керек еды! Бирак 10 калалардын географикалык координаттарын калай табады?