Хабарландыру

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»

dsc06684
dsc06684

Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйым. «Нұр Отан» ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас ұлан» бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Аталмыш ұйым өскелең ұрпақтың жоғары рухани — адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарына негізделгендіктен бүгінде «Жасұландықтардың» қатары көбейіп отыр. Бұл сөзімізге дәлел, жуырда Шымкент қаласындағы №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының бір топ оқушылары салтанатты түрде «Жас ұлан» ұйымына қабылданды.
Бұл күнгі оқушылардың толқынысы да ерекше. Өйткені, олар мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне жауап беретін азамат екенін, ұлттық рухты бойына сіңірген, елжанды, отансүйгіш тұлға боларлықтарын шынайы сезіне отырып, АНТ қабылдады. Жүрек тұстарына қолдарын қойып, Өз Отанын сүюге, жақсы оқуға, әдепті сөйлеуге, өтірік айтпауға, әділетті болуға, достықты нығайтуға, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын құрметтеуге, еліміздің патриоты болуға салтанатты түрде уәде берді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жетістіктермен ұлттық құндылықтарды таныстыру арқылы білімдерін жетілдіру еді. Аталмыш ұйымның діттегені де – оқушылардың іс-әрекетін мектептегі тәрбие жұмысына үйлестіре бағыттау арқылы олардың белсенділігі мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болатын. Іс-шара барысында дарынды оқушылар «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайысымен де көпшіліктің көңілінен шықты. Айта кетейік, мектеп директоры Төлтебаев Сәдібек Қастайұлы басқаратын білім ұясында мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін мектепті бітірушілердің болмысы белгіленген. Болмыста дарынды шәкірттердің бойында болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген. Ол оқыту мен тәрбие процесінің барысында міндетті түрде басшылыққа алынады. Бүгінгі игілікті іс осы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің біртұтас жүйелілігін қамтамасыз етудің алғы шарттарының бірі.

Жұлдыз Өтегенова

ОҚО, Шымкент қаласындағы

2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған

үш тілде оқытатын мектеп-интернатының тәрбиешісі

газетке материал.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.