Өзін-өзі тану пәні

Менің арманым

Аты-жөні: Құлбаева Арайлым

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

№24 мектеп-гимназия Санаты: ІІ  Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пәні: Өзін-өзі тану   Сыныбы: 4 «а», 4 «ә».

 

Сабақ тың тақырыбы   Білімділігі Дамытушылығы Тәрбиелігі
Менің арманым Мақсаттары Арман ұғымы туралы түсінік беру Балалардың ойын, қиялын дамыту. Жақсылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері:

Бала арманы

Ұлы Абайдай кең жүрек             Бар білімді меңгерген

Ақын болғым келеді.                     Ғалым болғым келеді.

Бауыржандай ержүрек               Жетпіс өнер теңгерген

Батыр болғым келеді.                  Дарын болғым келеді.

Міне, осындай дүрмекті

Бар таусылмас арманым.

Елге деген құрметті

Ертеңіме жалғадым.

ІІ. Әңгімелесу.

  • Арамнның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
  • Өздеріңнің қандай армандарың бар?
  • Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
  • Арманға қалай қол жеткізуге болады?

ІІІ.Мәтінмен жұмыс:

 Әже әңгімесі

Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды, бір армаңына қол  жеткізген соң, екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші… Солай жалғасып кете береді. Өйткені бұл өмір! Ал өмір армансыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманнынң орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, уақытты, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді, білімді, ақылды қажет етеді. Адам арманының орындалғаны қандай жақсы! Себебі сол жақта ол үлкен бақытқа кенеледі.

Арман мен ақыл

Қадыр Мырза Әли

Шіркін-ай, күйші болсам,                Алдымен

Бал тамған бармағынан!                  Білім деген

Шіркін-ай, биші болсам,                 Бәйгеден озып келсең.

Шығып бір арманымнан!                Актердің,

Шіркін-ай, әнші бослам,                 Ақынның да

Кәдімгі күміс таңдай!                     Жағына ғылым қорек.

Шіркін-ай, батыр болсам,               Бүгінде

Айбаты арыстандай!                      Батырдың да

Шіркін-ай, ғалым болсам,             Өзіне білім керек.

Тілдескен даналықпен!                  Оқудың озатына

Әлемге мәлім болсам,                    Арман да таяу болар

Ашқан көп жаңалықпен.                Білімнің боз атына

Көзіңнен күлімдеген                    Мінбеген жаяу қалар.

Бір ұшқын сезіп пе ең сен?!

Өсиет әңгіме:

—          Арман деген не? – депті жігіт.

—          Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала-өссем дейді, қыз-көрікті болсам дейді, жігіт-жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді.

Арманыңа адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,-депті қарт.

Мәтінмен жұмыс:  

«Арман-адамға қанат»

Жаңа ақпарат:

«Адам көкөейңндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады».

Тапсырма:

«Арман алға жетелейді» тақырыбында білімдерін тиянақтау.

Шығармашылық жұмыс:

        А                
        Р                
        М                
        А                
        Н                
        Ш                
        Ы                
        Л                

 

Тыныштық сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Дәптермен жұмыс:

—          Сендердің армандарыңның жақсылықтан құралғанына сенімімз мол. Бірақ нені армандайтындарыңды білгіміз келеді. Армандарың туралы қысқаша әңгіме жазу.

Қорытындылау:

—          Қоржын ішіндегі сөздермен қорытындылау.

Жүректен жүрекке:

Нағыз адам болғым келеді. (3 мәрте балалар қайталайды)

                                                 Өмірге

Сүйемін,қатты сүйемін,                    Шыңына шықтым құлпырып

Бақытты сұлу өмірім.                        Өмірдің биік дөңінің.

Жас денеме жалын күш,                    Құшақтаймын аймалап.

Көтеріңкі көңілім.                               Жайнаған жас өмірім.

Қуанбасқа немене…                             Құлпырамын құндыздай,

Өсірген соң, өмірім!..                           Көтеріңкі көңілімім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аты-жөні: Құлбаева Арайлым

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

№24 мектеп-гимназия

Санаты: ІІ

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 4 «а», 4 «ә».

 

 

 

 

Сабақ тың тақырыбы   Білімділігі Дамытушылығы Тәрбиелігі
Тілім-менің тірегім Мақсаттары Ана тілінің өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру. Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар Оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа      

Сабақтың барысы:

 

І. Шаттық шеңбері:

Ана тілім-ұраным,                          Ана тілім-елдігім,

Ана тілім – құралым.                     Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмаса,                         Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр-әнім.                     Бүтінделмес кемдігім…

 

ІІ. Сахналау:

Патша: — Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты.  Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.

 

Мұғалім: — Сонау бесінші – алтыншы ғасырлардан бастап уақыт сынына  төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон-Енисей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.

 

«Ғұламалар» қақпасы:

Мұғалім: — Қазақ тілі — Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің,  Абай, Жамбыл, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Әуезов сияқты алып ақын-жазушылардың, Қажымұқан, Б.Момышұлындай атақты батырлардың тілі. Қазақ тілі – қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш.Уәлиханов пен Т.Рысқұловтай арыстың тілі.

 

Патша: — Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.

Оқушылар:

Туған тілім

Д.Әбілов

Туған-тілім – бабам тілі — өз тілім!

Туған тілім – анам тілі — өз тілім!

Туған тілім – далам тілі — өз тілім!

Туған тілім – адам тілі — өз тілім!

 

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

ІІІ.Сұрақтар:

—          Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

—          Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?

—          Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

«Қазына» қақпасы.

Патша: — Бұл қандай керемет болды екен, а?!

( Нөкерлері қақпаны итереді. Қақпа ашылмайды)

Патша: — Менің кім екенімді білмейді-ау шамасы,-деп қақпаны өзі итереді.

(Бәрі бір ашылмайды. Қағазды ашып нөкерлері оқиды)

Дүниеде не тәтті?

Дүниеде не ащы?

Патша: — Мұның мәнісі неде?  (Оқушылардың жауабы күтіледі)

Мұғалім: Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауаптарын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.

О,хан ием!

Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіл – тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл – ащы.

 

«Ана тілім – қазынам» қақпасы.

Патша: — Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен?  Мына кітапта берілген мақал-мәтелдерді аяқтау керек.

  1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса, …

  1. Өнер алды — …
  2. Жіптің ұзыны, сөздің … жақсы.
  3. Піл күшті,

Піл күшті емес, … күшті.

  1. Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы … тарайды.

  1. Жүйелі сөз – жүйесін табар,

Жүйесіз сөз — …

Патша: — Ойпырмай-а! Тілдің құдыреті осы да. Балалар, сендерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.

 

Сахналау:

Әкесі бірінші ұлына қонаққа келді. Тамақ салынып, ет асылады.

Әкесі: — Қарағым ана етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші,-деді.

Баласы кесіп береді.

—          Әрине, санның еті  дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші,-деді.

Баласы кесіп береді.

Әкесі:

—          Тіс өтпейтін сіңір ғой.

Әкесі екінші ұлынан да осындай сый-сыяпат көреді.

Содан соң үшінші ұлына келгенде де:

  • Балам етіңнің жақсы жерінен кесіп берші,-деді. Баласы тілден кесіп береді.
  • Енді жаман жерінен кесіп берші,-деді. Тағы да баласы тілден кесіп береді.

Әкесі:

—          Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десе де тілінен кесіп бердің. Баласы:

—          Ой, әке-ай, жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс те, өсек те, бәрі де осы тілден шығады.

Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендй, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс-керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».

Әкесі: Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені  ұққандаймын. Жақсы, балам, қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама,- деген екен.

 

Дәйексөз:

—          Балалар, сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды  өсіреді де, өшіреді де. Олай дейтініміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай-ақ басқа елге барғанда өз туған тілінде сөйлесең, олар сондай халық бар  екендігін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің.

—          Егер сенің ана тілінде ешкім де сөйлемесе халқың өшеді деген – осы. Сондықтан да ақын С.Торайғыровтың:

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім», — деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.

Жаңа ақпарат:

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету — әрбір азаматтың міндеті».

Тапсырма:

«Ана тілің – арың бұл» деген сөзді түсіндіру.

Дәптермен жұмыс:

Тапсырма: Дәптердегі нақыл сөздерді оқу.

  1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Ш. Айтматов

  1. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті… Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

А.Жұбанов

  1. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабымызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

Жүректен-жүрекке:

Жүрегімнің бөлшегі

Б.Үсенбаев

Қаның, жаның —  тілінде,                     Ана тілің-ертегің,

Арың, нәрің тіліңде.                             Ана тілің — өркенің,

Тілден алып ғибрат,                             Қадірле ана тіліңді-

Құлшынасың білімге.                          Жүрегіңнің бөлшегін.

 

 

                                              Аты-жөні: Құлбаева Арайлым

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

№24 мектеп-гимназия

Санаты: ІІ

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 4 «а», 4 «ә».

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Адал достық.

Мақсаттары: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

  • адал достықтың мәнін түсіндіру;
  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;

  • Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үлестірме мәтін, Ақботаның қоржыны, тілек-хат.

    Шаттық шеңбері:

    Бірге ойнайық

    Д. Байбеков

    Күн жылынып, жаз болды,                     Жасырынып көдеге,

    Көлге аққу, қаз қонды.                            Тығылмашы, бөдене.

    Үйрек  жүзіп сарыала,                             Жаз қызығын тойлайық,

    Сайрандады жағада.                                Кәне, бірге ойнайық.

    Өсиет — әңгіме:

    Данышпан

    Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

    Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынанызшы, — депті. Қарт жігітке:

    Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, — депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін  шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

    Шырағым, жаман жігіт емессің, — депті.

    Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:

    «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық , — депті.

    «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?

     

    Мұғалім:

    Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып келеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.

    Мәтінмен жұмыс:

    Екі дос

    Ел аузынан

                Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

    Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда  тұтқиылдап жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

    Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тартпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.

    Алып барған соң ол жаудың  қолбасына:

    Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол-өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

    Қолбасы ойланып отырып, оны сынамаққа болады да:

    Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өмірімнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

    Ол не? – деп сұрайды досың құтқаруға келген жігіт.

    Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы.

    Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, — дейді жігіт. Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

    Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады.

    Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдап келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар», — деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

    Сұрақтар:

    Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

    Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

    Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс-әрекеттен байқадыңдар?

    Мұғалім:

    Адал дос дегеніміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

    Тыныштық сәті:

    Жағдаяттар талдау:

    Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбекте ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

    – Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, — деп өз өтінішін Ақылбекке айтты…

    Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

    Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қақандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс  болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

    Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

    Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті.  Су үстіне төгілді.  Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді…

    Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты.

    Сендер Мұхиттың досы болсаңдар неістер едіңдер?

    Дәйексөз:

    Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам»

    Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп  жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ал ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.

    Жаңа ақпарат:

    «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық — өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.»

    Тапсырма:

    Достыққа тән қасиеттерді айтыңдар:

    Қуаныш                                        Күлкі

    Өзара сыйластық                        Оқу

    Еңбек                                           Өзара көмек

    Шыншылдық                              Сұлулық

    Сүйіспеншілік                            Түсіністік

    Мейірімділік                              Қамқорлық

    Кешірімділік                              Адалдық

    Жауапкершілік                          Әдептілік

    Дәптермен жұмыс:

    «Адал достар» тақырыбында әңгіме жазу.

    Шығармашылық жұмыс:

    • «Өз достарыңа арнап тілек хат жазу»

    Қорытындылау:

    Адал достыққа тән қасиеттерді күн шуақтары етіп  жапсыру.

    Жүректен-жүрекке:

    Жан досым.

    Сөзін жазған: Б.Батырбекова

    Әнін жазған: А.Меңжанова

    1. Сүйемін, құрметтеймін достың атын,

    Дос барда талмайтындай қос қанатым.

    Қосылып жүректегі сырларымыз,

    Арамнның асқарына жол табатын.

    Қайырмасы:

    Өмір сәні достықта,

    Көңіл нәрі достықта.

    Жүректі мәңгі жалғадық,

    Сырға сырды қостық та.

    1. Бейімдеп мінезімді мінезіне,

    Ұқсағым келіп тұрар бір өзіңе.

    Ай нұрлы, шуақ жүзді асыл досым,

    Өзіңді балап жүрем күн көзіне.

    Қайырмасы:

    Өмір сәні достықта,

    Көңіл нәрі достықта.

    Жүректі мәңгі жалғадық,

    Сырға сырды қостық та.

     

     

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.