Баяндамалар

Мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани қабілетін қалыптастыруда жаңа оқыту технологиясын меңгерту

Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

АбиловаКенжегулСадуовна

          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасққа өту қажеттігі туындайды.Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда, Ж.Қаратаевтың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжановтың, Н.Оразақынованың т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да , жігерлі, білім өрісі биік, деңсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, шет тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да оқушылардың ой өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, адамзаттың және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

     Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.

І-оқып үйрену;                                       ІІ-меңгеру

ІІІ-өмірге ендіру;                                    ІҮ-дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін мынадай шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіру жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу; оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту-тәрбиенің интеллектуалдық түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкінділік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің нәтижесінде оқушының өз ісіне сезімділік, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков), оза отырып оқыту (С.Лысенкова), тірек конспектісімен оқыту (Шаталов), саралап  оқыту, Қазақстандық ғалымдар: Бітібаева, М.Жанпейісова, Н.Оразақынова т.б. оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, білім нәтижесі мен саналық көрсеткіштерді арттырар еді.

        Әрбір педагогикалық технологияның өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктеріне қарай әр мұғалім өз ізденісі арқылы жеке оқушының қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкес іріктеп пайдаланады. Соның бірі-оқытудың озық технологиясы-тілдік материалды сатылай комплексті талдаудың тиімділігі  деген-технология. Бұл технология  Н.Оразақынованың технологиясы. С.К.Т. технологиясы бойынша айтатын болсақ, Ж.Аймауытовтың «Комплексті оқыту жолдары» (1929) деген еңбегінде  «Өмірдегі құбылыстарды нәрселерді бір тақырыптың, бір пікірдің төңірігіне түйдектеп, біріктіріп оқытуды-комплекс деп атайды екен. Яғни осы оқытудың артықшылығы оқушыға топпен және сыныппен өздігінен жұмыс жасату жағы басымырақ, оқушыларды іздену, өмірді бақылау барысында белгілі бір білім мен біліктіліктерді игерумен қатар, олардың белсенділігін арттыратынын көрсетеді, сызба бойынша жүйелі талдап үйренуге, оқушылардың сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге; көркем мәтіндерді мәнерлеп сазына келтіріп оқуға сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгеруге ықпалын тигізеді. байқаймыз.  Сөйтіп технология дегеніміз-оқушыға бағытталған іс-әрекет болса, онда оқыту да өзіндік жүйемен ақ жетістіктерге жетер еді. Әр мұғалімнің өзіндік тәжірибесінен құралған іс-әрекеттер тиімді ұштастырылғанда сабақ та мақсатына жетеді. Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді қолдана білсек, білім нәтижесі мен  сапалық көрсеткіштерін арттыруға қиын соқпас еді.

      Әдебиеттер: 1.Н.А.Оразақынова.Сатылай комплексті талдау.Алматы 2002.

2.Қазақ тілі. М.Сергалиев.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.