"Арманы асқақ оқушы" байқауы

ӨМIР-ӨЗЕН

Өмiр-өзен арнасына сыймаған,
Сол өмiрде бола бiлгiң сыйлы адам.
Өмiр бойы сыйлап өт сен анаңды,
Бұл өмiрде саған жарық сыйлаған.

Өмiр-өзен арнасынан тасыған,
Кейде жеңiл,кейде көнiл тасыған.
Мағанда бар жүрегi пәк ғашық жан,
Мен де оны бiр көруге асығам.

Өмiр-өзен жағаға ұрған толқыны,
Өтiп жатқан мұңмен шаттық әр күнi.
Қосылады күндердiң бiр күнi,
Екi адамның бiр болумен тағдыры.

Өмiр-өзен кейде ащы бал суы,
Шашылады жерге көктен таң нұры.
Таусылмайды сол өмiрде жан мұңы,
Жегiдей жеп байлыны да жарлыны.

Өмiр-өзен суы мөлдiр ағынды,
Адамдарға бере бiлгiң барыңды.
Мұнмен қайғы сөндiрмесiн шамыңды,
Әр iсiңе болсын сенiм жалынды.

Өмiр-өзен соңында бiр арнасы,
Келе берер күнмен- күндер жалғасы.
Әрбiр адам бiрте-бiрте есейiп,
Қалыптасып қала берер тұлғасы.

Өмiр-өзен мұңмен шаттық аясы,
Бiреулердiң көптен бөлек бағасы.
Жермен көктей мұңмен шаттық арасы
Әрбiр жанның қалыптасқан санасы.

Ахатай Болат. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Жайылма ауылы №195 орта мектебінің 11-сынып оқушысы

ӨМIР-ӨЗЕН: 3 комментария

  1. Саламатсызба? Оқушыларымның шығармашылық жұмыстарын қалай жіберуге болады? Жауап беріңіздерші?

  2. Сәлеметсіз бе,сабақ үлгіліерін қалай жіберуге болады?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.