"Арманы асқақ оқушы" байқауы

«Арманы асқақ оқушы » байқауына қатысушы- Ұлықпан Перизат Асхатқызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы,
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің
 қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Анар Арыстанғалиева

 Ұстаз шәкіртімен  мақтана  алады.Мен еңбек етіп келе жатқан  жылдарда  көптеген  шәкірттерді ғылыми жоба,олимпиада,түрлі сайыстарға  қатыстырып,солардың жетістігімен марапатқа кеңеліп жүрген ұстаздардың бірімін.Бүгінгі  әңгімеге арқау болатын оқушы  өнерден талай жүлдені иеленіп жүрген,аудандық,облыстық, республикалық көлемде танылып  жүрген  мектептің мақтанышы — Ұлықпан Перизат  жөнінде болмақ. Перизат кішкентайынан  би билеп  ,өлең айтып  көркемөнерпаздар  байқауында бағын сынап,жастайынан өнерге етене араласып,биік шыңнан   көрініп келе жатқан  талантты оқушы. Ол бүгінде мектептің мақтанышы.

   Перизаттың  мың  бұрала  билеген билерін  көрсеңіз,оның би  қимылына  емес,би арқылы  сомдаған  образдардың қасіреті  мен  қуанышын  бірге  көре  аласыз. «Айша  бибі», «Үкілі  ерке  қыз», «Испан  кармені»  атты сюжеттік  желіге  құралған  билері ,адамның сезіміне  әдемі  бір  әсер қалдырады.Оның  би  арқылы  адамның  ішкі  болмысын  суреттеуі  кез-келген  адамның  қолынан келе  бермейтіні  хақ. Ол  барлық бидің  құрлымын  интернет желісі  арқылы үйреніп,нағашы  мамасы Ғалия Ықыласовамен  біріге  отырып бидің  суретін   құрайды. Сосын сол кісімен кеңесе отырып,бидің  мағынасын  ашатын  әуенін,содан  соң бидің  мәнерін  нақышына келтіре  отырып, сюжетін  ашатын биді  шығарады.

   Жетекшісіз,өз икемділігін шебер  қолдана  білген  оның  өнеріне  таң  қалмау мүмкін  емес.Осындай талантымен оның бар  мақсатының   орындалатынына сенімім  мол! Сөзімнің дәлелі ретінде  Перизаттың  жетістінгіне  қуана  отырып,оның болашақта да арманы орындалсын,асқақ арманының биігінен көрінсін деген тілекпен төмендегі презентацияны  ұсынбақпын.

Перизат  Шұғыла  Сапарбайқызындай  биші болып қана  қоймай,би өнерінің құдіретінің  сан   тарауын  зерттейтін қазақтың  өнер майталманы  болғысы  келеді.Сол  арманы  орындалсын демекпін!

«Арманы асқақ оқушы » байқауына қатысушы- Ұлықпан Перизат Асхатқызы: 2 комментария

  1. Шығар шыңдарың, бағындырар биіктерің, алар асуларың көп болсын!

  2. Аркашанда биктерден коринип журе бер балапан. Канатын талмасын, ешкашан тауын кайтпасын, аркашанда тек жасылыкка сенуине тилетеспин, тек жаксы ойменен арманына жете аласын.

Добавить комментарий для Карылгаш Отменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.