Без рубрики

          Байқоңыр  қаласы

 Қ.Қ.Тоқмұхамедов атындағы

№ 14 жалпы білім беретін орта мектептің

 ұзартылған  күн  тобының  тәрбиешісі, 

І санатты  мүғалім  Қалиянова  Балапан

Тақырыбы:  Өмірді өлеңменен өрнектеген

Мақсаты:      Оқушыларды  шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  үйрету,  қабілеттерін  дамыту.

Түрі:               шығармашылық кеш

Әдісі:              ой қозғау, іздену, т.б.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, слайдтар, т.б.

Техникалық құралы: мультимедиалық құрал

Барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші:

Өнерлі асқақ айдан шығарар жыр,

Сол оймен қапысызда ақтарар сыр.

Түсінсең осы ойды асқақтаған,

Жүректегі сырлары аралар қыр, — дегендей көптеген өлеңдердің авторы, табиғатына таланты сай Балапан Қалиянқызының өлеңдеріне арналған шығармашылық кешті ашуға рұқсат етіңіздер.

Өлең жазам, жақсы ойға бағыт алам,

Өлең жазам, еңбектенде шабыт алам.

Өлең жазам, ренжіскен достармен де,

Қайтадан құшақ жая табыса алам.

Мен кейде өлең жазам, ән де салам,

Жақсы өлең дәмін татып тамсанам.

Сезінем шабыт алып сол өлеңнен,

Алдымен кеп тұрғандай аңсағаным.

деп өмірін жас ұрпаққа білім берумен қатар, қолы қалт еткенде өлең жазумен шұғылданатын мектебіміздің мақтанышы, адал еңбек төріне енген ұлағатты ұстазымыз Балапан Қалиянқызын ортаға шақырамыз (музыка).

Балапан апай:

Ардақты ұстаздар,

Құрметті қонақтар,

Қадірменді оқушылар!

Ұрпаққа көп қой менің берешегім,

Өздерің ертеңім де келешегім.

Бақыттың құшағына еніп тұрмын,

Мен-дағы тексіз адам емес едім.

Жүргізуші:

Апайды көрсетуге ұялмаймыз,

Бүгін біз өлең оқып, ән тыңдаймыз.

Табылған өн бойынан өнер біткен,

Кешімізді қонақтар сізге арнаймыз.

 

IІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші: апайдың өмірі мен еңбек жолына тоқталып өтсек.

Ол 1958 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет совхозында дүниеге келген. Өсіп-өнген жанұяда 7 баланың 5-шісі. 1965 жылы 1 сыныпқа қабылданып, 1975 жылы 10 сыныпты өте жақсы деген бағалармен аяқтап, жанұя жағдайына байланысты № 32 мектепте аға тәлімгер болып еңбек жолын бастады. Еңбекті оқумен ұштастырып, Жезқазған қаласындағы педагогикалық училищенің мектепке дейінгі бөлімін аяқтап,   №8 «Балауса» балабақшасында тәрбиеші мамандығын атқара жүріп, облыстық ақындар айтысына қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. 1995 жылы Байқоңыр қаласына қоныс аударуына байланысты Төретам қыстағындағы жол бойына қарасты №10 «Күн нұры» балабақшасына тәрбиеші болып орналасады да, мемлекеттік балабақшаның таралып кетуіне байланысты Байқоңыр қаласындағы №8 мектепке қызметке орналасады. Биыл Балапан апайдың жалпы педагогикалық еңбек өтіліне 30 жыл, осы қалада еңбек еткеніне 17 жыл толып отыр. Жан-жақты, ізденімпаз, сегіз қырлы, бір сырлы ұлағатты ұстаз биыл 55 жасқа толып отыр. Қазір Балапан апайдың жарық көрген «Көктем шуағы» атты өлеңін                                                                                                                                                                                                                                                                                                 орындайды. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Танытқан ақ көңілін реңінен,

Мейірімділік көрінер жүрегінен

Бойынан барлық өнер табылады,

Ақын, ұстаз, әншілік бір өзінен,-

деп апайдың өзіне қояр сұрағымыз бар.

  • Сіз өлең жазуды қай кезде бастадыңыз?
  • Мектепте жазған өлеңіңізді оқып бере аласыз ба?        (жауабы)

Жүргізуші:

Өнерде кімменен де тең келесіз,

Қай кезде шыға білдің төрге де сіз.

Өлең сөзді өзіңмен ала жүрдің,

Серік етіп өлеңді өмірде сіз.

Балапан апай ,оқушының бойындағы талантты ашу  дегенді қалай түсіндіресіз ? (жауабы)

 

Апай: өлеңнің құдіреті — адамның ішкі сезімінде. Сезімнің де түрлері бар: сыйластық сезім, махаббат сезімі, патриоттық сезім, — дегендей, осы сезімдер айналып келіп, адам баласының «Нәзік сезіміне» бағынады.

Жүргізуші:

Ендеше, Балапан апайдың өлеңін оқу үшін оқушыларын ортаға шақырамыз.

1.Сауле          «Келді көктем

2.Назым         «Қуаныш»

3.Жанна           «Көктем мен қыз»

4.Сымбат          «Жайнасын елім!»

5.Жазира         «Наурыз мерекесі»

6.Дәулет            «Өмір гүлі»

7.Асылхан         «Ұлы достық»

8.Аида              «Шын достық»

Жүргізуші:

Топырағыңа қаным тамған өз жерім,

Мақтаулысы жетпес саған өзгенің.

Ащы сорың маған нұр боп көрінер,

Нашарлығын мен, сірә, да сезбедім.

Мен өзіңде өмір бойы байландым

Таба алмадым, сені іздеп ай бардым

Топырағыңнан жаралғанмын туған жер,

Қастерлеймін, қасиетіңнен айналдым,-

деп өз туған жеріне деген ыстық лебізі Балапан апайдың өлеңдерінен анық сезіледі. Ортада: Жұлдыз Құрмашова апайдың «Бейбіт елім» өлеңін оқиды.

Жүргізуші:

Махаббат шыңға өскен шынар ма екен,

Сол шыңға шыныменен шығар ма екем.

Сынашы сыныңа мен шыдар ма екем,

Кім ойлап махаббатты шығарды екен?!

Балапан апай махаббат тақырыбын да шолып өткендей. «Адам баласының шынайы сезімі — махаббат емес пе?», — дейді апайымыз.

Жүргізуші:

Әнге көңіл шағала шарықтаған,

Бар өмірің бақытпен қалықтаған.

Балаларды әрқашан жырмен тербеп,

Ақындықты біздің апай анықтаған,-дей келе ортаға Балапан апайдың қызы, 9 сынып оқушысы Әсемді шақырамыз.

Лебізі, ән шашу. «Ана » әні.

Жүргізуші:

Өмір арман, жете алса ғасыр ұлық,

Оны армандар қаншама асыл үміт.

Бірте-бірте жетем деп жүргенің де

Қарттық келер бәденге жасырынып.

Өмір деген осылай тез өтеді,

Өмір десе әр пенде өжет өзі.

Төтен жәйттен әйтеуір аман болып,

Қартайғанға, әрине, не жетеді.

Осындай кісілердің жолын, жақсылығын, игілігін келешек ұрпақтарға берсін. . Енді оқушылар шығармашылығына кезек береміз:

  1. 6«А» сынып оқушысы Құсайынова Салтанат өзінің жазған «Көктем» әңгімесін оқиды.
  2. 6«В» сынып оқушысы Холова Аягөз «Менікі дұрыс» шағын әңгімесін                                  оқиды.

3.6 «А» сынып оқушысы Алнази Айжан «Көктем» өлеңін оқиды.

Жүргізуші:

Биікте әуелейді жырларыңыз,

Сүйсініп тек өзіңіз тыңдарымыз.

Балапан апай жырдың асқақ иесісіз,

Бұл біздің ашық жаяр сырларымыз,-

дей келе апайдың өзіне сөз береміз.

Апай: құрметті зиялы қауым. Бүгінгі кешке ат салысып, ой бөліскендеріңізге үлкен рахмет. Баршаңызға мықты денсаулық, айрандай ұйыған ауызбіршілік тілеймін. Сіздерге, Алланың нұры жаусын. Рахмет!

«Балапан қаз» әніне кезек береміз. Орындайтын Әсем.

 

ІІІ. Қорытынды

Жургізуші:

Қадірменді ұстаздар, оқушылар!

Құрметті қонақтар!

Балапан апайымыздың әліде болса халқына берері көп, — деп үміттенеміз. Өлеңдері облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жарияланып жүрген ұстаз – ақын үнемі ізденіс, толғаныс үстінде шығармашылықпен жұмыс істеп келеді, жасай да береді. Олай болса ендігі сөз кезегін бүгінгі құрметті қонақтарымыз:

№1 мектеп мұғалімі Гененко,

№6 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Гүлмира,

№8 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Халдарова Гүлмира

апайларды,Бәйтерек газетінің бас редакторы Абылбек Мауленовты ортаға шақырамыз.

Келесі қорытынды сөз мектебіміздің директоры Жұмагүл Қосжанқызына, оқу ісінің меңгерушісі  Ғалия Мүсілімқызына мен тәрбие ісінің меңгерушісі Зайра Сейтжанқызына ұсынамыз.

Жүргізуші:

Осылай өнер өзі қанаттанды,

Тыңдасақ өлеңдерін таң атады.

Қызықтап өлең кешін отырғанда,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.                                             Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.