Без рубрики

Дене шынықтыру сабақтарында фитнес технологияларды қолдану

  “Дене шынықтыру” саласындағы мамандар дене тәрбиесіне деген қызығушылықты арттыру үшін белсенді  жұмыс істеуде: жаңа денсаулықсақтаушы технологияларды, денсаулық сақтау  және арттыру амалдарын зерттеп жүр.

Жастар мен оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген қызығушылықтары төмен. Қозғалыс ойындарының орнын гиподинамияны одан  бетер көбейтетін виртуалдық  ойындар басып, көру және жүйке жүйесіне жүктемені арттырады.

Дене мүмкіншіліктері деңгейінің төмен болуы және дене дайындығының нашарлығы себебінен оқушы мемлекеттік стандарттардың талаптарын іс жүзінде орындай алмайды.

Қыздар өздерінің мүсіннің сұлу болуы, иілгіштікті арттыру, жүрістің әдемі болуы үшін көбінесе дене қалпымен, көркімен ғана айналысады, бірақ та жылдамдылықты, күшті, төзімділікті арттыру туралы аз ойланады.

Көптеген қыздарда дене шынықтыру мен денсаулықсақтауға деген қызығушылық пен қимыл белсенділігіне деген қажеттілік  қалыптаспаған. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, жоғарғы сынып оқушыларының 80% дене шынықтыру сабағына деген кері ынтасын білдіреді. Бұл әрине, оқушының дене дайындығына, денсаулығына және де сабаққа деген қызығушылығына кері әсер етеді.

Сонымен, осы мәселені шешу — өзекті болып келеді, және де дене шынықтыру саласында көп ізденістерді, жаңа бағдарламаларды, одан да тиімді  әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді.

Фитнес элементтерін дене шынықтыру сабақтарында қолданғанда, ең алдымен спорт түрінің спецификасын ескеріп, жаттығулар қимыл дағдыларды қалыптастыру үшін арнайы бағытталуы керек. Жеңіл атлетика сабақтарының дайындық кезеңінде аэробиканың, степ аэробиканың жүгіру техникасы, секіру, лақтыру  элементтеріне сәйкес жаттығулар пайдаланылады.

Гимнастика сабақтарында, гимнастикалық доптармен жасалатын жаттығулар, шейпинг, пилатес, йога, стрейчинг және т.б. түрлер қолданылады.

Спорттық ойындарға бағытталған сабақтарда қойылған міндеттерге байланысты классикалық аэробиканың түрлі жүрістері мен секірулері, кілт тоқтау мен қайшылап жүру және де гимнастикалық орындықта орындалатын степ-аэробиканың элементтері қолданылады. 32 санақ бойынша доппен орындалатын жаттығулар сабақты одан да қызығырақ өткізуге көмектеседі.

Ал ауа-райы жағдайы нашарлап, далаға шығу мүмкіншілігі болмаған кезде нығыздалған доптармен, классикалық, степ және де күш аэробикасы қолданылады.

Дене шынықтыру сабақтарының қандай да бағыттары болсын негізгі міндетін шешу үшін фитнестің арнайы дайындалған жаттығулар кешендері —   шыдамдылықты, секіргіштікті, күштілікті, иілгішікті және басқа да қимыл мүмкіншіліктерін меңгеруге тиімді.

Сабақтың қорытынды кезеңінде денеге түскен қуатты төмендету және эмоционалдық жағдайды жоғарылату үшін стрейчинг, йога және т.б. қолданылады.

Сонымен, келесі қорытындыларға келуге болады: дене шынықтыру сабақтарында фитнес технологиялар элементтерін қолдану – жағымсыз әсердің жақсыға өзгеруіне, жаттығулармен айналысуға қызығушылықтың артуына, және де дене дайындығы деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді.

Дене шынықтыру сабақтарында фитнес технологияларды қолдану: 0 комментариев

  1. Бұл технология дене шыныктыру пәніне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағытты басқа да оқу орындарында да енгізу артық болмас.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.