Без рубрики

Тігін бұйымдарын сумоншақпен өңдеу.

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

технология пәнінің мұғалімі

 Шукеева Гульбану Кенжебекқызы

9 сынып

Сабақ тақырыбы: Тігін бұйымдарын сумоншақпен өңдеу.

Сабақ мақсаты:

·         Бұйымдарды сумоншақтармен өндеу әдісімен таныстырып, өндеу реттілігін үйрету.

·         Оқушылардың қызығұшылық белседіліктерін дамыту, білімдерін қалыптастыру.

·         Эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, іскерлікке, еңбек істеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету арқылы сабақты пысықтау.

Құрал-жабдықтар: сумоншақ түрлері, ине, жіп, бұйым.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезені

Сәлемдесу, жоқтарын белгілеу.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Сурақтар арқылы өткен тақырыпты пысықтау, білімдерін тексеру.

 1. Ылғалды жылулық өндеу дегеніміз не?

 2.Бастыра үтіктеу киімнің қай жерлерінде қоланылады?

 3.Қауіпсіздік ереже.

 4.Булау дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

4. Жаңа материалды өту.

Бұйымдарды қазіргі таңда әр түрлі әдіспенен  өндейді, соның ішінде ең көп тараған түрі сумоншақпен өндеу.

Бисердің тарихы.

 Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сырға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.

 Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі «бусра» сөзінен шыққан.

 Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.

 Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.

 Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.

 Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.

 Рубка— қысқа таяқшалар.

 Ине — бисер тігу үшін арнайы жіңішке №10 ине қолданған жөн. Әр түрлі жіп түрлерін қолдана беруге болады. Тек олардың жуандығы бірдей, әрі мықтылау, сонымен қатар моншақты тіккенде жұмысқа кедергі жасамайтын болуы керек.

 Қосымша жабдықтар: Мата, ине, жіптен басқа өткір қайшы, арнайы кергіш немесе, жақтауыш қажет болады.

 Моншақтарды шыныдан жасалған қауашықтарда немесе қораптарда сақтаған дұрыс. Өйткені мұндай қораптардан бисердің түрі, түсі жақсы көрінеді.

 Бисермен кестелеу:

 1.Бисермен кестелеудің алдында матаны кергішке тартып, оның бетіне сурет салынады. Суретті түрлі етіп қағаз бетіне салып алып, матаға көшіруге болады. Мұндай жағдайда өрнекті көз алдына елестетіп, оның түсін, ерекшелігін шеше білу керек.

 2.Матаны кестелеп болғаннан соң кергіштен боасатып, шетіне орын қалдыра отырып қиып, үтіктейді. Кесте қаттырақ болу үшін астына қалыңырақ матадан астар тігіледі. Осындай кестенің түрімен түйменің бетін қаптауға, қалтаның аузын, жағасын, жеңін кестелеуге, әмиян, көз әйнектің қабын, кішкене сөмкелер, панно, жастықшалар, бас киімдер, жұмсақ ойыншықтар дайындауға болады.

 3.Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы параллельді тоқу. Яғни, сым бисердің қуысынан параллель өтеді.

 Пайдалы кеңестер:

 1.Матаны моншақпен кестелеген жағынан үтіктеуге болмайды, моншақ еріп, үтіктің табанына жабысып қалуы мүмкін.

 2.Маржанға жіп кіргізерде ұшына лак жағу керек. Бисерді бөтелкеде, пакетте сақтау қажет.

 3.Бисермен жұмыс істеген кезде отырған орын жайлы , жарық болуы керек. 30-40 минут жұмыс істеп, 15-20 минутқа демалу керек.

 4.Маржанмен бұйым жасағанда бір- біріне тығыз ілінуі керек. Жіпті қатты тартуға, керісін-

 ше бос қоюға болмайды. Бұйым тегіс түспейді. Егер бұйымнан қате тапсаңыз, ерінбеңіз, сөгіп қатеңізді түзеңіз.

 5. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

 Сарамандық  жұмысы:

Тігін бұйымдарды сумоншақпен өндеу.

6.  Жаңа материалды бекіту.
1. Бисердің шығу тарихы.

 2. Бисер дегеніміз не?

 3. Бисердің қандай түрлері болады?

7. Оқушыларды бағалау.

8. Үй тапсырмасын беру. Өндеу жұмыстарын бітіру.

9. Жұмыс орнын жинастыру.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.