Без рубрики

Сыныптан тыс жұмыс

Қызылорда облысы

  Қармақшы ауданы

 Төретам кенті

  №80 мектеп-гимназия

  География пәні  мұғалімі

                                                                                                      Ниязов Серік

12 сәуір ғарышкерлер күніне  арналады .

 

Тақырыбы: «Ғарыштың бас қаласы Байқоныр»

Сабақтың мақсаты:

1. Кеңес  өкіметі  тұсында  50 жыл  бойы  құпия-қала  болып, картаға  түспей  келген Байқоңыр  қаласын,  айлағын  бірі  білсе,  ал  біреулер  біле  бермейді.  Сондықтан  Қазақстандықтарға  ғылым  мен  техниканының  соңғы  мүмкіндіктерін  көрсетіп,  өскелең  ұрпақты  ғарыш  саласын  одан  әрі  дамытуға  шақыру.

2. Қаламыз, туған жеріміз туралы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.

3. Туған жердің табиғатын сүйе білуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сурет көрмесі, буклет, сұрақ-жауап,  тақырыптық  слайдтар, Қазақстан картасы

Әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ-жауап,  пікірталас.

Жоспары:

I. Ұйымдастыру.

Кіріспе.  Мұғалім сөзі:

II. Негізгі бөлім.

ІІІ. «Ғарыш әлемі»  тақырыбына шығарма тындау.

ІV. Байқоныр жайында баяндама тындау.

VI. Ән «Туған жер»

VIІ. Туған жер жайында өлең шумақтарын тындау.

IX. Пікірталас

X. Мақал-мәтелдер.

XI. Ән. «Байқоныр»

XIІ. Қортынды

Ұйымдастыру бөлімі:

Кіріспе сөз:

Туған жер ,айналайын қасиетінен

Ғарышкерлерге болған мекен

Перзентің тебіреніп жыр толғайды

Киелі топырағында аунап өскен -дей келе құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар, бүгінгі косманавтика күніне орай ұйымдастырылған Ғарыштың бас қаласы Байқоныр атты сыныптан тыс жұмысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Барлық оқушыларды сабаққа бір кісідей жұмылып, атсалысып отыруға шақырамын.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар Ғарыш әлемі тақырыбына шығарма жазып келу керек болатын. Енді, осы шығармаларды тыңдап көрейік. (оқушылардың шығармалары тыңдалады) Балалар, біз сендердің шығармаларыңды тыңдай отырып,ғарыш саласын дамыту сендердін қолдарында екенін түсіндік, туған қалаларыңның өздеріңе ыстық көрінетінін білдік.

Мұғалім сөзі:

Байқоңыр қаласының тағдыры ғарышпен тікелей байланысты. Олай болса қала тарихымен танысып өту үшін Облыстық ғылыми жобада «Байқоныр ғарыш айлағында туризмді дамыту» тақырыбында І орын иеленген мектебіміздің оқушысы Сабырбаев Бөгенбайға сөз берсек.

Байқоңыр-Қазақстанның Қызылорда облысында орналасқан қаласы, Байқоңыр ғарыш айлағының әкімшілік және тұрлылықты орны. Қаланы Байқоғыр ғарыш айлағымен бірге Ресейліктер 2050 жылға дейін жалған алған. Жергілікті халықтың саны 70 мың шамасында. Қала 1995 жылға дейін Ленинск аталды. СССР кезінде жабық қала мәртебесі берілген. Қалада рұқсат қағаз режимі орнатылған. Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Темір жол станциясы қаланың солтүстік жағында 2 км қашықтықта Төретам орталығында орналасқан. Қаладан 5 км жерде Арал-Жосалы-Қызылорда автомобиль жолы орналасқан. Қалаға  және космодромға қызмет ететін Краний (қала батысынан  6 км ) және Юбилейный (бұрынғы «Буран» қону алаңы қаланың солтүстік-батысына 40 км космодром территориясында) аэропорты жұмыс істейді.

Қаланың нақты туылған күні 1955 жылдың 2 маусымы, себебі СССР қорғаныс министрінің бас қолбасшы директоры 5-ші ғылыми-зерттеу сынақ полигонының ұйымдастыру штатын бекіткеннен бастап жарияланды. Полигон және посёлок  шартты түрде «Заря» деген ату берілді.  1955 жылдың аяғында жалпы азаматтардың және полигонда жұмыс жасайтын әскерилердің саны 2500 адамға жетті. 1956 жылдың жазында қалада алғашқы «Оныншы алаңша» деп аталатын (қазіргі Гагарина көшесі) кірпіш құрылысы жүре бастады. 1956 жылдың аяғында полигонның әскери қызметкерлері үшін почта адресі анықталды – «Кзыл-Орда-50» деп аталды.   Кейінірек «Ташкент-90» болып өзгертіліп 1960-шы жылдың соңына дейін жұмыс жасады. 1957 жылдың басында полигон қызметкерлерінің саны 4000 адамға жетті. Алғашқы кездегі жоспар бойынша қаланы Сырдария өзенінің екі бетіне салыу жоспарланған, бірақ көктемдегі судың тасуы және өзен үстінен көпір салуға кететін қаражаттың көптігіне байланысты жоспар өзгертілді. Қала өзеннің оң жағына салынып,  су тасқынынан қорғау үшін екі метрлік дамба салынды. 1958 жылдың 29 қаңтарында Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі президиумының бұйрығымен шартты түрдегі «Заря» атауы өзгертіліп Ленинск атауы берілді. Жоба бойынша қалада  шамамен 5 тұрғынға жоспарланған. Бірақ полигонда тәжірибелік сынақтардың қарқынды жүруіне байланысты 1959 жылдың аяғында  «Заря» ауылында 8000 адам, 1960 жылдың аяғында 10000-дай адамға жетті. 5-ші ғылыми-зерттеу сынақ полигонынан алғаш космосқа адам ұшырылғаннан кейін (Ю. А. Гагарина), баспа және халық үшін «Байқоңыр космодромы» атауы берілді.

Байқоңыр  ғарыш  айлағын  қанша  жерден  экологиялық  зиянды  аймақ  деп  санағанымен  де,  ғылыми-техникалық  прогрестің  дамуы,  оны  жабуға  болмайтынын  көрсетеді.  Сол  себепті  Байқоңыр  ғарыш  айлағын, одан  әрі  инфраструктурасын,  экологиясы  мен  экономикасын  дамыту.  Аймағымыздағы  ғылым  мен  техникасы  дамыған,  тарихи  мұралары  бар  біздің  жерімізде  туризмді  дамытуға  болады  деп  санаймын.

Мұғалім сөзі:

— Рахмет,  Бөгенбай  аймақта туризмді дамытамын деген талабына нұр жаусын дей отырып әнге кезек берсек.

Ән «Туған жер» орындайтын Нұрмаханова Ақбота

Мұғалім сөзі:

— Ақботаға рахмет айта отырып, оқушылардың Байқоңыр жайында өлең шумақтарына кезек берсек.

1-оқушы:

Жайнай бер өмірдің көктемі,

Байқоңыр-білімнің мектебі.

Тағдыры ғарышпен тоғысқан,

Көп ұлттың туған мекені.

2-оқушы:

Байқоңыр —  менің ән қалам,

Жұлдыздай мәңгі жайнаған.

Туған жерім бесігім,

Жасай бер, мәңгі сән қалам.

3-оқушы:

Өткені шежіре ертегі,

Жарқын да айқын ертеңі.

Ірілік, бірлік ұйытқысы,

Байқоңыр-ғарыш мекені.

 

 

 

4-оқушы:

Байқоңыр-ыстық есімің,

Байқоңыр-алтын бесігім.

Достықтың туын көтеріп,

Айқара ашқан есігін.

5-оқушы:

Байқоңыр-сенсің менің сайран бағым,

Кетпестей кіндігімнен байланғаным,

Табысың мен тамашаң толып жатар,

Баяндап тауысайын қайдан бәрін.

Пікірталас

Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар бізге туған жеріміз қанша ыстық болсада,Байқоныр айлағын  экологиялық жағынан лас,аймақтың ластануына бірден-бір себепкер деп жатады осы мәселе бойынша алдымен ғарыш кешендері туралы презентацияны тамашаласақ ал одан кейін  өз пікірлерінді тындайық.

Тақырыпқа  сай  дайындалған  арнайы  слайдтарды  тамашалау,  оқушылардын пікірін тыңдау

— Оқушылар өз пікірлерінді білдіре отырып,қарыштап дамып келе жатқан Қазақстан үшін, жалпы әлем елдері үшін аймағымыз қарқынды дамыған техникалық-прогрестің орталығы,  ғарыштын астанасы екенін дәлелдедіндер. Олай болса туған жер жайында қандай мақал-мәтелдер білесіндер.

Мақал-мәтелдер

1 Туған жердің топырағы да ыстық. 9 Өз елімнің басы болмасам да,Сайының тасы болайын.
2 Туған жер бұлақсыз болмас,Сулы жер құрақсыз болмас. 10 Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3 Туған жер — тұғырың,Туған ел — қыдырың. 11 Елінен безген оңбайды, Көлінен безген қонбайды.
4 Ел қадірін көрген біледі,Жер қадірін жүрген біледі. 12 Отан – елдің анасыЕл – ердің анасы.
5 Адам елінде көгерер,қоға көлінде көгерер. 13 Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.
6 Бөтен жердің гүліненТуған жердің тікені артық. 14 Отанға опасыздық еткенің,Өз түбіңе өзің жеткенің.
7 Пәлен жерде алтын бар,Өз еліңдей қайда бар. 15 Әркімнің өз жері — жұмақ.
8 Туған жердің жуасы да тәтті. 16 Ер елінде,Гүл жерінде

 

 

Мұғалім сөзі:

Міне мақал-мәтелді де көп білетіндеріне қарап сендердін туған жерлерінді қаншалықты жақсы көретіндерінді білдік,  ал енді әнге кезек берсек:

Ән:  «Байқоныр» орындайтын Сайнов Нұрбол

Қорытындылау

Ғарышқа жан баспаған жол бастадын

Күмбезін көктей өтіп көк аспанын

Куәсің ең алғашқы ерліктерге,

Байқоныр айтар әнім жыр дастаным  дей келе — туған жеріміздін,ғарыш саласының дамуына бір кісідей ат салысайық деп сабағымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.