Без рубрики

zhanat

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Нұрханова Жанат Бидәкеқызы

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылға дайындық.Шырша дайындау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:Шырша туралы мағлұмат беру. Оқушыларға шыршаның жасалу жолдырын үйрету;
2.Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін,ой-өрісін,өзіндік іс-әрекетін,шығармашылық қабілетін дамыту.Пәнге деген қызығушылығын,таным белсенділігін арттыру;
3.Тәрбиелілігі: Ұқыпты,таза,әдемі жұмыс жасауға үйрету. Еңбекқорлыққа,адамгершілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интеративті тақта,қауіпсіздік ережелері,электронды оқулық
Түрі:Аралас сабақ
Типі:Жаңа білімді игерту
Әдісі:топпен жұмыс,түсіндірі,сұрақ-жауап, «Қар жинау» ойыны,сто элементтері
Пәнаралық байланыс: Математика,еңбек,бейнелеу,дүниетану
Қажетті құрал-жабдықтар: қалам,өшіргіш,түрлі-түсті қағаз,қайшы,желім,таспа жіп түрлері

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
А)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;
Б)Топқа бөлу,топбасшысын сайлау;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
“Шалғында” композициясын құрастыру
ІІІ.Өткен сабақты бекіту
«Қар жинау» ойыны арқылы бекіту.
1.Компазиция дегеніміз не?
2.Компазиция қандай бөлшектерден тұрады?
3.Компазицияға қандай сәнді өрнектер қосуға болады?
4.Аппликация дегеніміз не?
5.Заттық аппликация дегеніміз не?
6.Сюжетті аппликация дегеніміз не?
7.Оригами дегеніміз не?
ІҮ.Қызығушылығын ояту
«Ой қозғау» әдісі
-Балалар біз қандай ойын ойнадық?
-Балалар қар жылдың қай мезгілінде болады?
Қысқы мейрамдар қандай?
-Қыста аңдар қалай күн көреді?
-Қыс мезгілінде қандай аңдар ұйықтайды?
Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
-Қыс айларын ата
Топпен жұмыс. (топтастыру)
1-топ Қыс мезгілі
2-топ Қысқы ойындар
3-топ Қысқы еңбек түрлері
«Поэзия минуты»

Қыс мезгіліне байланысты тақпақтарын айту.
Ү.Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.
Дәптерлеріне күннің ретімен,жаңа сабақтың тақырыбын жазу.
Жұмбақты шеш:
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріндемін үйіңнің. (шырша)
Шырша туралы мағлұмат беру.
Шырша (лат. Pіcea) – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Шыршаның барлық түрі күн көзін жақсы көреді.Сұрыпты түрлері
жеңіл топырақты, ық жерлерде жақсы өседі. Жыл сайын сынған,майысқан бұтақтарын кесіп, реттеп отыру керек. Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15-20 жылға дейін
өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен,6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына Жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте көп. Шығыс Шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады.Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады.Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді.Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

ҮІ.Сарамандық жұмыс
Қайшымен жұмыс істеу ережесін сұрау.
1.Қағазды қиған кезде қайшыны емес,қағаз парағын жылжыт.
Сол қолыңның саусақтарына абай бол.
2.Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
3.Қайшыны біреуге бергенде,жабық күйінде бер.
Қайшының сап жағын оны беретін адамға қаратып ұста.
4.Жұмыс біткен соң,қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.

-Қане балалар көмектесейік. Әдемі шыршаны жапсырмалау үшін түс таңдайық. Шырша қандай түс болатын еді?
— Жасыл түс
— Дұрыс айтасыңдар. Енді қағазды қиып алайық.Қиып алған қағаздарымыз неге ұқсайды?
— Үшбұрышқа,пирамидаға.
-Аққала,шырша,жұлдыз бейнелері қандай пішіндер?
-Геометриялық пішіндер.
Сергіту сәті
Шаңғыменен сырғанап,
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап,
Бұршақ болып түсеміз.
ҮІІ.Ой толғаныс
Бес жолды өлең құрастырайық.

Сабақты бекіту:
-Балалар біз бүгін нені жапсырмаладық.
— Шыршаны жапсырмаладық.
— Шыршаны немен безендірдік.
— Әдемі ойыншықтармен.
— Безендіруге қандай құралдарды пайдаландық.
— Түрлі түсті қағаз, желім.

Балалар ойын ойнап үйге қайтайық.
Жаңа жыл мерекесінде аққала, шыршаны,ойыншықтармен безендіреміз.Ойынның аты: Не жетіспейді? Мұндағы тұрған аққала шырша, қар осыларға жетіспегендігін байқаймыз.Жұмбақтар жасыру арқылы құрастырамыз.
І топқа
1.Бойымызға шақ қана,
Көзі көмір қап-қара.
Мұрны сәбіз сап-сары,
Тұрғыздық біз (аққала)

ІІ топқа
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.

ІІІ топқа
3.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.

ҮІІІ.Бағалау
Оқушылардың жетістіктерін айтып бағалау.
ІХ.Үйге тапсырма: Шырша және шырша ойыншықтарын жасап келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.