Без рубрики

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ІЗДЕНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РОЛІ.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ІЗДЕНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РОЛІ.

Омарова Адеми Кажибаевна

Қобда ауданы Қобда қазақ орта мектебі

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде. Білім беретін біз,мұғалімдер.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды.Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
— таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
— өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
— оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
— игерілген білімді тасымалдай білуі;
— өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) – оқушының зертеу жұмысына ынталандыру.Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Ол – өзінің зерттеу жұмысынан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.Оқушыны зерттеу жұмысына үйрету, оны жоба қорғауға дайындау оқушыны ғалым қылып шығару емес, оны өз бетімен жұмыс жасай білуге , кез-келген өзін толғандыратын немесе қызықтыратын мәселе төңірегінде ізденіп, ойын қорыта білуге, шешім шығарып ой түйе білуге үйрету және де өз ойын ашық айтып,өз пікірін қорғай алуға үйрету деп білемін. Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және оны жинақтау әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты борышымыз. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі мұғалімнің басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындай үдері қалыптастырылыды
Білім берудегі ең басты қағида -оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып, өзін-өзі дамытуға жетелеу.
Мұғалiмi ретiндегі өз тәжірибемнен байқағаным – орта буындағы сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы болады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Алдымен оқушыға қарапайым тапсырмаларды өз бетімен орындауға , белгілі бір үлгі бойынша орындауға дағдыланадыру қажет. Сол тапсырманы үлгі бойынша толық, қажетті деңгейде орындай алған балаға әрі қарай өз бетімен іздену жұмыстары тапсырылады. Сол кезде оқушы мәліметтерді өз бетінше талдап, жинақтайды. Жинақталған анықтамалардың тиімділігін іріктеп, салыстырмалы түрде қорытынды жасайды. Оқушы анықтамаларды салыстырып қана қоймай, өз бетінше мүмкін болатын жауаптарды іздестіреді. Осы кезде балаға дұрыс бағыт-бағдар беріп,оны алға қарай ұмтылдыра алса бұл мұғалім еңбегінің жемісі болып табылары сөзсіз.
Оқушы – ізденуші тұлға. Сократ: «Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту- мұғалімнің жұмысы»,- деп ұстаздың негізгі бақылаушылық ролін белгілеп береді. . Осыған байланысты мұғалім оқушыны неге, қандай мәселеге жетелеу керектігін біліп, өздігінен қорытынды шығара білуге нұсқаушы, бағыттаушы, бейімдеуші болуы керек.
Осы бағытта мұғалім оқушыға әр түрлі тақырыпта жұмыс тапсырмай, керісінше бір тақырыптағы іздену жұмысынан келесі тақырып өздігінен туындап отыруы қажет. Сол уақытта баланы тақырып таңдауға үйрете аламыз. Әрине оқушы ғылыми жаңалық ашып тастамайды, дегенмен өзінің оқыған не көрген нәрсесінен неге осылай болады екен деген сұраққа жауап іздеп,өзінше тұжырым жасайды.
Атап айтар болсақ, қазақ әдебиеті пәнінен оқушыларыма тарихи өлеңдер туралы мағлұмат бере отырып оларға тарихи өлеңдерді өз беттерінше іздеп тауып, оны неге тарихи өлеңге жатқызуға болатынын дәлелдеуді тапсырдым. Оқушылар Мұхтар Әуезовтың тарихи өлеңге берген анықтамасына сүйене отырып көптеп өлеңдерді жинақтады. Әрине бұл тапсырманы сыныптағы барлық бала толықтай орындады деу қисынсыз, дегенмен екі-үш оқушым ойдағыдай орындап,өз жұмыстарын дәлелдеуге тырысты. Міне осы тапсырманың негізінде сол оқушыларға әрі қарай іздену жұмыстары тапсырылды. Материалдар жинақталып, бүгінге күнге дейінгі тарихи өлеңдердің зерттелуі жайында мағлұматтар зерделенді. Соның нәтижесінде соңғы зерттеулерге сүйене отырып, біз «Тарихи өлеңдердегі тарихи шындық көрінісі» деген тақырыпта жоба қорғап шықтық. Бұл жобамызды іздену барысында талай ақын –жырауларымыздың жоқтау өлеңдермен таныстық. Келесі тақырып осы жұмыстың негізінде жоқтау өлеңдерге ауысты.Біз бұл жұмыста да жоқтау өлеңдердің сипатына мән бере отырып,бүгінгі күндегі жоқтаудың сипатын ашуға тырыстық. Бұл жобамызда облыс көлеміндегі конференцияда жүлделі І орынға ие болды. Осы жоқтау тақырыбын іздеу барысында балалар жоқтау өлеңдегі «Ақ некелі әйелдің азаматы дүниеден озғанда, шашын жайып жіберіп жоқтауы» туралы мағлұмат қарастырылған болатын.Осы кезде балаларда адамның шашының өлген адамға қандай қатысы бар деген сұрақ туындады. Сол себепті де біз әдебиет пәніне тікелей қатсы болмаса да шаштың қаситеі туралы жұмысымызды бастап кеттік.Бұдан шығатын қорытынды іздену жұмысын мұғалім тек өз пәніме қатысты болса ғана жүргіземін деп балалардың көкейінде пайда болған сұрақтар мен ізденуіне шарт қоюға болмайды. Бір жоқты іздеп жүріп,бір жоқты табасың дегендей баланың бойында ізденген сайын сан түрлі сұрақтар туындай береді. Оған шектеу қоюға болмайды, керісінше оның ойын құптап, егер өзіңе қиындық туғызған жағдайда сол мәселе төңірегінде көмек бере алатын ұстаздармен бірлесе жұмыс атқарып, балаға ықпал еткен жөн.
Оқушымен зерттеу жұмысын жүргізген кезде мынадай мәселелер ескерілу қажет деп білемін.
— Балаға зерттеу барысында тақырыпты немесе іздену жұмысына қажетті нәрсені мұғалім таңдамау қажет. Ең бірінші баланың қызығушылығы ескерілу керек. Олай болмаған жағдайда баланы қызықтыра алу мүмкін емес.
— Оқушының іздену жұмысымен таныса отырып оған бағы берумен қатар толықтай жұмыс жоспарын құрып беруі қажет. Өйткені жоспарсыз жасалған жұмыстың белгілі нәтижесі болмайды.
— Мұғалім өзі оқшымен бірге іздене отырып, сол жобаны іске асыру мақсатында мағлұматтарды, ақпараттарды қайдан алуға болатынын және оны қалай пайдалануға болатындығын үйретуге міндетті.
— Ақпараттық технология заманы болғандықтан,әсіресе ауылдық жерлерде үлкен ғылыми кітапханалардың болмауына байланысты мұғалім балаларға интернет көдерін пайдалана білуді үйрету керек және мұғалім өзі де ақпататтық технологияны жетік білуі тиіс. Егер оны мұғалім өзі білмесе не үйрете алмаса бала көп жағдайда интернет көзіндегі дайын материалдарды сұрыптамастан сол күйінде пайдалуы мүмкін. Бұл баланың ізденуге деген белсенділігін төмендетеді.

Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танаымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .

  • Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
    «Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2010.

  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы –Астана ,2004.

  2. Әбілқасымова А.Е. « Студенттердің іздемпаздығын қалыптастыру» Алматы ,1994

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.