Сабақтың мақсаты: денсаулық – өмір өзегі, салауатты өмір туралы түсініктерін кеңейту, адам өміріне зиянды әрекеттерден алыс болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
— салауатты өмір салты, денсаулыққа пайдалы және зиянды әрекеттер туралы түсініктерін кеңейту және білім беру.
— денсаулық туралы білімін, оған көзқарасын дамыту.
— Денсаулықты сақтауға, денсаулыққа пайдалы іс – әрекеттермен айналысуға тәрбиелеу.
Пайдаланатын құралдар: тақта, интерактивті тақта, компьютер және т.б.
Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбері:
- Музыка ойнап тұрады. (психологиялық тренинг: көңіл – күй нышандарын мимикамен
келтіру)
- Ассоциация «Салауаттылық». А) Салауаттылық
Ә) Денсаулық
Б) Жан мен тән
В) Гигиена
ІІ. Әңгімелесу (Ойланайық, пікірлесейік)
Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген әңгімелесу сұрақтарымен жұмыс жүргізіледі. Алдымен оқушыларға денсаулық және салауаттылық туралы слайдтар көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі. (слайд).
- Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
- Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсың?
- «Салауаттылық – өмір негізі» деген ойға көзқарасың қандай?
ІІІ. Жаңа ақпарат
Оқулықтағы сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту мақсатында жаңа ақпарат ұсынылған. Слайд және бейнефильм арқылы жаңа сабақты ашу.
IV. Мәтінмен жұмыс.
Мәтін оқушыларға топқа бөліну және корточкалар тарату арқылы ұйымдастырылады. - Оқулықтағы «Мәтінді оқу» айдарымен ұсынылған А.Самиғоллаұлының «Ойлан достым…» атты мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар мәтінді оқып, ондағы ой түйіндемелерін түсінуге тырысады. Мәтінді оқу барысында оқушылар денсаулыққа зиянды іс – әрекеттердің пайдасы қандай екенін оқып біледі.Мәтін бойынша төменде берілген сұрақтармен жұмыс жасалады:v Сендер Жангулдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
v Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіңдер?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өзіндік түйген ойын, пайымын, көзқарасын ортаға салады.
V. Бейнематериалдар көру. Оқушыларға интерактивті тақтадан «Салауаттылық – өмір негізі» атты тақырыпта бейне материалдар көрсетіледі. Көрсетілген бейнематериал арқылы оқушылар денсаулыққа пайдалы және зиянды іс – әрекеттер туралы өз пікірлерін айтады.
VІ. Шығармашылық жұмыс. - Ұлықпан Хәкімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетті талдап беріңдер.Біріншісі – ерте тұру, екіншісі – орта тазалығын сақтау, үшіншісі – дене шынықтыру, төртіншісі – үнемі денені таза ұстау, бесіншісі – үнемі сергек жүру, алтыншысы – артық тамақ ішпеу, жетіншісі – көп ұйықтап жалқау болмау.VIІ. Психологиялық тренинг
VIІІ. Дәйек сөз
Оқушылар жаңа тақырып бойынша дәйек сөз, нақыл сөздерін жазады. Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Т.Карлейль
ІХ. Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналып, сабақтан алған әсерлерін айтып, бір – біріне жақсы тілек, жылы сөз арнайды.
Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, Н.Сәрсенбаевтың өлеңі оқылды.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Жаныңның саулық рухын аман сақта.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.
Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,
Сол сенің жеткен жерің биік тауға.