Без рубрики

Біз осындай баламыз

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
Қауылжыр ауылы ГКС-12 орта мектебі
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

Сабақтың тақырыбы:Біз осындай баламыз
Сыныбы : 2
Мақсаты: «Өзін-өзі тану»адамгершілік құндылығы туралы  түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
-2 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;
-өзін және айналасын тануға деген қызығушылығын арттыру;
-ізгілікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар;үнтаспа,сюжетті суреттер;
Шаттық шеңбері.
-Қош келдіңіздер,балалар!Міне жазғы демалысымыз аяқталып,жаңа оқу жыды басталды.Балалар,енді сендер екінші сынып оқушысыңсыңдар.Ер жетіп,ақылдарыңа ақыл қостыңдар.Сендерді алда қызығы мен шаттығына,жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану»сабақтары күтіп тұр.Ол сабақтарда өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншілікиеріңді білетін боласыңдар,сондай-ақ адами қарым-қатынаста шыншылдықпен танылып,адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер.Табиғат перзенті,Отан ұланы екендеріңді мақтан тұтасыңдар.

-Қанеки ,дәстүрлі «Шаттық шеңберін»құрып,қол ұстасайық.Бір-бірімізге зор денсаулық,оқуда табыс,сенімді дос тілейік.Осындай жылы тілектерге толы шеңбер аясында бәріміз бірге қуанышпен ән салайық.

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Тапсырма. Оқушыларға суреттерге қарап «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Әңгімелесу.
Оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарына қызығушылықтарын арттырып,оларды танып білуге баулу мақсатында әңгімелесу әдісі қолданылады.

-Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
-Өзіңе,өзгеге ,табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
Жаңа ақпарат. «Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін,басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады.Сүйіспеншілік,отбасы,жақсылық ,достық,бақыт,білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады»
Мәтінмен жұмыс. «Өзіңді тану »
Тапсырма.Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтары туралы түсіәніктерін айтып береді.Олар  әдептілік,білім,қайырымдылық т.б.
Дәптермен жұмыс.
Жүректен жүрекке. «Біз бақытты балдырған»

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.