Жаңалықтар

Құрметті Ұстаздар! Біз Сіздер үшін қызмет етеміз !

Құрметті Ұстаздар! Сайтымыз жаңа серверде жұмысын бастады. Хабарландыруда жазғанымыздай күнделікті қолданушылардың саны 40 000 ға жетуі барлығымыз үшін үлкен жетістік. Бұйырса, сол жетістікті әрі қарай дамытып, 100 000 қолданушыға жеткізуге болады. Енді, сайтымыздағы жаңалықтармен нақтылап таныстырайын.

  1. Сайтқа, газетке материал жіберу үшін онлайн форма іске қосылды. Сол арқылы материалдарды жариялау жолы жеңілдеді. Маңызды ерекшелік, сайтқа материалдарды тікелей редакция почтасы арқылы, БАҚ ӨКІЛІ — 2014 ЖЫЛ арқылы, онлайн форма арқылы қабылдаймыз. Және сайтымызға сурет, презентация, материалдар жариялауға мүмкіндігі көбейді.
  2. Бұрыңғы сервердегі жинақталған 19 000 астам материалдарды жаңа серверге ауыстырып жатырмыз. Жақын арада толықтай ауыстырып және Google-Іздеу толықтай жұмысқа қосылады.
  3. Халықаралық Metodist.KZ ресурсына да материалдар Редакция арқылы қабылданады. Сертификатын да Редакциядан алуға мүмкіндік бар.
  4. Республикалық конкурс, Топтама жинақ жұмыстары да өз дәрежесінде жоспар бойынша жұмыстары атқарылуда. Жақында, бұйырса, Республикалық http://www.matritca.kz/ қоғамдық басылымымен бірлескен жаңа конкурсты да жариялаймыз.
  5. Құрметті Тілшілеріміз! Арнайы Сіздер үшін хабарлама. Редактормен хабарласып, басылымға материал жіберу жолын үйреніңіздер. Сонымен қатар, аумақтардағы жаңалықтар, іс-шаралар туралы материалдар жіберіңіздер. Ал, тілшілер тізімі тұрақты толықтырылып отырады. Барлық оқырмандарымызға Редакцияның тізіміндегі тілшілермен жұмыс жасаған тиімді екенін құлаққағыс етеміз. Біріншіден, сенімділік, тұрақтылық. Екіншіден Нақты жауапкершілік.
  6. Онлайн мектеп, интернет дүкен жобаларымыз да әзірленуде. Бұйырса, ғылыми-практикалық семинарларымыздың жұмыстары басталады.

Жалпы жұмыстар бойынша жағымды жаңалықтарымыз осындай. Бізбен бірге болғандарыңызға алғыс білдіремін. Шығармашылық сәттілік, отбасыларыңызға береке, бірлік тілеймін.

Біз Сіздер үшін қызмет етеміз !

Құрметті Ұстаздар! Біз Сіздер үшін қызмет етеміз !: 6 комментариев

  1. Сабақтарды қалай табам?мысалы қазақ тілінен өткен шақ дегенді ашайын десем, таппай жатырмын. Өтінем, көмектесіңіздерші

  2. Неге сурагыма жауап кайтармайсыздар? Сертификатка акша толеп едим енди сертификат кашан жибересиздер?! Сабак жоспарларында жибердим кыитанция да жибердим!

    1. Сәлеметсіз бе. Жауап міндетті түрде болады. Редакция жұмысының ұйымдастырылу ретіне байланысты материалдардың жариялануы, сертификаттардың әзірленуі мен адреске жіберілуі тұрақты жүргізілуде.

Добавить комментарий для Редакция Отменить ответ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.